Фармацевтикалық технология дегеніміз не? Фармацевтикалық технологияда қолданылатын терминдер. Фармацевтикалық технологияның дамуы?


Фармацевтикалық технология ғылым ретінде



бет3/3
Дата02.06.2023
өлшемі21 Kb.
#98147
1   2   3
Фармацевтикалық технология ғылым ретінде
Фармацевтикалық технология – дәрілік заттарды белгілі бір дәрілік формаға келтіріп, дәрілік препараттарға дейін өңдеудің өндірістік процесі және теориялық негіздері жайлы ғылым.
Фармацевтикалық технология фармацевтикалық ғылымның негізгі бөлігі болып табылады, ал ол дәрілік заттардың және препараттардың өндірісі, қасиеттері, сонымен қатар фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру және маркетинг туралы ғылым жүйесін құрайды.

Фармацевтикалық технологияның негізгі міндеттері:

  • жаңа дәрілік субстанциялар және препараттар өндірісінің әдістерін және де технологиялық негіздерін әзірлеу;

  • қазіргі дәрілік препараттарды әбден жетілдіру;

  • дәрі өндірісіндегі жаңа қосалқы заттарды іздеу, зерттеу және қолдану;

  • дәрілік заттардың, препараттардың, жартылай дайындалған өнімдердің және басқа өнімдердің тұрақтылығын зерттеу және жарамдылық мерзімін белгілеу;

  • технологиялық процестің тиімділігін зерттеу;


Фармация – дәрілік заттарды іздестіруге, жасауға, зерттеуге, стандарттауға, сақтауға және жіберуге бағытталған ғылыми бiлiмдер және тәжірбиелік қызмет жүйесі.
Дәрілік заттар өндірісі – дәрілік заттардың сапасын бақылаудың федералді органмен бекітілген, дәрілік заттар өндірісін және сапасын бақылауын ұйымдастыру ережелеріне сәйкес, дәрілік заттарды өндіру лицензиясы бар кәсіпорын – жасап шығарушылармен дәрілік заттарды сериялы алу.


Дәрілік заттар – биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу, жүктілікті болдырмау үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар.
Дәрілік формаларға қойылатын талаптар:


  • Дәрілік мақсатына сәкес келу, биоқолжетімділігі, сәйкес фармакокинетика

  • Дәрілік заттардың қосымша ингридиенттерде біркелкі таралуы немесе дозалау дәлдігі

  • Жарамдылық мерзімі ішінде тұрақтылық

  • Микробты контаминация нормаларына сәйкестігі, қабылдау ыңғайлығы, жарамсыз дәмді жою мүмкіндігі

  • Нормативті құжаттарда немесе МФ көрсетілген арнайы талаптарға сәйкес келу

  • Экстракциялаудың теориялық негіздері

    Экстракциялау (лат. extractіo – бөліп алу) – таңдап алынған еріткіштер көмегімен
    сұйық немесе қатты заттардан бір немесе бірнеше құраушыларын бөліп алу әдісі.

    Экстракциялық процесс жануарлардан алынатын шикізаттан алынатын көптеген
    препараттар технологиясының (гормондар,
    ферменттер
    препараттары, сондай-ақ
    шикізаттан жеке фармакологиялық белсенді заттарды (алкалоидтар, гликозидтер, 
    сапониндер және т.б.) негізінде жатыр.
    Экстракциялау келесі жүйелер-де өтуі мүмкін:
    қатты дене-сұйықтық.
    сұйық-сұйықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет