Фармакология негіздері


Кальций арналарының блокаторлары



бет53/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Кальций арналарының блокаторлары: Верапамил (Verapamilum) (Изоптин), Нифедипин (Nifedipinum). (Коринфар Corinfar )), Амлодипин.

  • Калий арналарының блокаторы: Амиодарон (Amiodoronum) (Кордарон-Cordarone).

    Әсері: Жүректің оттегіне сұранысын төмендетеді, жиырылуын және жиырылу жылдамдығын төмендетеді (↓ЧСС), артериялық қысымды төмендетеді, оттегі келуін жеңілдетеді, бронхыларды кеңейтеді, коронароспазмды төмендетеді, коронарлы перфузияны (тамырларда қан жүруі) жақсартады.
    Жанама әсері: бас ауру, ыстық сезім, сол жақ қарыншаның жиырылу қызметінің төмендеуі, брадикардия, ісіну, іш қату.
    Қолданылады: Нитраттар мен β- адреноблокаторлар көмектеспегенде, жүрек ауруы мен гипертониялық ауру қатар дамығанда, стенокардия мен аритмия қатар дамығанда.
    5. Миотропты жүрек артерияларын кеңейтетін антиагрегант дәрілер: Дипиридамол-Dipyridamolum (Курантил -Curantyl) 25мг; 75мг таблеткада. 0,5%-2мл ампулада, Предуктал 20мг таблеткада.
    6. Тітіркендіргіш, спазмолитикалық әсерлі дәрі: Валидол. Қосымша қолданылатын дәрі топтары: антиагреганттар, антикоагулянттар, гиполипидемиялық дәрілер, фибринолитиктер, жүректе метаболизмді жақсартатын дәрілер.
    Миокард инфарктісінде қолданылатын дәрілер:
    Жүректің ишемияланған аймағында тыртық (некроз) пайда болады. Миокард инфарктысы кезінде қатты ауырсыну, аритмия, қозғыштық, үрей, қорқыныш сезімі, жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, артериялық қысымның төмендеуі болып, кардиогенді шок болуы мүмкін.
    Қолданылатын дәрі топтары:
    1. Қатты ауырсынуды басуға: наркотикалық анальгетиктер: Морфин 1%-1мл амп., Фентанил 0,005%-2мл;
    2. Үрей, қорқыныш сезімін басуға: транквилизатор: Диазепам (Сибазон, Реланиум-Relanium) 5мг таб.; 0,5%-2мл;
    3. Жүрек ритмін реттеуге антиаритмиялық әсерлі жергілікті анестетик: Лидокаин 2% - 2мл амп.;
    4. Қанның ұюына қарсы: антикоагулянт: Гепарин (Heparinum) 5000 ӘБ – құтыдағы сұйық, Фраксипарин 0,3/0,6/0,8мл дайын шприцте;
    5. Тромбтарды ерітуге, қан сұйылтуға: антиагрегант: Аспирин (ТробоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил) 50,75,100мг таблеткада;
    6. Жаңа пайда болған фибриндерді ерітуге: фибринолитикалық дәрі: Стрептокиназа (Streptokinasa) 250000/500000ӘБ; Алтеплаза.
    7. Қан қысымы төмендесе: α- адреномиметик: Мезатон 1%-1амп.;
    8. қан қысымы жоғары болып, жүрек жмысы бзылысында: β - адреноблокатор: Атенолол 0,025/0,05 таб.;
    9. Жүрек тамырын кеңейтуге: нитроглицерин препараттары: Перлинганит 0,1%-10мл ампулада.;
    10. Қан жүрісін жақсартып, көлемін арттыруға: плазмаалмастырғыш сұйықтар: Натрий хлорид 0,9% ерітінді, Натрий гидрокарбонаты 4% ерітінді, Глюкоза 5% ерітінді;
    11. Гипоксияның алдын алып, тынысын реттеуге: Оксигенотерапия: оттегімен демалдыру;




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   80




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет