Фармакология негіздері



бет56/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Гиполипидемиялық дәрілер тамырдың ішкі қабықшасындағы жабысқан май тәрізді заттардың (липидтер мен холестерин) таралуына әсер әтеді және пайда болуын тежейді. Жүректің ишемиялық ауруында, аорта, ми тамырларының атеросклерозында қолданылады.
Қолданылатын дәрілер: Симвастатин 5/20/40мг таб., Атарвастатин (Азтор), Клофибрат, Пробукол, Никотин қышқылы 0,05 таб.; 1%-1мл амп..


Ас қорыту мүшелері қызметіне әсер ететін дәрілер
Ас қорытылуының бұзылуы және осы үрдіске қатысатын мүшелердің аурулары өте жиі кездеседі. Бұл мүшелердің жұмысын қалпына келтіруде көптеген дәрі топтары қолданылады.
Ас қорытуға бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше мүшелер қатысады. Ас қорыту ауыз қуысында астың сілекеймен араласып, шайнаудан басталады. Ары қарай жұтқан ас кеңірдектен өтіп, асқазанға түсіп, қорытылуы жүзеге асады. Астың қорытылуы мен сіңуі ащы ішекте өтеді. Асқазан ішек жолдары секреторлы қызметі, яғни сөл бөліну, ферменттер бөліну үрдісі жүріп, тамақты ыдыратып, қанға сіңіреді. Асқазан ішек жолдары жылжыту-жиырылу қызметінің арқасында тамақ тоқ ішекке өтіп қорытылмаған бөлігі сыртқа шығарылады. Бөліп шығару қызметінің көмегімен нәжіс сыртқа шығады. Ас қорыту үрдісі гипоталамуста орналасқан ас қорыту орталығымен реттеледі (глюкокортикоидтар, гастрин, секретин гормондарының қатысуымен).
Ас қорыту мүшелерінің қандай қызметі бұзылуына байланысты әртүрлі дәрілер қолданылады.
Ас қорыту мүшелері қызметіне әсер ететін дәрі топтары
1. Тәбетке әсер ететін дәрілер:
а) тәбет ашатын дәрілер
б) тәбет жоятын (анорексигенді) дәрілер.
2. Құсуға қарсы қолданылатын және құстыратын дәрілер.
3. Асқазан секрециясына (сөл бөлінуіне) әсер ететін дәрілер:
а) асқазан секрециясын күшейтетін дәрілер
б) асқазан секрециясын төмендететін дәрілер
в) антацидтер
г) гастропротекторлар
д) Хеликобактерге қарсы дәрілер
4.Өт айдайтын дәрілер:
а) холеретиктер
б) холекинетиктер
в) холелитолитикалық дәрілер (тас ерітетін)
Гепатопротекторлар
5. Ұйқы безі секрециясына әсер ететін дәрілер:
а) ферментті дәрілер
б) антиферментті дәрілер
6.Асқазан ішек жолдары моторикасына әсер ететін дәрілер:
А) Іш жүргізетін дәрілер;
Б) Диареяда қолданылатын дәрілер;
В) Ішек микрофлорасына әсер ететін дәрілер.

1.Тәбетке әсер ететін дәрілер


Тәбет дегеніміз тамаққа қанағаттылық сезімі.
Тәбет қарын ашқанда пайда болады. Ол энергиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру керектігі туралы белгі. Бұл сезім белгісі гипоталамустан келеді. Гипоталамуста: ашығу орталығы және тойымдылық орталығы бар. Ашығу орталығын қуаттандырса ашығу сезімі пайда болып, адам тамақтануға ниеттенеді. Егер тойымдылық орталығын қуаттандырса ашығу орталығы қызметі тежеліп, керісінше тойымдылық сезімі пайда болады. Бұл екі орталық бір-бірімен байланысты.
Тәбетті қалпына келтіруге арнайы тәбет ашатын және тәбет жоятын (анорексигенді) дәрілер қолданылады.
1.1. Тәбет ашуға дәрілер және дәмдеуіштер қолданылады.Олар: Ащы жусан тұндырмасы, бақ- бақ, иір тамыры, жолжелкен, қызыл бұрыш тұндырмасы, желкен (хрен).
Дәмдеуіштер тілдегі сезім рецепторларын тітіркендіріп, асқазан сөлінің бөлінуін рефлекторлы көбейтеді. Бұл әсер ету механизміне ашығу орталығының қозуы себеп. Дәмдеуіштерді тамақтанардан 15-30 мин бұрын тәбетсіздікте қолданады.
Тәбет ашуға әсер ететін басқа дәрілер: ципрогептадин (апетиген, перитол), инсулин, дәрумендер, анаболикалық стероидтар, карнитин, апилак.
1.2. Тәбет жоятын дәрілер (анорексигенді- an-жоқ, orexis-тәбет) семіздікте (диета және қозғалыс белсенділігімен бірге) және гормонды бұзылыстардан болған семіздікте қолданылады. Анорексигенді дәрілер гипоталамустағы тойымдылық орталығын қуаттандырады.
Тәбет жоятын анорексигенді дәрілер: Дексфенфлурамин (изолипан), Фенфлурамин, Сибутрамин, Фепранон, Мазиндол, Орлистат, Дезопимон.
Жанама әсері: ауыз құрғау, диарея немесе іш қату, артериялық қысымның көтерілуі, ұйқысыздық, дәріге тәуелділік, үйреншіктік.
Қарсы көрсеткіштері: гипертония, жүктілік, жүрек қан тамырындағы және ми қан айналымы бұзылыстары, глаукома, психикалық аурулар, гипертиреоз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет