7 Серетидтің құрамына кіреді?: сальметерол + флутиказон!
будесонид + формотерол!
фенотерол+ атровент!
кромогликат натрий+ фенотерол!
будесонид + сальметерол!
Формотерол+кромогликат натрий!
8 СЖЖ кезінде өмір сүру ұзақтығын арттыру үшін қолданылады?:
нейрогормоналды препараттар!
диуретиктер!
вазодилататорлар!
оң инотропты препараттар!
9Павлов Микстурасы құрамында мына заттардан тұратын кешенді препарат болып табылады?:
кофеин-натрий бензоаты - 0,2 г, натрий бромиді - 0,2 г, тазартылған су - 200 мл!
калий йодиді-0,2 г, натрий бромиді - 0,2 г, тазартылған су-200 мл!
термопсис шөбінің тұндырмасы-0,5 г, натрий бромиді-0,2 г, тазартылған су - 200 мл!
трипсин - 10 г, натрий бромиді - 0,2 г, тазартылған су-200 мл!
кромолин-натрий 0,5 г, натрий бромиді - 0,2 г, тазартылған су-200 мл!
10 Құрамында фосфолипидті фракциялар бар беттік-белсенді зат?: Куросурф!
Экзосурф!
Колфосцерил пальмитаты!
Сюрванта!
Альвеофакт!
11 Экзосурфты енгізу жолдары?: эндотрахеалды!
бұлшықетке!
вена ішіне!
тері астына!
per os!
12 Жедел респираторлық инфекцияға байланысты 13 жастағы бала 1 г аспирин қабылдады. Эуфиллинмен басылған тыныс шығарудың қиындауымен тұншығу сезімі пайда болды. Аллергоанамнез қалыпты. Бұрын мұрын полипозына байланысты екі рет операция жасалған.
Диагноз қойыңыз?
Аспирин демікпесі!
Атопиялық бронх демікпесі!
Инфекциялық-аллергиялық бронх демікпесі!
Физикалық күш демікпесі!
Симптоматикалық бронхоспазм!
13 Қыз бала, 13 жаста. Күндізгі күнделіуті тыныс алудың қиындау ұстамаларына, физикалық белсенділікке төзімділіктің төмендеуіне шағымданады. Тынысы ысқырықты, қашықтықта естіледі, дем шығару ұзартылған. Тыныс алу жиілігі минутына 34. Өкпенің үстінде қораптық дыбыс, аускультативті түрде өкпенің барлық бетінде құрғақ ысқырықты және ылғалды сырылдар естіледі. Спирограммада 1 секундта форсирленген тыныс алу көлемі - 70%. Қандай препаратты тағайындау оңтайлы?
Беклометазон 100мкг күніне 2 рет!
Аминофиллин тәулігіне 150 мг!
Преднизолон тәулігіне 0,2 мг / кг!
Салбутамол 100мкг күніне 4 рет 1 доза!
Теопэк 300мг күніне 1 рет!
14 38 жастағы ер адам емханаға қақырықпен жөтелу, дене қызуының 38С дейін көтерілуі, іштің кебуі, жүрек айну шағымдарымен жүгінді. Анамнезден: созылмалы панкреатит, холецистит. 2 жыл бұрын бензилпенициллин натрий тұзын енгізу кезінде Квинке ісінуі дамыған.Терапевт цефуроксим б/етке, мелбек б/етке, церукал б/етке, креон, лазолван тағайындады. Емдеудің 3-ші күні пациент денесінде қышумен сипатталатын есекжем түріндегі бөртпелерді байқаған. Төмендегі қай препаратқа аталған реакция дамыған?
цефуроксим!
мелбек!
церукал!
креон!
лазолван!
15 23 жастағы ер адам жөтелге, дене қызуының көтерілуіне шағымданды. Дәрігер ампициллинді б/етке тағайындады, алғашқы енгізуден кейін пациент күрт әлсіздік сезінді, АҚ 60/30 мм рт ст, ЖЖЖ 120 мин. Осы жағдайды бағалаңыз. Ең ықтимал нұсқаны көрсетіңіз.
шынайы аллергиялық реакция!
уытты әсер!
тікелей қолайсыз фармакодинамикалық әсер!
жанама жағымсыз фармакодинамикалық әсер!
идиосинкразия!
16 Науқас с., 22 жаста, аурудың 2-ші күнінде жедел ортаңғы бөліктік пневмониямен бөлімшеге түсті. Фондық жағдай-жүктіліктің 33 апта. Қақырықты себу кезінде клебсиелла, гемофильді таяқша, стрептококк өсуі байқалды. Бактерияға қарсы спектріне және жүктілік кезінде тағайындау мүмкіндігіне сәйкес таңдаңыз препарат тағайындаңыз:
амоксициллин / клавуланат(амоксиклав) !
доксициклин!
пенициллин!
левофлоксацин!
амикацин!
17 34 жастағы әйел қақырықпен жөтелге, дене температурасының 38С - ге дейін көтерілуіне шағымданды. Объективті қарау кезінде өкпенің оң жақтағы төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. ОАК-да тексеру кезінде лейкоциттер 12,6х10*9/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Бактерияға қарсы препараттарды тағайындағаннан кейін дәрігер науқастың жағдайын қашан бақылауы керек?Ең ықтимал кезеңді көрсетіңіз:
Бактерияға қарсы ем басталғаннан бастап 48-72 сағат!
Бактерияға қарсы ем басталғаннан бастап 2-3 сағат!
Бактерияға қарсы ем басталғаннан бастап 12-24 сағат!
Бактерияға қарсы ем басталғаннан бастап 24-36 сағат!
Бактерияға қарсы ем басталғаннан бастап 96-120 сағат!
18 38 жастағы ер адам емханаға қақырықпен жөтелу, дене қызуының 38С дейін көтерілуі, іштің кебуі, жүрек айну шағымдарымен жүгінді. Анамнезден: созылмалы панкреатит, холецистит. 2 жыл бұрын бензилпенициллин натрий тұзын енгізу кезінде Квинке ісінуі дамыған.Терапевт цефуроксим б/етке, мелбек б/етке, церукал б/етке, креон, лазолван тағайындады. Емдеудің 3-ші күні пациент денесінде қышумен сипатталатын есекжем түріндегі бөртпелерді байқаған. Төмендегі қай препаратқа аталған реакция дамыған?
цефуроксим!
мелбек!
церукал!
креон!
лазолван!
19 Науқас Л., 37 жаста, оң өкпенің ортаңғы бөлігіндегі жедел бактериалды пневмонияға байланысты ауруханада ем қаьылдап жатыр. Ол 2 күн бұрын жедел ауырған: қалтырау, дене температурасының 39,9° с дейін көтерілуі байқалған. Келесі күні құрғақ жөтел, кеуденің оң жақ бөлігінде ауырсыну пайда болған. Дене қызуы 38-39,3 °C аралығында ұсталып тұрған. Бөлімшеде түсудің бірінші күнінен бастап әр 6 сағат сайын 1 миллион Ә/М бірліктен пенициллин тағайындалды. Емдеудің 4-ші күнінде жағдай біршама жақсарды, бірақ температура 37,8-38,5°C аралығында ұсталып тұрған, шырышты-іріңді қан аралас жөтел, әлсіздік болған. Қақырықта пенициллинге сезімтал пневмококк және пенициллинге аз сезімтал стафилококк анықталған. Қан сарысуындағы пенициллиннің концентрациясы-0,08 ӘБ/мл (препаратты кезекті инъекциядан кейін 5,5 сағаттан кейін).
Қан сарысуындағы пенициллиннің қажетті емдік концентрациясын алу үшін:
Бензилпенициллиннің бір реттік дозасын 1 500 000 ӘБ дейін және енгізу жиілігін тәулігіне 6 ретке дейін арттыру!
Енгізу жиілігін 3 есеге дейін төмендету, себебі препараттың тым жоғары концентрациясына қол жеткізілді!
Препараттың тәуліктік дозасын 3 000 000 ӘБ / м дейін арттыру!
Препараттың тәуліктік дозасын 3 000 000 ӘБ/м дейін арттыру енгізу жиілігін тәулігіне 8 ретке дейін арттыру!
Бензилпенициллиннің бір реттік дозасын арттырмай, енгізу жиілігін тәулігіне 6 ретке дейін арттыру!
20 Науқас 25 жаста. Жүктіліктің 12 аптасы. Оң жақтық жоғарғы бөлігінде локализацияланған, орташа ауырлықтағы, аралас (Mycoplasma pneumoniae+ Chlamydophila pneumoniae) этиологиясы бар ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I. ҚР ДСМ (04.2013) клиникалық хаттамасына сәйкес осы клиникалық жағдайда ұтымды фармакотерапияның негізін қандай препарат құрайды?
спирамицин!
амоксициллин / клавулан қышқылы!
тетрациклин!
доксициклин!
метронидазол!
21 Е. есімді 32 жастағы науқаста иммундытапшылық фонында кандидозды пневмония дамыды. Қандай саңырауқұлаққа қарсы препараттарды тағайындау осы клиникалық жағдайда стандартты терапия ретінде ең қолайлы?
триазолдар!
аллиламиндер!
эхинокандиндер!
полиена!
имидазол туындылары!
22 65 жастағы науқас стационарда сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы, бактериалды этиологиялы (Р.aeruginosa), орташа ауырлықты, ТЖ 1 диагнозымен ем қабылдауда. Осы клиникалық жағдайда ұтымды фармакотерапияның негізін қандай препарат құрайды?
цефепим 2 г тәулігіне 2 рет!
спирамицин 1,5 млн ХБ тәулігіне 3 рет!
кларитромицин 0,5 г тәулігіне 2 рет!
метронидазол 0,5 г тәулігіне 3 рет!
левофлоксацин 0,5 г тәулігіне 1 рет!
23 Бронходиляторлы препаратты ингаляциялық түрде бақылаусыз қабылдау аясында науқаста "рикошет синдромы"бронх өткізгіштігінің күрт нашарлауы байқалды. Осы клиникалық жағдайда қандай препаратты қабылдау осы жанама әсердің дамуына себепкер болуы мүмкін?
сальбутамол!
теофиллин!
беклометазон!
кромоглиций қышқылы!
зафирлукаст!
24 Бронх демікпесі, аралас түрі, персистирлеуші ағым, орташа ауырлықта, өршу фазасы, ТЖ II диагнозымен 45 жастағы А.есімді науқаста емдеу фонында аузында құрғақтық пен күйдіру сезімі, тамақтың қыжылы секілді қосымша шағымдар пайда болды. Тексеру кезінде- ауыз қуысының шырышты қабаты гиперемияланған, ақшыл бөртпелер бар. Қандай препаратты қолдану осы клиникалық жағдайда жағымсыз жанама әсердің дамуына себепкер болуы мүмкін?
флутиказона пропионата!
сальбутамола!
салметерола!
теофиллин!
ипратропия бромиді!
25 Науқаста ӨСОА, жеңіл дәрежесі, ремиссия фазасы, ТЖ I. Осы клиникалық жағдайда дәрі-дәрмектердің қай тобын тағайындау ең ұтымды?
қысқа әсер ететін β2- адреномиметиктер!
лейкотриенді рецепторлардың блокаторлары!
ұзақ әсер ететін β2-адреномиметиктер!
ингаляциялық глюкокортикостероидтар!
М-холинолитиктер!
26 35 жастағы В.есімді нақасқа Бронх демікпесі, аралас түрі, орташа ауырлық дәрежесі, персистирлеуші ағым, ДН II диагнозымен ингаляциялық глюкокортикостероидпен қатар β2-адреномиметиктер тобынан препарат тағайындалды. Осы топтардың препараттарын бір уақытта қолданғанда қандай әсер дамиды?
потенциалдау!
антагонизм!
суммация!
сенсация!
аддитивті әсер!
27 Емханаға 46 жастағы ер адам дене қызуының көтерілуіне, қақырықпен жөтелге шағымданды. Анамнезден созылмалы бүйрек ауруы. Дәрігер цефалоспориндер тобынан бактерияға қарсы препаратты тағайындауды жоспарлап отыр. Цефалоспоринді антибиотиктердің ең нефротоксикалық түрін көрсетіңіз:
цефалоридин!
цефамандол!
цефуроксим!
цефотетан!
цефтазидим!
28 Операция алдында 46 жастағы науқасқа препарат тағайындалды: анальгетикалық белсенділік пен тыныс алуды бәсеңдету қабілеті бойынша морфиннен асып түседі. Қысқа мерзімге қолданылады. Нейролептанальгезия үшін қолданылады. Ең ықтимал нұсқаны көрсетіңіз:
фентанил!
бупренорфин!
промедол!
трамадол!
анальгин!
29 32 жастағы ер адам емханаға іріңді қақырықты жөтелге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданған. Пероральді антибактериалды препарат тағайындалды. 4 күн қабылдағаннан кейін науқастың жағдайы жақсарды, қызуы тоқтады. Науқас қабылдаған ең ықтимал препаратты көрсетіңіз:
амоксициллин!
бензилпенициллин!
феноксиметилпенициллин!
карбенициллин!
ампициллин!
30 36 жастағы ер адам емханаға қақырықты жөтелге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне шағымданып келді. Антибактериалды мақсатта пневмококкқа қатысты белсенді фторхинолон тағайындалды, ішке қабылдау кезінде биожетімділігі 100%, жартылай шығарылу кезеңі 6-8 сағат, күніне 1 рет 500 мг дозада тағайындалады. Ең ықтимал нұсқаны көрсетіңіз:
левофлоксацин!
офлоксацин!
ципрофлоксацин!
пефлоксацин!
ломефлоксацин!
31 36 жастағы әйел емханаға қақырықты жөтелге, дене қызуының 38С дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымдарымен келді. Анамнезінен: өзін 8 жылдан бері аурумын деп есептейді. Бұл жағдай суықтанудан кейін кейін 5 күн ішінде пайда болған. 5 жыл бойы қант диабетімен ауырады. №9 диетаны сақтайды. Осы жағдайда ЕҢ қолайлы препаратты көрсетіңіз:
амоксициллин табл!
ампициллин табл!
цефуроксим аксетил б/етке!
цефепим б/етке!
ципрофлоксацин табл!
32 Қабылдау бөліміне 48 жастағы ер адам аллергенмен (тозаңмен) байланысқаннан кейін пайда болатын тұншығу ұстамаларына шағымданып келді. Анамнезден: 10 жыл бойы бронх демікпесінен зардап шегеді, сальбутамол ингаляторын, серетидті қолданады. Бір ай ішінде жағдайының нашарлауы байқалған. Осыдан кейінгі тактика үшін ең тиімді нұсқаны көрсетіңіз:
ИГКС төмен дозалары + ұзақ әсерлі бета2-агонистер!
ИГКС төмен дозалары + қысқа әсерлі бета2-агонистер!
ИГКС орташа дозаларымен монотерапия!
ИГКС төмен дозалары + антилейкотриендер!
ИГКС төмен дозалары + баяу босатылатын теофиллин!
33 Науқас А. 20 жаста. 400 мкг дозадағы будесонидпен бақыланатын аллергиялық ринитпен және бронх демікпесімен ауырады. Тұншығу ұстамалары айына 1-2 рет мазалайды, ингаляция түріндегі сальбутамолмен оңай басылады (200 мкг). Соңғы екі аптада аллергиялық риниттің өршуі аясында шабуылдар аптасына 2 ретке дейін жиілеп кетті.Бұл жағдайда емдеу тактикасының ең қолайлы нұсқасын көрсетіңіз:
будесонид дозасын жоғарылату және антигистаминды препараттар тағайындау!
антигистаминды препараттарды қосу!
будесонид қабылдауын тоқтатып, антилейкотриенды препараттар тағайындау!
будесонид дозасын қосу!
будесонид дозасын төмендету және антигистаминды препараттар тағайындау!
34 34 жастағы әйел жөтелге байланысты қандай да бір препаратты өздігінен қабылдады, ащы болмас үшін ол препаратты сүтпен ішті. 5 күн өткеннен кейін ешқандай әсер болған жоқ, жөтел сақталып тұр, дене температурасының жоғарылауы байқалады. Әйел қабылдаған ең ықтимал препаратты көрсетіңіз.
фторхинолондар!
пенициллиндер!
цефалоспориндер!
макролидтар!
гликопептидтер!
35 37 жастағы әйел күніне 5-6 ретке дейін, көбінесе түнде дамитын демікпе ұстамасына шағымданды. Объективті қарау кезінде өкпесінде везикулярлы тыныс әлсіреген, барлық бөлігінде сырылдар естіледі. ТЖ 22 мин. АҚ 100/60 мм сын.бағ Жүрек соғу жиілігі 100/мин. Анамнезінен: 3 жылдан бері аурумын деп есептейді, шөптердің гүлдену кезінде өршу байқалады.
36 Төменде аталған препараттардың ішінен қайтымсыз бронх обструкциясының дамуын болдырмайтын ЕҢ ықтималды препараттар тобын көрсетіңіз:
ингаляциялық глюкокортикостероидтар!
лейкотриендер!
кромандар!
ұзақ әсер ететін бета2-агонистер!
омализумаб!