Фармакология негіздері



бет36/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Симпатомиметик: Эфедрин. α және β адренорецепторларға тікелей емес әсер етеді. Артериялық қысымды жоғарлатады, жүрек жұмысын қуаттандырады, ішектердің толқи жиырылуын төмендететеді.
Бронх демікпесінде, ринитте, гипотонияда қолданылады. Эфедриннің Адреналиннен айырмашылығы әсері баяу дамып, ұзаққа созылады және ішуге қолданылады, белсенділігі Адреналинге қарағанда төмен. Эфедринді жиі аралықта (10-30минут) енгізгенде симпатикалық талшықтарда норадреналин медиаторының қоры азаюынан тахифилаксия дамиды.
Эфедринге қарсы көрсеткіш: атеросклероз, ұйқысыздық, артериалды гипертензия.
Симпатолитиктер: Резерпин, Допегит, Раунатин, Октадин.
Норадреналиннің шығуын тежейді.
Артериалды гипертензияда қолданылады.
Адреноблокаторлар мен симпатолитиктердің жанама әсері: ортостатикалық гипотензия, коллапс, тахикардия, аритмия, бронхоспазм, шеткері тамырлардағы қан жүрісінің төмендуі.

Адреномиметиктердің сипаттамасы



Көрсеткіштер

Адреналин

Норадреналин

Дофамин

Эфедрин

Мезатон

Добутамин

Сальбутамол

Изадрин

Жүрек жиырылу жылдамдығы

Тахикардия

Брадикардия

Аздап тахикардия

Тахикардия

Брадикардия

Аздап тахикардия

Аздап тахикардия

Тахикардия

Артериалық қысым











Өзгеріссіз





Бронхтарды кеңейтуі

+++

+

+

++

-

-

+++

++++

Көмір-су алмасуына әсері

++++

+

+

++

-

-

++

+++



Дофаминергиялық дәрілер
Дофамин, Бромокриптин, Апоморфин, Мидантан.
Дофамин – орталық жүйке жүйесінің қызметінде маңызды роль атқарады, тікелей емес адренорецепторларды қоздырады. Шоктарда қолданылады. 0,5%, 4%-5мл ампулада шығарылады. Тамырға 0,9%-натрий хлориді ерітіндісімен немесе 5%- глюкозамен араластырып тамшылатып жіберіледі.
Апоморфин гидрохлорид - сопақша мидағы құсық орталығына қуаттандырғыш әсер етеді.
1%-1мл ампулада шығарылады. Тері астына 0,2-0,5 мл –ден құстыру үшін тағайындалады.
Қолдануға болмайды: жүрек ауруларында, атеросклерозда, туберкулезде, асқазан ойық жарасында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет