«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021



бет8/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68
Байланысты:
Лекции МХТП қаз

Аналитикалық модель деп белгілі бір математикалық аппаратты пайдалана отырып, теңдеу шешімін айқын түрде алуға мүмкіндік беретін жүйенің формаланған сипатталуын атайды.
Сандық модель нақтылы бастапқы шарттар мен модельдің сандық параметрлері үшін тек жеке сандық шешімдерін табуға мүмкіндік беретін тәелділікпен сипатталады.
Имитациялық модель — ол жүйенің сипатталуы мен сыртқы әсерлердің, жүйенің жұмыс жасау алгоритмдері немесе сыртқы және ішкі бөгет әсерлердің ықпалынан жүйе қалып-күйінің өзгеру ережелер жиынтығы. Бұл алгоритмдер мен ережелер аналитикалық және сандық шешудің математикалық әдістерін пайдалануға мүмкіндік бермейді, бырақ жүйенің жұмыс жасау үрдісін имитациялауға және қажетті сипаттамаларды өлшеуге мүмкіндік береді.
Олардың құрылымдық-функциональды ұйымдастырылуында көрінетін жүйелер мен объекттердің көп түрлілігі түрлі модельдер жиындарын пайдалануды анықтайды. Оларды келесілерге тәуелді классификациялауға болады:
1) зерттелетін жүйенің жұмыс жасау сипаттамасына:

  • детерминді, жұмыс жасауы детерминді шамалармен сипатталады;

  • стохастикалық немесе ықтималдық, жұмыс жасауы кездейсоқ шамалармен сипатталады.

2) зерттелетін жүйеде өтетін үрдістердің сипаттамасына:

  • үздіксіз, үрдістер уақыт бойынша үздіксіз ағады;

  • дискреттік, үрдістер уақыттың дискреттік моменттерінде өз күйлерін өзгертеді.

3) зерттелетін жүйе туралы бастапқы деректердің шынайлық дәрежесіне:

  • априорлы белгілі параметрлері бар;

  • параметрлері белгісіз.

4) жүйенің жұмыс жасау режиміне:

5) тағайындалуына:

  • жүйенің құрамы мен құрылымын бейнелейтін статикалық немесе құрылымдық;

  • жүйенің уақыт барысында жұмыс жасауын бейнелейтін динамикалық немесе функциональдық;

  • зерттелетін жүйенің құрылымдық және жұмыс жасау ерекшеліктерін бейнелейтін құрылымдық-функциональды.

6) бейнелеу (сипаттау) және жүзеге асыру тәсіліне:

  • концептуальдық немесе мазмұндық, зерттелетін жүйенің құрылымды-функциональдық ұйымдастырылуының ең маңызды ерекшеліктерін сипаттау (ең қарапайым жағдайда сөзбен сипаттау);

  • физикалық немесе материальдық – оригиналға эквивалентты немесе ұқсама модельдер (макеттер) немесе олардың жұмыс жасау үрдісі оригиналдағыдай және физикалық табиғаты сондай немесе басқа;

  • математикалық немесе абстрактілі, абстрактілі тіл көмегімен, жеке жағдайда, жүйенің жұмыс жасау үрдісін бейнелейтін математикалық қатынастар көмегімен жүйенің формаланған сипатталуы;

  • программалық (алгоритмдік, компьютерлік), ЕТ құралдарын пайдалануға негізделген және әдетте программалық кешен болып табылатын және имитациялау немесе зерттелетін объектті сипаттайтын математикалық тәуелділіктерді графикалық бейнелеу арқылы зерттелетін объектті көрнекі және эффекттілі бейнелеуге мүмкіндік береді.

Бұдан ары негізгі назар күрделі техникалық жүйелерді зерттеуде кең пайдаланылатын математикалық модельдеуге аударылады.
Бірдей бір объекттерді күрделілігі бойынша әртүрлі математикалық модельдермен сипаттауға болады. Бұл кезде таңдаудың негізгі критериі оның зерттелетін объектке адекваттылығы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет