Біріктіргенде тиімділігі төмендейтін дәрілер.
Хинидин + Кордарон
Хинидин + Калий хлориді
Новокаинамид+ Кордарон
Новокаинамид+ β-адреноблокаторлар
Қосымша этиотропты терапия жүргізіледі: негізгі ауруды емдеу. Мысалы миокардитте қабынуға қарсы дәрілер, жүректің ишемиялық ауруларында антиангинальді дәрілерді тағайындау.
Жүректің ишемиялық ауруларында және
ми қан айналымы бұзылыстарында қолданылатын дәрілер.
Антиангинальды дәрілер жүректің ишемиялық ауруларында қолданылады. Жүректің ишемиялық аурулары: Стенокардия (жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы), миокард инфарктісі, инфарктіден кейінгі кардиосклероз, аритмиялар, жүрек жеткіліксіздігі.
Нитраттар: Нитроглицерин (Nitroglycerinum) (Перлинганит) 0,0005таблеткада, 0,1%-10мл ампулада.
Нитросорбид (Изокет-Isoket, Кардикет) (Nitrosorbidum) 0,005/0,01 таблеткада.
Изокет – 5мг, 20мг, 40мг, 60мг таблеткада; 0,1%-10мл ампулада. 15мл аэрозоль.
Эринит (Erynitum) 0,01г-0,02г. таблеткада, Нитронг (Nitrong), Сустак (Sustac)- 0,0026г.-Сустак мите, 0,0064г.-Сустак форте таблетка.
Әсері: жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жүрекке жиырылу алдында түсетін күшті азайтады, коронароспазмды төмендетеді, коронарлы перфузияны (тамырларда қан жүруі) жақсартады.
Қолданылады: стенокардия ұстамасын емдеуде және алдын алуға, жіті миокард инфарктісінде, жүрек жеткіліксіздігінде.
Жанама әсері: бас ауру, гипотензия, рефлекторлы тахикардия.
β-адреноблокаторлар: Анаприлин (Обзидан) (Anaprilinum)10мг-40мг таблеткада; 0,25% - 1ml ампулада. Атенолол, Метопролол (Корвитол), Бисопролол (Конкор) 5мг,10мг,20мг таб., Пропраналол.
Әсері: жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жиырылуын және жиырылу жылдамдығын төмендетеді (↓ЧСС).
Жанама әсері: брадикардия, сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі, бронхоспазм, әлсіздік, қант диабетінің асқынулары.
Қолданылады: стенокардияда, аритмияда, асқынбаған миокрд инфарктісінде. Анаприлиннен бронхоспазм болатындықтан қолданбайды.
Достарыңызбен бөлісу: |