Тыныс алу қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс.
-
Тыныс алу қызметі бұзылуы кезіндегі клиникалық симптомдарды;
-
Тыныс алу қызметі бұзылуының көріністері: демікпе, тұншығу, жөтел (құрғақ, қақырық
бөлінуімен), кеуде сарайының ауруы, қан қақыру, өкпеден қан кету жағдайлары туралы түсінікті;
-
Оксигенотерапия туралы түсінік. Көрсеткіштерін.
Мейірбеке істей білуі керек:
-
Науқастың жағдайын жеңілдететін жағдай жасауды;
-
Науқасқа ылғалды оттегімен ингаляция откізу немесе таза ауа келуін қамтамасыз етуді;
-
Қалталы ингалятор және жеке түкіргіш ыдыспен қамтамасыз етуді;
-
Қарапайым физиотерапиялық процедураларды (банкалар, қышалар, компресс, аяққа ыстық
ванналар) орындауды;
-
Ингаляцияларды (майлы, эвкалитпен, балмен) жасау техникасын;
-
Қалпына қарай дренаж
жасауды откізу техникасын;
-
Қақырықты көзбен қарауды;
-
Оксигенотерапия өткізу әдісіні;
-
Процедура өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасын;
-
Құралдарды тазартуды.
Кеуде торының ауруы
-
көбінесе плевра қабатының қабынуында пайда болады.
Бұл жағдай: құрғақ плеврит, крупты пневмония, өкпе инфарктында, өкпенің обырында, кеуде
торының жарақаттануында, пневмоторакс, қабырға сынғанда кездеседі. Кеуде торындағы аурулар
терең және беткейлік болып екіге бөлінеді.
Беткейлік аурулар көбінесе қабырғалар сынғанда, қабырғааралық невролгия кезінде де кездесуі
мүмкін. Терең аурулар плевралық аурулар деп те аталады. Плевралық аурулар: терең дем
алғанда, жөтелгенде, физикалық күш түскенде пайда болады. Қабырғааралық невролгиялық
ауруларына қарағанда, осы жерлерге пальпация жасағанда ауру болмайды. Кейде кеуде торында
пайда болатын аурулар өте күшті, ұзақ жөтелуден де болуы мүмкін.
Кеудедегі ауырсыну пайда болғанда:
·Дәрігерге айту
·Науқасты тыныштандырып, ыңғайлы қалыпқа жатуға көмектесу
·Науқасқа үстірт демалуды тағайындаңыз
·Дәрігердің нұсқауы бойынша жөтелуге қарсы және ауырсынуды басатын дәрі
-
дәрмектерді беру
·Жөтелуді басу үшін кодеин 0,015 г, дионин 0,02 беру керек
·Ауырсынуды басу үшін диклофенак, пипольфен, баралгин егу керек.
2) Ентігу
деп дем алу жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуын атаймыз.Ентігудің 3 түрі бар:
-
инспирациялық ентігу кезінде
-
дем алу, Бұл ауа жолында бөгде зат болғанда, дифтерия немесе
көмей тұсында ісік болғанда кездеседі.
-
экспирациялық ентігу кезінде
-
дем шығару, (демікпе, эмфизема, созылмалы бронхиттер).
-
аралас ентігу кезінде
-
дем алу да, дем шығару да қиындайды. пневмония, пневмоторакс).
·Көмек:
Науқасты төсекке отырғызып жатқызыңыз
·Қысып тұрған киімдерді босатыңыз
·Палатада тыныштық орнатыңыз
·Науқасты тыныштандырыңыз
·Оттегін беріңіз: мұрын каттері мен аппарат Боброва арқылы
3) Демігу
-
бұл өте күшті ентігудің ең биік шыңы, бірден басталады. Ұстама түрінде жүретін ентігуді
астма деп атайды.Астманың бірнеше түрі бар:
А) өкпе ауруына байланысты дамитын демігу (бронхты демікпе)
Б) жүрек ауруына байланысты дамитын демігу (жүрек астмасы
4) Жөтелу
-
тыныс алу жолдарында секрет жиналғанда немесе тыныс алу жолдарына бөтен заттар
түскенде пайда болады. Жөтелу құрғақ немесе қақырық бөлетін болып екіге бөлінеді.
Бірден басталаған ұстама тәріздес құрғақ жөтел тыныс алу жолдарына бөтен зат түскенде пайда
болады.
Тыныс алу жолының жоғарғы бөліктерінің ауруларында (ларингит, трахеит) пайда болған жөтел
өте дөрекі, үрген дауысқа ұқсас келеді (лающий).
Дауыс байланыстары қабынғанда жөтел дауысы жіңішкеленеді. Құрғақ жөтел көбінесе пневмония
ауруының басында кездеседі.
-
Дымқыл жөтел пневмония ауруының жазылу сатысында кездеседі.
-
Таңертең пайда болатын жөтел созылмалы бронхит, бронхоэктазалық ауру, абсцесс және
каверналық туберкулез кезінде мазалайды.
Көмек:
Құрғақ жөтел
кезінде науқасқа оңқаны, қышаны, сілтілі ингаляцияларды және ыстық ішуді
тағайындаймыз.
Ылғалды жөтел
кезінде науқасқа қақырық жақсы бөлінетін қалыпқа жатқызу керек. (оны дренаж
дейміз). Қақырықты жинауға науқасқа қалта түкіргішін беру
және оны қолдану үйрету.
Қалта түкіргішін қолдану ережелері:
Көрсеткіштері:
·Тыныс алу мүшелерінің аурулары
·өкпе тберкулезі
·қақырықты әр түрлі зерттеулерге жинау
Материальды жабдықталуы: қалта түкіргіші, зарарсыздандырушы ерітінді.
Іс
-
әрекеттер кезектілігі:
1.Науқасқа қалта түкіргішін берер алдында оны қолдану ережелерін түсіндіру
2.Науқасқа таза құрғақ түкіргішті беру
3.Қақырықты зарарсыздандыру мақсатында оның ¼
-
не зарарсыздандырушы ерітіндіні қую.
4.Зарарсыздандырылған қақырықты канализацияға төгіп
тастау керек, ал түберкулез ауруында –
опилкаға араластырып, арнайы пеште жағып жіберу керек.
5.Қолданып болған соң, қалта түкіргішті зарарсыздандыру керек (60 мин).
6.Қалта түкіргішті ағын судың астында жуып, кептіріп сақтау.
5). Қақырық
бұл жөтелгенде бөлінетін, тыныс алу жолдарының патологиялық секреті.
Қақырықтың мөлшері әр ауруда әртүрлі болады. Катаралды бронхит және пневмониялық кейбір
формасында тәулік бойында қақырық 1
-
2 рет ғана бөлінеді.
Бір түкіргенде ауызды толтырып бірден көп мөлшерде (2
-
ге дейін) қақырық бөлу, өкпеде ірің
қалта немесе бронхта эктазалардық бар екенің дәлелдейді.
Қақырықтар мінезі бойынша:
1.
Көпіршікті
-
ол мөлдір, кейде ақшыл түсті
болады. Бұл қабынудың катаралды мінезді екенін
көрсетеді.
2. Көпіршікті
-
ірінді
біркелкі емес,
ішінде ірің мен көбіктің көп түйіршіктері кездеседі. Ол сарғыш
түсті болады. Созылмалы бронхит ауруында кездеседі.
3. Серозды.
4. Іріңді жасыл түсті, өкпе абцессінде, бронхоэктазалық ауруларда кездеседі.
5. Қан аралас қақырық
өкпе туберкулезі, обыр ауруларында кездеседі.
Қақырықтың түсі де ауруға байланысты болады.
1. Сұр түсті немесе қара түсті
қақырық шылым шегетін адамадарда немесе шаңды өндіріс
орнында ұзақ жыл жұмыс істеген адамдарда кездеседі. Дем алу жүйесінің терең бөліктерінен
шығатын шаңның құрамына байланысты болады.
2. «Тот басқан»
түсті қақырық
-
крупты пневмония кезінде болады. Ол қақырық құрамында
эритроциттер мен нерв ыдырауынан пайда болған заттардың болуы қақырық түсін көгертеді.
3. Таңқурай түсті
қақырық өкпенің қатерлі ісігінде кездеседі
.
4. Демікпе ұстамасы кезінде мөлдір, түссіз, шыны тәріздес, әрең бөлінетін қақырық бөлінеді.
Қақырық көбінесе иіссіз болады. Сасық иісті қақырық өкпе ұлпасы шіріп, ыдырағанда пайда
болады (гантрена, ыдыраған, ірін, деген, шіріген рак) немесе қуыстарда тұрып қалған қакырықтың
белогы шірігенде (бронхоэктазалар, өкпе абцессі) естіледі.
Қабыну процесінің ауырлығына байланысты бөлінетін қақырықтың мөлшері 10 мл
-
ден 2 л
-
ге
дейін ауытқуы мүмкін. Егер бронхоэктазалар оң өкпеде орналасса, онда қақырықтың бөлінуін
жеңілдету үшін науқасты сол жақ қырына, сол өкпеде орналасса
-
оң жақ қырына жатқызу керек.
Қақырық
бөлінуін женілдетегін дене қалпын (поза) дренаж
деп атайды. Пневмония, бронхит
ауруларында жөтел күні бойы мазалайды. Туберкулез ауруында, көбінесе түнгі жөтел мазалайды
Мейірбике дәрігердің белгілеуін қатаң орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып
жылы сут, қақырық түсіретін микстура беріп, онда тоңып қалмауы үшін пациентті қымтап жабады.
Көп қақыратын пациентке жақсы бұралып жабатын, қалтаға салып
жүретін түкіргіш береді. Қалған
пациентке жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды.
Түкіргішті күнделікті төгіп, жақсылап жуады, ал кебір жағдайда қайнатады. Қақырықты
зарарсыздандыру үшін түкіргіштің түбіне құрғақ
зарарсыздандыру ұнтағы 1:5 қатынасындай
себеді
Достарыңызбен бөлісу: |