Фармакология негіздері



бет34/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78
Байланысты:
Фармакология негіздері-emirsaba.org

β 1 және β2 - адреномиметиктер: Изадрин, Орципреналин. Жүрек жұмысын күшейтеді, бронхтарды, шеткері тамырларды кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді. Бірақ тахикардия (минутына 120-130рет соғу), аритмия дамиды. Бронх демікпесінде қолданылады.
β2- адреномиметиктер: Сальбутамол, Беротек, Астмопент. Бронх демікпесінде аэрозоль түрінде қолданылатын тиімді препарат. Жатыр тонусын төмендететін әсері түсік тастау қаупінде, кезексіз болған толғақты басуға қолданылады..
α және β- адреномиметиктер: Адреналин, Норадреналин, Дофамин.
Адреналин жүрек тоқтағанда, артериялық қысым төмендегенде, инсулиннің мөлшерін асырғанда, бронх демікпесінде және жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін қолданылады.
Қант диабетінде, артериальды гипертонияда қолдануға болмайды. Арденалин ішуге қолданғанда ыдырап кетеді, сондықтан оны парентеральды немесе жергілікті қолданады.
Норадреналин қан қысымын жоғарылатуға гипотонияда қолданылатын тиімді препарат.
Дофамин шок жағдайларында қолданылатын тиімді препарат. Дофамин тамырларды тарылтады, қан қысымын жоғарлатады, бүйрек тамырларын спазмаға әкеледі. Көп қан кетулерде қан көлемін толтырып барып қолдану ұсынылады. Қан көлемі жеткіліксіз уақытта қолданса шоктан өлімге әкеледі.
Жанама әсерлері: α- адреномиметиктердің әсерінен атеросклероз, жергілікті ұзақ уақыт қолданғанда сілемей қабаттардың атрофиясы, қоректенуінің төмендеуі байқалады.
β - адреномиметиктердің әсерінен аритмия, стенокардия, бұлшық еттерде тремор болуы мүмкін.
Қарсы көрсеткіштері: ми және коронар тамырларының склерозы, артериальды гипертензия, гипертериоз, диабет.
α - адреноблокаторлар: Фентоламин, Тропафен, Празозин. Шеткері тамырлардағы қан айналымын жақсартады. Эндоартеритте, аяқтың ойық жараларында қолданылады.
β - адреноблокаторлар: Анаприлин, Метопролол, Бисопролол (Конкор), Тимолол, Атенолол.
Жүрек аритмиясында, артериалды гипертензияда, жүректің ишемиялық ауруларында қолданылатын негізгі препараттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет