Қалқансерікбезі гормоны Паратгормон.
Препараты: Паратиреоидин.
Ұйқы безі гормоны: Инсулин (51 амин қышқылынан тұрады). Қантты диабет ауруында қолданылады.
Препараттары: Инсулин, Хумулин. Инсулиннің дәрілік препараттары қысқа әсерлі, орташа әсерлі, ұзақ әсерлі болады. Концентрациясы әсер бірлікпен белгілеледі (1 мл-де 40ӘБ, 80ӘБ, 100ӘБ шығарылады).
Ағзада қант мөлшерін азайтатын дәрілер: Диабетон, Манинил (Глибенкламид), Глибутид (Адебит), Сиофор.
Әйелдің жыныстық гормондары.: Эстрагенді және гестагенді гормондар
Эстрагенді гормонды препараттар: Эстрон, Синэстрол, Эстрадиол дипропионат
Гестагенді гормонды препараттар: Прогестерон, Дюфастон
Контрацептивті дәрілер: Бисекурин, Нон-овлон, Регивидон, Марвелон. Жүктілікті болғызбас үшін қолданылады.
Ерлердің жыныстық гормоны: Тестостерон.
Преператтары: Тестостерон пропионат, Метилтестостерон.
Анаболикалық стероидты дәрі: Метандростенолон, Ретаболил
Бүйрекүсті безі гормондары:
Глюкокортикоид гормон: Гидрокортизон
Минералокортикоид гормон: Альдостерон. Препараты: Дезоксикортикостерон ацетат
Глюкокортикоидты гормонды препараттар (глюкокортикостероидтар): Гидрокортизон (Hydrocortisoni acctas 2,5-2мл), Преднизолон (Prednisolonum 30 мг-1мл), Дексаметазон, Триамцинолон.
Глюкокортикостероидтар көмірсулардың алмасуына қатысып, ақуыздың ыдырауын жылдамдатады. Кальций иондарының сіңірілуін төмендетіп сүйекті жұмсартады.
Глюкокортикоидтардың түзілуі (синтезі) гипофиздің алдыңғы бөлігі гормоны Адренокортикотропты гормонмен күшейеді.
Глюкокортикостероидты препараттар қолданылады: шокта (кардиогенді, операциядан кейінгі), аллергияда, бронх демікпесінде, ревматизм, ревматизмдік артрит, радикулит, жіті панкреотит, жіті лейкоз, экзема, құяңда (геморройда), миастенияда, Аддиссон ауруында (сусыздану), мүше трансплантациясында, қабынуларда.
Глюкокортикостероидтар тек дәрігердің бақылауымен қолданылады.
Жанама әсері: аяқта, қолда майлар азайып, мойында, қарында, арқада, бетте май көбейеді. Асқазан жарасы қозады, психоздар болады, артериялық қысым жоғарылап, ағзада қанттың мөлшері көбейеді, қанның ұюы жоғарылайды.
Кенеттен дәріні қолдануды доғарғанда - доғару синдромы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |