Ең жоғарғы көтерімді мөлшер - пациенттің кейбір мүшелерін зақымдауға әкелетін, максимальды көтере алатын, өлімнен арашалайтын дәрі мөлшері (өлім мен өмір аралығында жатқан жағдайда қолданылады).
Терапевтикалық мөлшер- емдік әсер көрсететін дәрі мөлшері.
Улы (токсикалық) мөлшер- ағзаға зақым келтіретін дәрі мөлшері
Терапиялық кеңдік (т.к.)- ең төменгі терапевтикалық мөлшер (т.м.) мен ең төменгі улы мөлшердің (у.м.) аралығы. Осы мөлшер аралығы жоғары болса препараттың қауіпсіздігі төмен болады (мысалы: т.м=1,0 болса, ал у.м =1,5 болса, т.к. 0,5 немесе т.м =1,0 ал у.м=5,0 болса т.к. 4-ке тең)
Дәрілік заттардың мөлшері:
1,0 – 1 грамм немесе 1000 мг
0,1 – 1 децеграмм немесе 100 мг
0,01 – 1 сантиграмм немесе 10 мг
0,001 – 1 миллиграмм
0,0001 – 1 децемиллиграмм немесе 100 мкг
0,00001 – 1 сантимиллиграмм немесе 10 мкг
0,000001 – 1 миллимиллиграмм немесе 1 мкг
Сұйық дәрілер миллилитрмен, граммен немесе тамшымен көрсетіледі. Спирттер мен майлар миллилитр немесе граммен көрсетіледі. Жануарларда тексерілген дәрілер әсер бірлікпен (ӘБ) мөлшерленеді.
Қасық өлшемдері:
1ас қасық = 15мл 1мл су =20тамшы
1орта қасық = 10мл
1шай қасық = 5мл
Дәрілерді қолдану және сақтау Дәріні бөлімшенің аға медбикесі 3 дана талап жазып, басшы, бөлім меңгерушісі қолымен, мекеме мөрімен рәсімдеп дәріханадан алады. Бөлімшеде 10 күндік, ал постыда 3күндік қор ұстауға болады. Наркотикалық, психотропты дәрілерге, этил спиртіне талап 4 дана латын тілінде жазылып рәсімделеді. Дәрілердің кіріс шығысын жеке журналға тіркеп есеп жүргізеді (ҚР ДСМ 16.04.2008ж. № 216 бұйрығымен бекітілген талап, журнал толтырылады)
Дәріханада дайындалған дәрілерге қолдану түріне қарай арнайы этикетка (заттаңба) жапсырылады. Олар:
Жасыл жолақты этикетка - ішуге қолданылатын дәрі этикеткасы;
Сары (оранж түсті) жолақты этикетка - сыртқа қолданылатын дәрі этикеткасы;
Қызғыш (розовый) жолақты этикетка - көзге арналған дәрі этикеткасы;
Көк жолақты этикетка - инъекцияға арналған дәрі этикеткасы;
Көзге қолданылатын дәрілер стерильді болуы тиіс.
Наркотикалық және психотропты дәрілерді қолдану дәрігердің медициналық картасына тіркелген соң, медицина қызметкерінің қатаң бақылауымен жүргізіледі. Таблетка мейіргердің көзінше ішкізіліп, инъекцияны дәрігерлің қатысуымен енгізеді.