«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Пәні Қазақ тілі



бет12/17
Дата09.05.2023
өлшемі1,42 Mb.
#91185
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
1

Берілген тақырыпқа қатысты өз көзқарасын дәлелді жеткізеді.

1

Жазбажұмысыныңжанрынсақтайды.

1

Ойынеркін, жүйеліжеткізеді.

1

Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.

1

Орфографиялықжәнеграмматикалықнормалардысақтайды

Барлығы

18




«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсанға арналған тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Орындау уақыты:40 минут
Сыныбы 4 « »
Мерзімі:
Аты-жөні----------------------------------------------------
ІІ нұсқа
1-тапсырма Мәтінді тыңда. Мәтіннен негізгі тірек сөздерді түртіп ал (6-7 сөз)
https://www.youtube.com/watch?v=4F1TN7MPVI0
Күн дегеніміз - жұлдыз, балқып қызған, керемет үлкен газды шар. Бүкіл Күн жүйесінде одан үлкен ештеңе жоқ. Егер біз Күннің үлкендігі қарбыздай деп есептесек, оның қатарына қойғанда ең үлкен планета Юпитер алмадай ғана, ал Жердің үлкендігі қарақаттың бір түйіріндей ғана болып шығар еді. Оның үстіне Күн керемет ауыр, барлық планеталарды қосып есептегеннен де ауыр. Сондықтан да оның тарту күші өте зор.
Оның тарту күші барлық планеталарды өз орбитасына ұстап тұрады, олардың шашылып, космос кеңістігіне тарап кетуіне жол бермейді.
Күннің осыншама ыстық болғаны тіпті тамаша. Онсыз біздің космостық ауылымыз - Күн жүйесінде әрі қараңғы, әрі суық ботар еді. Онсыз біздің ортақ, үйіміз Жерде де тіршілік болмас еді, яғни сені мен біз де болмас едік.
Күн үнемі мейірлі, шуақты болып тұрмайды. Кейде бізге белгісіз себептермен оның беті күңгірт дақтарға толып кетеді, оның терең қойнауларынан от-жалынды алып фонтондар атқылай бастайды. Ғалымдар мұны «протуберанцтер» деп атайды. Мұндай кезде Күн сәулесі аса қатерлі болады, алайда Жердің берік қорғанышы бар - ол қалың ауа, әйтпесе тіршілік атаулы тегіс жойылып кетер еді. Жерді қоршаған ауа қабаты - атмосфера кеселді сәулелерді өткізбейді, оны тіршілік шекарасы - көктің ең жоғарғы қабаттарында тұтып қалады. Әйтсе де Күннің «көңіл-күйі бұзылса», Жер оны бірден сезінеді. Күн бетіндегі шалқулар кезінде жердегі ауа райы өзгереді, магнит компастарының стрелкалары шайқалып, бағыттан ауытқи бастайды, радиобайланыс бұзылады. Бұл кездерде космосқа ұшу да, теңізде алыс сапарларға жүзу, аспанда ауа жолдарында самғау да қатерлі. Күннің бетінде не болып жатқанын білу - адамдар үшін өте маңызды іс. Сондықтан да ғалымдар бізге ең жақын жұлдыз Күнді үнемі бақылап отырады, оның мінез-құлқын зерттеп тануға тырысады.
Адамдар алыс қиырларға өз орнына әр түрлі автоматтарды көп жіберіп жүр, бірақ әзірге Күнді зерттеп білетіндей робот жасала қойған жоқ. Сондықтан әзірше алыстан ғана бақылауға тура келеді.

Тірек сөздер: ______________________________________________________________


Тірек сөздерді пайдаланып, мәтіннің мазмұнын айт. _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Күн жүйесі туралы тағы не білесің? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет