14 лекция Бапталатын адаптивті модельдермен идентификациялау әдістері Мақстаы: лекцияда келесі мәселелерді қарастырамыз: Бапталатын адаптивті модельдермен идентификациялау әдістері; динамикалық объектілердің адаптивті модель түрлері; параметрлер, сигналдар бойынша сызықты модельдер; адаптивті модельдерді қолданғандағы идентификациялаудың құрылымдық сұлбалары; кіріс сигналдың сипаттамалары мен баптау процесінің байланысы, параметрлерді баптаудың тәуелсіздік шарттары; модельді объектіге жақындату критерийлерінің түрлері; гипертұрақтылық критерийлері мен Ляпуновтың екінші әдісін қолдану арқылы модельдер мен аналогтарды баптау алгоритмдерін градиенттік әдістермен синтездеу; адаптивті модельдерді баптаудың синтезделген алгоритмдерін ықшамдау.
Тезистер Адаптивті басқару — басқару объектінің параметрлерінің немесе басқару объектісіне әсер тигізуші сыртқы ұйтқулардың өзгеруіне тәуелді реттегіштің параметрлерін немесе реттегіштің құрылымын өзгерту мүмкінді бар басқару жүйелерін синтездеуге мүмкіндік беретін басқару теория әдістерінің жиынтығы. Мұндай басқару жүйелері адаптивті деп аталады. Адаптивті басқару басқару теориясының көптеген қосымшаларында кең пайдаланылады.
Адаптивті жүйелерді классификациялау.Басқарушы құрылғыда орын алатын өзгерулердің сипаты бойынша адаптивті жүйелерді екі үлкен топқа жіктейді:
өзіндік бапталатын (реттегіш параметрлердің мәндері ғана өзгереді);
өзіндік ұйымдастырушы (реттегіштің құрылымы өзгертіледі).
Объектті зерттеу тәсілі бойынша жүйелер жіктеледі:
іздестіруші;
іздестірусіз.
Бірінші топта әсіресе экстремальды жүйелер танымал, олардың басқару мақсаты жүйені объекттің статикалық сипаттарының экстремум нүктесінде ұстап тұру болып табылады. Мұндай жүйелерде экстремумге қарай қозғалуды қамтамасыз ететін басқарушы әсерлерді анықтау үшін басқарушы сигналға іздестіруші сигналды қосады. Іздестірусіз адаптивті басқару жүйелері реттегіштің параметрлерін дәлірек баптау үшін ақпаратту алу тәсілі бойынша келесілерге жіктеледі:
эталондық моделі бар жүйелер (ЭМ);
идентификаторы бар жүйелер, әдебиетте әдетте оларды бапталатын моделі бар жүйелер деп атайды (БМ).
ЭМ бар адаптивті жүйелер қажетті сапаға ие болатын жүйенің динамикалық моделін қамтиды.
содержат динамическую модель системы, обладающую требуемым качеством. Идентификаторы бар адаптивті жүйелер басқару тәсілі бойынша келесілерге жіктеледі:
тікелей;
жанама (тікелей емес).
Жанамлық адаптивті басқаруда алдымен объект параметрлері бағаланады, одан кейін алынған бағалардың негізінде реттегіш параметрлерінің қажетті мәндері анықталады да оларды дәлірек баптау жасалады. Тікелей адаптивті басқаруда объект пен реттегіш параметрлерінің өзара байланысын ескеру арқасында реттегіш параметрлерін тікелей бағалау және дәлірек баптау орындалады, сондықтан объекттің параметрлерін идентификаттау кезеңі жойылады. Өзіндік баптау эффектіне қол жеткізу тәсілі бойынша моделі бар жүйелер келесілерге жіктеледі: