«Фармация» мамандығы 0306013 «Фармацевт» біліктілігіне арналған оқу жұмыс бағдарламасы 2019 жылдың мжмбс негізінде әзірленген


«Саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану» пәнін оқытудағы басты мақсат



бет2/9
Дата14.10.2023
өлшемі55,02 Kb.
#115149
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
«Саясаттану, әлеуметтану және мәдениеттану» пәнін оқытудағы басты мақсат:
- білім алушыларға саяси қажеттіліктерді мемлекет тарапында іске асырудың жолдарын, әдістерін әр қоғамда қалай қалыптасып, дамуы туралы түсінік беру;
- ұлтжандылықты қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды жауапкершілікпен сезінуге тәрбиелеу;
Пәннің негізгі мақсаты білім алушылардың әлеуметтік және саяси проблемаларды, олардың пайда көздерін және ықтимал шешімдерінен хабардар етіп,саяси санасын қалыптастыру.Саяси сана- өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін,оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер,түсініктер,көзқарастар жиынтығы.Саясаттану бізге мемлекеттік және құқықтық институттардың ұйымдастыру және дамыту бірлігін, адам дамуының рөлін түсінуге мүмкіндік береді.Саясаттануды оқудың тиімділігі студенттердің патриоттық деңгейін арттырады;табысты жұмыс істеп,демократиялық саяси жүйеде өздерінің жеке әлеуетін іске асыра алады.
- білім алушыларға саяси қажеттіліктерді мемлекет тарапында іске асырудың жолдарын, әдістерін әр қоғамда қалай қалыптасып, дамуы туралы түсінік беру;
- ұлтжандылықты қоғам мен мемлекет алдындағы азаматтық парызды жауапкершілікпен сезінуге тәрбиелеу;
Пәннің мақсаты мен мазмұны-мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін,қазақ халқының бай мәдени мұрасын оқып үйрену арқылы білім алушылардың білімдік дағдыларын дамыту болып табылады.
Мәдениеттану ғылымы бойынша қалыптасқан құндылықтарды жаңа заман талабына сай айқындау,бүкіләлемдік өркениет пен мәдениеттің жетістіктеріне қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің қосқан үлесін көрсету,этномәдениеттің типтік ерекшеліктерін анықтау,көне мәдениет белгілерін қайта жаңғырту мәселелері қарастырылады.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
1. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық-саяси жағдайда еркін бағдар ұстауға;
2. Ішкі-сыртқы саясаттану мәселелерінің қилы құбылыстарын жете ұғынуға;
3. Жалпы халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйрену;
Бағдарламаның негізгі мазмұны саясаттану пәні, оның пайда болуы,қалыптасуы, қоғамдағы орны, қоғамдық ғылымдармен байланысын, саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері,демократия туралы ұғым және оның белгілері,саяси жүйе, саяси партиялар мен қозғалыстар, саяси мәдениет, саяси даму және саяси бейімделу, жаңаша саяси ойлау тақырыптары төңірегінде білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге негізделіп құрастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет