Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары



бет8/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Талшықтық өсімдіктер.

Талшықтық өсімдіктердің жабайы немесе мәдени түрде


кездесетін түрлерінің жер беті мүшелерінен (сабағынан, жапырағынан немесе тұқымының сыртқы қабығының өсіндісінен-мақта) алынатын тін талшықтары өнеркәсіпте әртүрлі маталар дайындауда шикізат көзі ретінде пайдаланылады.
Талшықтық өсімдіктердің негізгі шикізат көзі олардың сабағының қабық бөлімі болып есептеледі. Себебі олардың сабағының қабық бөлімінде механикалық ұлпа - тін талшығы немесе склеренхима шоғырланады. Өсімдіктердің түріне қарай тін талшықтарының ұзындығы және сапасы әртүрлі болып келеді.
Әдеби деректер бойынша алғашқы қауымда өмір сүрген адамдар негізінен тек қана жабайы түрде өсетін өсімдіктердің сабағын немесе кең алақанды жапырақтарын киім ретінде пайдаланған.
Олардың дәлелі ретінде Полинезия аралдарында аңдар мен малдары жоқ адамдар бүгінгі күнге дейін осындай киіммен жүр. Испанияның оңтүстігіндегі үңгірлерден тас ғасырдағы киімдердің қалдығы (дрок өсімдігінің талшықтарынан дайындалған) табылған, оларды кейіннен шопандар пайдаланған.
Африкада киімдерді пальма жапырағынан дайындаған, ал Щвейцарияда жөкенің тін талшығынан маталар тоқыған. Б.э.д. 500 жыл бұрын Индияда мақтаны пайдалана бастаған, ал зығыр Алдыңғы Азияда б.э.д. 4000 жыл бұрын, Египетте б.э.д. 2400-2200 жыл бұрын кеңінен қолданыла бастаған.
Мақта Иран арқылы Египетке өтіп, Қытайға әкелінген. 1917-1941 жылдары зерттеушілер талшықтық өсімдіктерге назар аудара бастаған. Сәндік талшықтық өсімдіктер туралы 19 ғасырда көптеп жазылған. Бірақ та өндірісте бұл өсімдіктер зерттеліп, пайдаланылмаған.
Бұған мысал ретінде ласточникті айтуға болады. Бұл өсімдік Европаға Солтүстік Америкадан 17 ғасырдың басында әкелінсе де, Ресейде 19 ғасырдың екінші жартысында ғана назар аударған. Қалақай өсімдігіне 18 ғасырда қызығушылық туып, кейбір халықтар (батыс сібір хантылары, нивхалар және т.б.) оның талшығынан жіптер, аулар мен қамшылар жасаған.
Кендір өсімдігі Талшықтық мақсатта Түркістанда пайдаланылған. Жергілікті тұрғындар одан тоқыма жіптері мен жіптер дайындаған. Кендірді пайдалану туралы алғашқы зерттеу жұмыстарын Г. Зельгеймнің (1870 ж.) кітапшаларынан көруге болады.
Бұл салаға орасан зор үлес қосқан Бүкіләлемдік өсімдіктану институтының (БӨИ) қызметкерлерін бастаған Н.И. Вавилов, Е.В. Вульф, П.М. Жуков, М.Г. Попов. 1934 жылы Ленинград қаласындағы ССР ҒА Ботаника институтында ғалым Б.Н. Кропотов басқарған өсімдіктер ресурсы бөлімі ашылған.
Бұл бөлім талшықтық өсімдіктерді іздестіру жұмыстарымен айналысқан да, арнайы технологиялық зертхана ашқан. Бөлім осындай зертханаларды басқа республикаларда: Әзірбайжан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан (Н.В. Павлов, В.П. Михайлова), Сібір, Қиыр Шығыс пен Украинада ашылуына ат салысқан.
Талшықтық өсімдіктердің топтарына сипаттама.
Жабайы түрде кездесетін негізгі талшықтық өсімдіктерге мыналар жатады: зығыр, қарасора, жұт, кендір, бұйдакендір. Бұлардың негізінен шикізат көзі алынатын мүшесі – сабағы.
Сол сияқты шикізат көзі жемісі болып есептелетін өсімдікке мақта жатады. Ал жапырағынан талшық алынатын өсімдіктер: агава, жаңа зеландия зығыры немесе тоқыма бананы. Бұл өсімдіктердің талшықтарынан тоқыма жіптерін дайындап, маталар тоқиды.
Өсімдіктерден басқа талшықтарды жануарлардан да (жүні), насекомдардан да алуға болады. Мысалы, тұт ағашы жібек құрты мен емен жібек құрты (жібек).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет