Фармакология негіздері



бет38/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80
I.Анальгезия сатысы: біртіндеп ауырсыну сезімінің және естің жойылуымен сипатталады. Соның салдарынан амнезия (естің жойылуы) дамиды.
II. Қозу сатысы: науқаста қозғалыс пен сөйлеудің қозуы, тыныс алу, мен тамыр соғуының жиілеуі, АҚ-ң жоғарылауы, көз қарашығының кеңеюі, рефлекторлы қызметтің барлық түрі күшейеді.
III. Хирургиялық наркоз сатысы:
1-і дәрежесі- беткейлі наркоз: физиологиялық процестер қалыпқа келеді, ұйқы бірқалыпты, тыныш, қасаң қабық пен жұтқыншақ- көмекей рефлекстері сақталған, көз қарашығының жарықты сезінуі мен бұлшық ет тонусы сақталған.
2-і дәрежесі- айқын наркоз: тыныс алу, тамырдың соғуы, АҚ- бір қлыпты, көз қарашығының жарықты сезінуі әлсіз, рефлекторлы белсенділік пен бұлшық ет тонусы төмен.
3-і дәрежесі – терең наркоз: тыныс алуы- жеңіл, жиі, диафрагмальдия; көз қарашығы біртіндеп кеңейіп, жарыққа реакциясы жойылады; тахикардия дамып, АҚ төмендейді, толық бұлшық ет атониясы дамиды.
4-і дәрежесі – өте терең наркоз : барлық физиологиялық процестер шегіне жетіп, қабырға аралық бұлшық еттердің салдануына алып келіп, диафрагманың жиырылуы байқалады, АҚ төмендейді.
IV). Агональды (салдану ) сатысы: тыныс алудың толық бұзылуы, тамыр соғуының жойылуы, қан айналымның тоқтауы. Тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталығының салдануынан өлімге алып келеді.
Наркозға арналған дәрілер енгізілуі доғарылғаннан кейін, ағзада ояну кезеңі басталады: наркоздың барлық сатылары кері ретпен жүріп, артынша наркоздан кейінгі ұйқы басталады.
Наркоз түрлері:
Ингаляциялық наркоз: наркоз аппаратының маскасы немесе эндотрахеальды түтікше арқылы газ тәрізді немесе ұшқыш сұйық анестетиктермен демалу жолы. Ингаляциялық наркоз жеңіл басқарылады, бірақ оған сай құрал жабдықтарды талап етеді.
Мононаркоз- бір препаратпен жүргізілетін наркоз.
Аралас наркоз: наpкозға арналған дәрілердің екі немесе одан да көп қоспалары қолданылады, мысалы, фторотан мен азот тотығының қоспасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет