Фармакология негіздері


Әсер бірлікпен берілген антибиотиктерді еріту қатынасымен еріткіш мөлшері мен қажетті дәрі мөлшерін алуға есеп шығару



бет22/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Әсер бірлікпен берілген антибиотиктерді еріту қатынасымен еріткіш мөлшері мен қажетті дәрі мөлшерін алуға есеп шығару:
Бензилпенициллин натрий тұзы құтыда 1 000 000 ӘБ, 500 000 ӘБ мөлшерде шығарылады.
1:1қатынасында еріту үшін - 1 000 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 10мл еріткіш қосылады
1:1қатынасында еріту үшін - 500 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 5мл еріткіш қосылады
1:2 қатынасында еріту үшін - 1 000 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 5мл еріткіш қосылады
1:2қатынасында еріту үшін - 500 000 ӘБ бензилпенициллиннің құтыдағы ұнтағына 2,5мл еріткіш қосылады
1:1 қатынасында ерітілген ерітіндінің 1мл-де 100 000 ӘБ бензилпенициллин бар.
1:2 қатынасында ерітілген ерітіндінің 1мл-де 200 000 ӘБ бензилпенициллин бар.
Егер 600 000ӘБ бензилпенициллин алу қажет болса, 1:1 қатынасында ерітілген ерітіндіден 6мл, ал 1:2 қатынасында ерітілген ерітіндіден 3мл дәрі алынады.
Антибиотиктерді ерітуге қолданылатын еріткіштер:
    1. Стерильді инъекцияға арналған су;


    2. Новокаин ерітіндісі 0,5%, 0,25%;


    3. Натрий хлорид ерітіндісі 0,9%;


    4. Лидокаин ерітіндісі 1%;




Ескерту: антибиотиктер көктамырға енізілетін болса, еріткіш ретінде 0,9% натрий хлорид ерітіндісі қолданылады.


Микробқа қарсы қолданылатын синтетикалық дәрілер
1.Сульфаниламидті препараттар
2.Нитрофуран туындылары
3.Хинолондар
4.Хиноксалин туындылары
Сульфаниламидті препараттар
А. АІЖ жақсы сіңірілетін сульфаниламидтер :
а.Әсері қысқа сульфаниламидтер (8-12сағ.): Сульфацил-натрий, Стрептоцид, норсульфазол,Этазол.
б.Әсері ұзақ сульфаниламидтер (24-48сағ.): Сульфапиридазин
с. Әсері өте ұзақ сульфаниламидтер (65сағ.): Сульфален
Б.АІЖ нашар сіңірілетін сульфаниламидтер: Сульгин, Фталазол
С.Триметоприммен қиыстырылған сульфаниламидтер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет