Білім алушылардың біліміне қойылатын талаптар: - саясаттанудың мазмұндық желісі бойынша термин сөздердің мағанасын білуі;
- саяси оқиғаларға, саяси партиялар мен бірлестіктерге сипаттама беру
- саяси оқиғаларды, процесстерді кезеңмен , заңмен салыстыра білуі;
- саяси оқиғаларға берілген түрліше көзқарастарды салыстыру, өз пікірін дәлелдей білуі;
- қоғамдық-саяси әдебиеттермен, мерзімді баспа сөзбен материалдарымен жұмыс істей білу, сын көзбен талдау, әр түрлі дерек көздерінің материалдарын салыстыру, өз пікірін дәлелдей білуі;
-лекция, реферат, баяндама жасауға дағдылану.
Оқу жұмыс бағдарламада білім берудің сапасын көтеру мақсатында тақырыптар бойынша кестелер, тестілер, бейнетаспалар. Көрнекі құралдар пәнді игеру деңгейін жоғарылатып, дәрістік дайындықтың сапасын көтеріп, медицинаны оқытудың алғашқы кезеңінде болашақ мамандығына қызығушылық тудырады. Оқу барысында оқытудың жоспарланған нәтижесі бойынша 0306013 «Фармацевт» мамандықтары бойынша емтихан алынады.
Оқытудағы міндеттері: Бағдарламаның негізгі мазмұны саясаттану пәні, оның пайда болуы, қалыптасуы, қоғамдағы орны, қоғамдық ғылымдармен байланысын, саяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері, демократия туралы ұғым және оның белгілері, саяси жүйе, саяси партиялар мен қозғалыстар, саяси мәдениет, саяси даму және саяси бейімделу, жаңаша саяси ойлау тақырыптары төңірегінде білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге негізделіп құрастырылған.
Қалыптастырылатын құзіреттілік:
Пәнді окып білудің нәтижесінде білім алушы құзыреттіліктерге ие болады:
Базалық құзыреттіліктер
БҚ - 1. Оқыту. Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды.
БҚ – 2. Этика және кәсіпқойлық. Жедел медициналық көмек көрсету барысында пациенттермен, олардың отбасыларымен, әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейімділігін көрсетеді.