Фармакология негіздері



бет54/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
Байланысты:
Фармакология негіздері-emirsaba.org

α -адреноблокаторлар: Празозин 1/2/5мг таб., Доксазозин (Кардура), Теразозин.

Артерия мен венаны кеңейтіп, жүрекке келетін венозды қан қысымын төмендетеді, жүрекке түсетін күшті төмендетіп, жүрек жұмысын жеңілдетеді.


2.Ангиотензин-2 тежегіші (ангиотензинге алмастырғыш ферменттің ингибиторы- ИАПФ)
Әсері: артерия мен күре тамырларды кеңейтіп, жүрек жиырылуынан кейінгі күшті (постнагрузка) және жүрекке келетін веноздық қанның қайтуын азайтып, жүрек жұмысын жеңілдетеді, жүрек пен бүйректе қан айналымды жақсартып, жүрек бұлшықетінің гипертрофиясын төмендетеді, диурезді жоғарылатады.
Дәрілері: Каптоприл (Капотен) 0,0125/0,025/0,05мг таб., Эналоприл (Энам, Энап) 2,5/5/10/20мг таб.; 0,125%-1мл амп., Диротон (Лизиноприл) 2,5/5/10/20мг таб, Престариум 4мг таб., Козаар (Лозартан), Теветен 0,6 таб.
3.Миотропты спазмолитиктер: Диазоксид (Diazoxide) 1,5%-20ml, Натрий нитропруссиді, Апрессин 10/25мг таб., Магний сульфат 20/25% -5мл амп., Дибазол 0,02 таб.; 1%-1/5мл амп., Папаверин 10/40мг таб.; 2% - 2мл амп., Но-шпа 40/80мг таб., 40мг/2мл амп.
Тамырлардың бұлшықеттерін босаңсытып, қысымды төмендетеді.


  1. Диуретиктер (Зәр айдайтын дәрілер). Жүрек, бүйрек, бауыр ауруларында денеде ісіктерді азайту үшін ,өкпе және ми ісінуінде, химиялық заттармен уланғанда, артериялық гепертензияда қан қысымын төмендетуге қосымша дәрі ретінде қолданылады.

Ағзадан артық мөлшердегі суды шығарады, натрий, хлор, калий иондарының қайта сіңірілуін (реабсорбция) төмендетеді.


4.1. Тиазидті және шумақты диуретиктер. Бүйрек арнасы эпителиіне әсер етеді. Нефрон түтікшелерінің дистальды және проксимальды бөлігінде натрий, калий, хлор және судың реабсорбциясын тежеп, ағзадан шығуын күшейтеді.
Дәрілері: Дихлотиазид (Dichlothiazidum, Гипотиазид-Hypothiazid) 25/100мг таб., Фуросемид (Furosemidum, Лазикс-Lasix) 40мг таб.; 1% - 1/2мл амп, Этакрин қышқылы (Acidum etacrynicum, Урегит-Uregit) 0,05 таб., Индапамид.
4.2. Калий сақтаушы диуретик (Альдостерон антогонисті).
Әсері: гипокалиемияны және метаболиттік алкалозды басады.
Альдостерон бүйрек үсті безінде түзілетін гормон.
Дәрілері: Спиронолактон (Spironolactonum) (Верошпирон) 0,025/0,05/0,1таб, Триамтерон (Triamteronum) 50мг капсулада.
4.3.Осмостық диуретиктер: Маннит (Mannitum) 15% - 200/400мл, Мочевина (Urea pura) 30/45/60/90г қтыда еріткішімен бірге.
Әсері:Бүйрек арналарында, қан плазмасында осмостық қысымды жоғарылатып, судың реабсорбцияын (қайта сіңірілуін) төмендетеді.
4.4.Карбоангидраза ингибиторы: Диакарб (Ацетазоламид) 0,25 таб.
Әсері: нефронда карбоангидраза ферментінің белсенділігін тежеп, натрий және бикарбонат иондарының несеппен шығуын күшейтеді. Көз ішілік, бас ішілік қысымды төмендетеді.
5.Біріктірілген гипотензивті дәрілер:
Адельфан (құрамы: Резерпин + Дихлотиазид + Дигидралазин),
Энап Х (құрамы: Эналоприл+Дихлотиазид),
Капозид (құрамы: Каптоприл+Дихлотиазид).
Артериальды гипертензияда қосымша қолданылатын дәрі топтары:
  1. Шеткері вазодилитаторлар: нитроглицерин, апрессин, натрий нитропруссиді;


  2. Антитромбоцитарлық терапияға аспирин 75мг, варфарин;


  3. Гиполипидемиялық преапараттар: аторвастатин, симвастатин, ловастатин;


  4. Эклампсияда магний сульфаты 400-1000мг көктамырға баяу немесе 0,9% -200мл натрий хлоридімен араластырып енгізуге;


  5. Ауырсыну мен ентігу болса морфин 1%- 1мл-і 0,9% -20мл натрий хлоридімен араластырып көктамырға тамшылатып енгізіледі.


  6. Симпатолитиктер: клонидин, метилдопа.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет