Фармакология негіздері


Дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы



бет6/80
Дата14.03.2023
өлшемі192,65 Kb.
#74000
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80
Байланысты:
Фармакология негіздері (2)

Дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы- халықаралық денсаулық сақтау ұйымының ұсынған атауы.





Нарықтық атауы

Патенттелмеген халықаралық атауы

Фармакологиялық тобы

1

Адреналин

Эпинефрин




2

Мезатон

Фенилэфрин




3

Глюкоза

Декстроза




4

Эуфиллин

Аминофиллин




5

Димедрол

Дифенгидрамин




6

Полиглюкин, реополиглюкин

Декстран




7

Альбуцид

Сульфацил- натрий




8

Супрастин

Хлоропирамин




9

Новокаин

Прокаин




10

Промедол

Тримеперидин




11

Конкор

Бисопролол




12

Энам

Эналорил




13

Коринфар

Нифедипин




14

Левомицетин

Хлорамфеникол




15

Трихопол

Метронидазол




16

Трентал

Пентоксифиллин




17

Дицинон

Этамзилат




18

Капотен

Каптоприл




19

Плавикс

Клопидогрел




20

Панадол, эфералган

Парацетамол




21

Хлоргексидин

Гибитан






Жалпы рецептура.


Жалпы рецептура – дәрілердің рецептіде жазылу ережелері, дайындалу, қабылдау тәсілдерін оқытатын фармакология бөлімі.
Дәрілік заттар – аурулардың алдын алу, диагностикасы, емдеу үшін, жүктілікті болғызбау үшін қолданылатын дәрілік қосылыстар.
Дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік түрдегі (пішіндегі) дәрілік зат.
Дәрілік түр (пішін) – дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі.
Субстанция- (лат. Substantia- негізін қалаушы, мазмұн, мән)- дайын дәрі- дәрмектерді және дәрілік түрлерді дайындауға пайдаланылатын стандартталған биологиялық белсенді зат. (ҚР МФ 1- 540 бет)
Негізгі зат - дәрі құрамындағы белсенді әсер ететін дәрілік зат.
Қосалқы заттар - өндіру мен дайындау процесінде дәрілік түрлердің нақты қасиеттеріне қол жеткізу үшін қолданылатын заттар (су, крахмал, глюкоза, тальк, спирт, вазелин, сұйық майлар, какао майы, желатин, глицерин, ланолин, т.б.).
Кез келген дәрі белсенділік көрсететін емдік әсерлі дәрілік негізгі заттан және дәрілік қалыпқа келтіру үшін қосылатын қосалқы заттардан тұрады.
Дәрілік түрлер

  1. Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, гранула немесе түйіршіктер (домалақтар).

  2. Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, шырыш, тұнба тұндырма, қайнатпа, сығынды, экстракт, микстура, шәрбәт, шырын, линимент, май, спирт, т.б.

  3. Жұмсақ дәрілік түрлер: жағылма, ембалауыз (суппозиторий), паста, крем, гель, жапсырма.

  4. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер: ампуладағы, құтыдағы стерильді ерітінділер және құрғақ стерильді лиофильді ұнтақтар.

  5. Әртүрлі дәрілік түрлер: аэрозолдар, көз қабықшалары, пластиналар.


Ұнтақтар (Pulvis) - сусымалы қасиеті бар ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілік түр.
Таблетка (Tabulettae) - дәрілік зат, қосымша ұнтақтар мен басқа заттарды нығыздау арқылы алынған, мөлшерленген дәрілік түр.
Драже (Dragee) - қант гранулаларына дәрі мен қосымша заттарды қабаттау арқылы алынған дәрілік түр.
Капсула (Capsula) - арнайы қабықшаларға салынған мөлшерленген дәрі.
Жағылма (Unguentum) - консистенциясы тұтқыр сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрі.
Ембалауыз (Suppositorium) - қуыстарға енгізуге арналған дене температурасында еритін мөлшерленген жұмсақ дәрі.
Жапсырма (Emplastra) - теріге жабысатын қасиеті бар, жұқа қабатты жұмсақ дәрі.
Пасталар (Pastae) - құрамында 25%-65% ұнтақ тәрізді заттары бар мөлшерге бөлінбеген жағылмалардың бір түрі
Ерітінді (Solutio) - дәріні еріткішпен араластыру арқылы алынатын сұйық дәрілік түр.
Шырыш (Mucilago) - жабысқақ әсерлі, тұтқыр жоғары молекулалы сұйық дәрі.
Суспензия (Suspensio) - қатты дәрілік заттардың бір сұйықтықтағы қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр
Эмульсия (Emulsum) - бір- бірінде ерімейтін сұйықтықтардан тұратын дәрілік түр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет