Фармакология негіздері



бет43/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Предион құрлысы стероидты, наркоздың ұзақтығы 30 – 40 минут. қан тамыр қабырғасын тітіркендіріп, тромбофлебит тудыруы мүмкін, қолданылуы шектеулі.
Альфаксолон- әсері қысқа, көбінесе аллергиялық реакциялар тудырады.
Этомидат- наркоз 4-8 мин. созылып, құсу, тырысу, АҚ-ң өзгеруін тудырады.
Пропофол – наркоз 8 – 10 мин. созылып, АҚ-ы төмендетеді, тыныс алуды тежеп, бұлшық еттердің тартылуын шықарады.


Психотропты дәрілер.
Психотропты дәрілер психика мен эмоцияға, көңіл- күйге ,мінез- құлыққа, ойлау қабілетіне әсер етеді. Жіктелуі:

  1. Нейролептиктер: Дроперидол, галоперидол, аминазин. Психоздарда қолданады. Дроперидол наркотикалық анальгетик фентанилмен бір шприцке алынып миокард инфарктісінде нейролептанальгезияға қолданылады.

  2. Транквилизаторлар (анксиолитиктер): Диазепам (Сибазон, седуксен, реланиум, валиум, брюзепам), нозепам, феназепам, элениум(хлозепид).

Жүйке тозуында, тынышсыздықта, тырысуларда қолданылады.

  1. Тыныштандыратын дәрілер (седативные): натрий бромді, калий бромиді, валериана, корвалол(валокордин), ново- пассит. Орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Жеңіл невроздарда, гипертониялық ауруларда, ұйқысыздықта қолданылады.

  2. Антидепресссанттар: амитриптилин, флуоксетин, имизин, ниаламид.

Күйзеліс кезінде қолданылады (көңіл- күйдің төмен болуы, тұнжырау, жабырқау болуы). Депрессия көңіл-күйдің төмен болуымен немесе үреймен, қозумен жүретін түрлері болады. Соған байланысты астениялық жағдайда қуаттандырғыш әсерлі антидепрессант (имизин, ниаламид), үреймен жүретін депрессияда тыныштандырғыш әсерлі антидепрессант тағайындалады.

  1. Психостимуляторлар: меридил, сиднокарб, сиднофен, кофеин . Орталық жүйке жйесіне қоздырғыш әсер етеді. Шаршауды басып, сергітіп, ұйқы мен тәбетті төмендетеді.

  2. Ноотроптар: Пирацетам (ноотропил), аминалон, энцефабол, натрий оксибутираты.

Есте сақтау және ойлау қабілетін күшейтіп, қалпына келтіреді. Атеросклерозда, инсульттан кейін, ми жарақатынан кейін, церобральды салдануда, энцефалопатияда(сөйлеу, ойлау, көңіл бөлу қабілеттерінің ауытқуларында), интоксикацияда қолданылады.
Наркотикалық анальгетиктер мен психотропты дәрілер қатаң есепте тұрады.
Нейролептикалық дәрі Аминазин тері арқылы сіңетіндіктен медицина қызметкерінде аллергия байқалуы мүмкін. Сондықтан аминазиннің теріге, сілемей қабаттарға жанасуын болдырмаған жөн. Жұмыс аяғында теріні сабынсыз, тұзды сумен жуады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет