38
факторлары жəне гидрологиялық режим. Бұл өзендердегі кейбір особьтардың Фультон мен Кларктың
көрсеткіштері бойынша да айырмашылықтар бар, Текес, Үшарал, Қызылағаш өзендерінде
Фультонның көрсеткіші, сəйкесінше, 0,68-ден 0,97; 0,94-тен 1,2; 0,97-ден 1,29-ға дейінгі арлықты
қамтыды. Ал, Кларк бойынша көрсеткіш, сəйкесінше, 0,47-ден 0,78-ге, 0,65-тен 1,0-ге, 0,77-ден 1,09-
ға дейінгі аралықты қамтыды. Мұндай айырмашылықтар, түрішілік бəсекелестіктің жəне қоректік
организмдердің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Жалпы сынамандағы омыртқалардың санының
ауытқуы 40 пен 44 аралығында болды. Омыртқалар метамерлі көрсеткіш, олардың саны тек қана
түрдің ерекшеліктеріне тəуелді емес.
Балықтардың қозғалысына байланысты, пластикалық көрсеткіштер: арқа, кеуде жəне құрсақ
қанатының орналасуы, құйрық қалақшасының ұзындығы аса көп ауытқуға ұшырамаған. Зерттеу
жүмыстарынан алынған нəтижелер теңбіл талма балығының түрлі мекен ету орталарына бейімделуге
қабілетті екенін көрсетті, сондықтан, оның мекен ету ареалының қысқаруының басты себебі бөгде
түрлерді жерсіндіру жұмыстарының жүргізілуі.
Ғылыми жетекші б.ғ.к, доцент Мамилов Н.Ш.
Достарыңызбен бөлісу: