Эргономикалық жабдықтау – бұл жұмыстың әртүрлі сатысындағы адамдардың жоғары тиімділікпен жұмыс жасауына дұрыс жақсы жағдайлар жасау және сонымен қатар оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы.
Фармацевтикадағы ақпараттық жүйесі дәріханаларда тұтынушыларды автоматты түрде ақпараттандыруға, дәрілік заттардың интерактивті каталогтарын құруға, дәрілік заттарға сертификаттар беруді автоматтандыруға арналған.
Мәліметтер базасы – бұл белгілі салада сұраулары әртүрлі тұтынушылар үшін ақпараттар бар өзара байланысты материалдардың (электронды тасымалдағыштарда сақталатын) жиынтығы.
Дәрілік препараттар туралы мәліметтер базасында потенциалды тұтынушылар үшін ақпараттар болу керек: дәрігерлерге, фармацевтикалық ақпарат кабинеттерінің, бақылау-аналитикалық зертханалардың, дәріханалардың фармацевтеріне, сонымен бірге ғылыми қызметкерлерге. Және де мұндағы мәліметтер оларды орталықтан басқаруға ыңғайлы және оларды қолданатын бағдарламадан тәуелсіз болуы керек.
Дәрілік заттар бойынша автоматтандырылған ақпараттық-іздеу жүйелері (ААІЖ) – бұл техникалық құралдар ретінде ЭЕМ қолдана отырып осы процестерді жүзеге асыру үшін ақпаратты тілдердің, ақпаратты өңдеу, сақтау, іздеу және берудің жиынтығы. Қолдану деңгейі бойынша ААІЖ келесідей жіктеледі: жоғары (ұлттық), орта (салалық енмесе ведомствалық) және төменгі (локальды) – мекеме (кәсіпорын) деңгейі; қолдану бағыты бойынша – экономикалық-әкімшілік, технологиялық және ғылыми-ақпараттық; жұмыс істеу принциптері және мәліметтер базасының мазмұны бойынша – фактографиялық, құжаттық және біріктірілген.
Мәліметтерді пайдалану, толықтыру, модификациялау үшін ақпаратты тұтынушылар мәліметтер базасын басқару жүйесін (МББЖ) жасайды. Ол барлық сақталатын мәліметтерді орталықтан басқаруды қамтамасыз етеді, көптеген міндеттерді шешу кезінде оған қол жеткізуге мүмкіндік жасайды. Әрі қарай МББЖ мәліметтердің қайталануын және бір-біріне қарама-қарсы болуын болдырмайды, атап айтқанда мәліметтердің физикалық файлдарын оларға қол жеткізуді жүзеге асыратын бағдарламалардан бөледі. МББЖ мәліметтер базасын жасауды және жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасын құрудың негізгі этаптарына алдымен мәліметтердің концептуальды, сонан кейін логикалық және физикалық модельдерін жасау кіреді. Бұл жерде физикалық модель концептуальды және логикалық модельдерді машиналық тасымалдағыштарда жүзеге асырады.
Концептуальды модель, ақпараты мәліметтер базасына енгізілу жоспарланып отырған пәндік саланың құрылымы болып табылады. «Дәрілік заттар» пәндік саласының концептуальды ақпараттық моделі дәрігер (белгілі мамандықтың), фармацевт-технолог, фармацевт-аналитик сияқты ақпаратты тұтынушылардың локальды модельдерінен біріктіріледі. Концептуальды модельді құру үшін таңдалып алынған саланы жүйелік талдаумен бірге мамандардың ақпаратқа қа-жеттілігін зерттеудің дәстүрлі тәсілдері де қолданылады (анкеталау, интервью жүргізу, салалық құжаттарды зерттеу және т.б.).