М - холиномиметиктер: Пилокарпин, Ациклидин. Жүрек соғуын баяулатады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтарды тарылтып, асқазан бездерінің секрециясын күшейтеді, ішек пен қуықтың тонусын жоғарылатады.
Қолданылады: ішек және қуық атониясында және көз ішіндегі сұйықтықтың бөлінуін жеңілдететіндіктен глаукомада (суқараң) көз ішілік қысымды төмендетуге қолданады.
Қарсы көрсеткіштері: брох демікпесі, миокардтың өткізгіштігінің бұзылыстары, миокард инфарктысы, жүктілік, эпилепсия, гиперкинездер.
М- хлоиномиметиктерді тамыр арқылы енгізілгенде кенеттен жүрек тоқтауы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде бронхтардың тарылуынан тұншығу болады.
Н - холиномиметиктер: Цититон, Лобелин. Тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандыратын шектеулі қолданылатын аналептиктер болып келеді. Улануларда, асфиксияда, тыныс бұзылыстарында жедел көмекке 1%- 0,2-0,5мл ерітіндіні тамыр арқылы енгізеді. Аналептиктерді жасанды дем беру тиімсіз болған жағдайда ғана қолдануға болады. Н- холиномиметиктер тобына жататын Табекс, Лобесил таблетка және шайнама сағыз түрінде темекіден арылуға (20-25күн) қолданады.
Антихолинэстеразды дәрілер (Холинэстеразаға қарсы): Прозерин, Физостигмин, Галантамин, Оксазил. Ацетилхолинді жоятын фермент холинэстеразаға тежегіш әсер етеді. Жүйке - бұлшықет өткізгіштігін жақсартады
Қолданылады: глаукомада, ішек атониясында, бұлшық ет әлсіздігінде (операциядан кейін), миастенияда, полимиелит пен инсульттан кейін.
Қарсы көрсеткіштері: брох демікпесі, миокардтың өткізгіштігінің бұзылыстары, миокард инфарктысы.
Антихолинэстаразды заттарға қайтымсыз әсер ететін фосфорорганикалық қосылыстар жатады. Фосфорорганикалық қосылыстар инсектицид зат (хлорофос, дихлофос) ретінде қолданылады және әскери уландыратын заттар болып табылады. Әскери уландыратын заттар қолданылмайды, бірақ кездейсоқ уланулар болуы мүмкін.