Белсенді эксперимент зерттеулердің нәтижелері бойынша модель құрылымын қосымша бағалауға мүмкіндік беретіндей бақылауларды жүргізудің ерекше программасын (жоспарды) көздейді.
Белсенді эксперименттің факторлары деп олар бойынша басқаруды жүргізуге болатын және олар модельді құруға қатысатын (хi) айнымалыларды атайды.
Факторлардың әрқайсысы деңгейлер деп аталатын түрлі мәндерді қабылдай алады. Тәжірибеде, деңгейлер саны – ол шексіз мөлшер немесе деңгейлердің үздіксіз қатары . Белсенді эксперимент теориясында бұл қатар дискреттеледі де, жеке деңгейлер таңдап алынады: .
Деңгейлердің бекітілген жиынтығы факторлардың күйі деп аталады.
Жоспар – барлық факторларды барлық деңгейлерде пайдалануға мүмкіндік беретін экспериментті жүргізу программасы. Егер жоспар факторлар мен деңгейлердің барлық мүмкін болатын терулерін қамтитын болса, ондай жоспар толық жоспар деп аталады.
Егер р – деңгейлердің жалпы саны; к – факторлардың саны болса, онда эксперименттің толық жоспары эксперименттердің келесі мөлшерін қамтиды:
ЭЖ әдістерінде кодталған (өлшемсіз) параметрлер пайдаланылады. Олар координаттардың басын нүктесіне - жоспар орталығына (негізгі деңгей) тасымалдағанға сәйкес.
, . (6.1)
осі бойынша фактор мәнін өзгерту аралығы келесі формула бойынша анықталады:
(6.2)
Физикалық (табиғи) айнымалылардан өлшемсіз координаталарына өту үшін:
(6.3),
өрнекті пайдаланады, ал қайтадан кері өту үшін
(6.4).
Мысалы, болсын, онда , , болғанда .
Толық факторлық экспериментте (ТФЭ) өлшемсіз айнымалылар үшін жоғары деңгей +1, ал төменгі –1 тең, жоспар орталығының координаттары нольге тең. Кейбір жоспарларда (төменірек қара) факторлардың өлшемсіз мәндері пайдаланылады, натурал координаталардағы оларға сәйкес мәндерді өрнегі бойынша табады.
Келтірілген мысалда α =1.4 болғанда, z1 = 150+1.4∙50 = 220oC
Координаттардың өлшемсіз жүйесін енгізу нәтижелерді қолмен өңдеуді жеңілдету үшін ғана енгізілгенін ескеру керек. Егер шешімді ідеу үшін (4.15) матрицалық теңдеуді пайдалансақ, онда бірден табиғи (физикалық) масштабта табылған коэффициенттермен шешімді аламыз.
Толық факторлық экспериментте (ТФЭ) факторлардың мәндерінің мүмкін болатын барлық терулерінде өзгертудің барлық деңгейлерінде тәжірибелерді жұргізу қамтамасыз етіледі, факторлардың тек +1 және –1 тең мәндері ғана қолданылады. ТФЭ тәжірибелердің қажетті саны:
N = (NДЕҢГЕЙЛЕР)K, (6.6)
NДЕҢГЕЙЛЕР = 2 жиі пайдаланады, онда тәжірибелердің қажетті саны 6.1 кестеде көрсетілген:
Кесте 6.1
тәжірибелердің қажетті саны