Тырысуға (құрысуға) қарсы қолданылатын дәрілер.
Әсері: ми ұлпасындағы эпилептогенді аймақтың қозуын төмендетеді.
Әр түрлі тырысуларда (құрысу-судороги), эпилепсияда қолданылады.
Дәрілері: Карбамазепин(финлепсин), фенобарбитал, диазепам (сибазон, седуксен), бензонал, натрий вальпроат, магний сульфат, тиопентал натрий.
Эпилепсия түрлері:
Үлкен ұстама жағдайында байқалады: естен тану болып, клоникалық және тоникалық тырысу болып, бірнеше минуттан соң ұйқыға әкеледі.
Кіші ұстама жағдайында байқалады: бет бұлшықеттері тырысып, бірнеше секундқа созылады.
Психомоторлы ұстамада байқалады: есін біледі, бірақ өз қимылын бақылай алмайды.
Ұйықтататын дәрілер: Бас миының қыртысына өтетін импульстарды әлсіретеді. Ұйқы бұзылғанда, эпилепсияда қолданады.
Бензидазепин туындылары: нитразепам, феназепам, диазепам.
Барбитур қышқылы туындылары: Фенобарбитал (люминал), этаминал-натрий.
Ұйықтататын әсерлі басқа дәрілер: имован (зопиклон), золпидем, донормил.
Ұйықтататын дәрілердің мөлшері асса улану байқалады.
Ұйықтататын дәрілермен уланудағы көмек: белсендірілген көмір суспензиясымен асқазан шаю, іш жүргізетін тұзды ерітінділерді беру (магний сульфат), ағзаға түскен дәріні жылдам шығару үшін форсирленген диурез жүргізу, перитонеальды диализ жүргізу. Асфиксияның алдын алу шараларын жасау (тіс протезін шешу, тілқысқышпен тілін бекіту).Тыныс жеткіліксіздігі байқалса оттегін беру, қажетті жағдайда реанимациялық шаралар жүргізу.
Аналептиктер: ОЖЖ-ң барлық бөліктеріне қоздырғыш әсер көрсетеді. Тыныс алу орталығын қуаттандырады. Тыныс алу жеткіліксіздігінде, коллапста, шокта, наркоздан шығу кезеңінде, асфиксияда (тұншығу) қолданылады. Тыныс алу орталығы сопақша мида орналасқан. Аналептикалық дәрілер: Камфора, кордиамин, этимизол, бемегрид, кофеин.
Тыныс алу мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілер.
Тынысты қуаттандыратын дәрілер-тыныс алу стимуляторлары.