Фармакология


Негізгі рецептуралық қысқартулар



бет11/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Негізгі рецептуралық қысқартулар

āā

ana

тең мөлшерде

ac., acid.

acidum

қышқыл

amp

ampulla




aq.dest

aqua destillata




Cort.

Cortex




D.

Da. Detur. Dentur.




D.t.d.

Da tales doses




dil.

dilutus, a, um




dec.

decoctum




emuls., em.

emulsum




extr.

extractum




f.

fiat (fiant)




fl.

fluidus, a, um




flor.

florum




fol.

folium




gtt., gtts.

guttam. guttas




hb.

herba




inf.

infusum




in amp.

in ampullis




in tab.

in tabulettis




Linim.

Linimentum




lig.

Liquor




M.

Misce (Misceatur)




N.

Numero




Ol.

Oleum




Past.

Pasta




Pil.

Pilula




Pulv.

Pulvis




q.s

quantum satis




r., rad.

radix




Rp.

Recipe




rep.

repete (repetatur)




rhiz.

rhizome




S.

Signa (Signetur)




sem.

semen




simpl.

simplex




sir.

sirupus




Sol.

Solutio




Steril.

Sterilisa (sterilisetur)




Supp.

Suppositorium




Tab.

Tabuletta




Ung.

Unguentum




vitr.

vitrum






Рецептің құрылысы. Рецепте рецептің жазылған күні (күні, айы, жылы); науқастың тегі, аты-жөні; дәрігердің тегі, аты-жөні көрсетіледі. Рецепте дәрігердің фармацевтке жазған үндеуі латын тілінде Recipe: (Rp.:), яғни «Ал»: сөзімен басталып, дәрілік түрдің атауы, дәрілік заттың атауы мен оның мөлшері ілік септігінің жекеше түрінде (кейде табыс септігінде) жазылады.
Егер науқастың жағдайы ауыр болса және тез арада дәрілік көмек көрсету қажет болса, онда дәрігер рецептің жоғарғы оң бұрышына «Cito!», “Statim!”, «Citissime!» (тез!, өте тез!, жылдам!) белгісін қояды. Мұндай рецептер бойынша дәрі-дәрмектер тез дайындалып, кезектен тыс босатылады.
Жазылымның қысқартылған және толық түрі бар. Жазылымның қысқартылған түрінде рецепте бірінші дәрілік түрдің атауы (Solutionis… Ерітіндісінің…; Suspensionis… Суспензияның; Unguenti… Жағылманың ... с.с.), дәрілік заттың атауы, концентрациясы мен мөлшері көрсетіледі. Ал жазылымның толық түрінде дәрілік препараттың құрамына кіретін дәрілік заттың барлық ингредиенттердің атауы мен мөлшері көрсетіледі. Қазіргі таңда дәрігерлер фармацевтикалық өндірістерде өндірілетін дайын дәрі-дәрмектерге рецепт официнальды жазылымның қысқартылған түрінде жазады. Ал дәрігердің нұсқауы бойынша дайындалған дәрілерге рецепт магистральды жазылымда жазылады.
Дәрілік заттардың мөлшері ондық өлшеу жүйесіндегі цифрлармен грамда көрсетіледі:
1,0 – 1 грамм немесе 1000 мг
0,1 – 1 дециграмм немесе 100 мг
0,01 – 1 сантиграмм немесе 10 мг
0,001 – 1 милиграмм
0,0001 – 1 дицимиллиграмм немесе 0,1 мг
0,00001 – 1 сантимиллиграмм немесе 0,01 мг
0,000001 – 1 микрограмм немесе 0,001 мг
Сұйық дәрілік заттар миллилитрде, грамда немесе тамшыда көрсетіледі. Тамшыларды рим санымен (gtts.) мысалы gtts.V (бес тамшы) деп белгіленеді. Әсер бірлікпен мөлшерленетін дәрілік заттардың көлемі (мөлшерін) ӘБ деп белгіленеді.
Егер рецепте негіздің мөлшері көрсетілмесе, онда қажетті мөлшерге дейін (quantum satis) деп жазылады, яғни индиферентті (қосымша) заттарды қажетті мөлшерге дейін қосыңыз дегенді білдіреді.
Егер дәрілік заттардың мөлшері бірдей болса, онда санын бір рет бірдей (āā) етіп алыңыз деп көрсетеді.
Соңынан D.S. (Босат. Белгіле.) сөзімен латын бөлімі аяқталып, сигнатурасы мемлекеттік немесе ұлтаралық қатынас тілінде (науқастың түсінікті тілінде) жазылады: 1) мөлшерін (1 ұнтақтан, 1 таблеткадан, 1 ас қасықтан, 20 тамшыдан және т.с.с.) 2) дәрі-дәрмектерді қабылдау уақытын (күніне неше рет, тамақтан бұрын, тамақтан соң, тамақ үстінде, түнде және т.с.с.), 3) препараттың қабылдау тәсілі (күре тамырға, тері астына баяулатып және т.с.с.) науқасқа рецепті бермес бұрын дәрігердің қолы мен мөрі қойылуы тиіс.
Наркотикалық, психотропты дәрі-дәрмектерге рецепт 07.04.2005ж. шыққан №173 бұйрық «ҚР бақылауда тұратын, наркотикалық, психотропты дәрілік заттарды және оның прекурсорларын медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы» ережесіне сәйкес жазылады.
Наркотикалық дәрілерге рецепт амбулаториялық науқастарға емдеу мекемесінің штампы қойылған ҚР ДСМ департаменті бекіткен арнайы рецептуралық бланкта жазылуы тиіс. Наркотикалық дәрілерге рецепті дәрігер өз қолымен жазып, қолын қойып, жеке мөрімен куәландыруы тиіс. Сонымен қатар рецептегі дәріні тағайындауға, жауапты мекемесінің бас дәрігері немесе оның орынбасары қол қойып, емдеу мекемесінің дөңгелек мөрімен куәландырылады. Улы және наркотикалық дәрілерге ҚР ДСМ бекіткен үлгісіндегі арнайы қызғылт бланкте науқастың ауру тарихының диагнозы, нөмірі мен аурудың мекен-жайы көрсетіледі.



Рецепт №__________
Код_______________
__________________
Денсаулық сақтау ұйымының штампы
___________________
Рецептің жазылған күні
«__»_______200__ж.
Аурудың аты-жөні, жасы____
________________________
Мекен жайы______________
Аймақтың №______________
Аурудың медициналық құжатының
№__________________________
Дәрігердің аты-жөні____________
____________________________
Rp.:_________________________
__________________________
__________________________
_____________________________
Дәрігердің қолы
мен өзінің мөрі




Рецепт №__________
Код_______________
__________________
Денсаулық сақтау ұйымының штампы
___________________
Рецептің жазылған күні
«__»_______200__ж.
Аурудың аты-жөні, жасы____
________________________
Мекен жайы______________
Аймақтың №______________
Аурудың медициналық құжатының
№__________________________
Дәрігердің аты-жөні____________
____________________________
Rp.:_________________________
__________________________
__________________________
_____________________________
Дәрігердің қолы
мен өзінің мөрі

Қателіктерді түзетуге рұқсат етілмейді Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады

Бланк нөмірі






Қателіктерді түзетуге рұқсат етілмейді Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады

Бланк нөмірі



Құрамына «А» тізімінің улы дәрі-дәрмектері, кодеин, кодеин фосфат, этилморфин гидрохлориді, басқа дәрілік препараттар қоспасымен этаминал-натрий; клофелин таблетка түрінде, ұйықтататын дәрі-дәрмектер, психозға қарсы (нейролептиктер), антидепрессанттар, стериодты гормондар, транквилизаторлар, астматин және астматол, құрамында 8-оксихинолин туындылары бар препараттар, заманиха тұндырмасы кіретін дәрі-дәрмектер арнайы рецептуралық бланкіде жазылып, емдеу-сауықтыру мекемесінің «Рецептер үшін» деген мөрімен, штампымен, дәрігердің жеке қолы және мөрімен куәландырылады. Рецептің бұл соңғы бөлімінің заңдық мәні бар. Дәрігер рецептке қол қоя отырып, берілген дәрілік препараттың науқасқа дұрыс белгіленгендігіне жауапты болады. Егер рецепте дәрілік заттың мөлшері МФ-да көрсетілген мөлшерден артық жазылса, улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дәріханадан жарты мөлшерде босатылады.


Құрамында улы, наркотикалық дәрілік заттары, этанолы бар экстемпоральды дайындалған дәрілік түрлерді босатқан кезде, рецепт орнына науқасқа сары сызығы бар «Сигнатура» (рецепт көшірмесі) беріледі.
Наркотикалық заттарға рецепт жазылған күннен бастап 3 күнге дейін жарамды.
Этилморфин гидрохлоридінің көз тамшылары мен жағылмаларына, дәрігердің «Арнайы тағайындауы бойынша» нұсқауы болғанда, 1г-ға дейінгі мөлшерде жазылуы мүмкін.
Инкурабельді онкологиялық ауруларды емдеу үшін бір рецепте наркотикалық және ұйықтататын дәрілік заттардың мөлшері 2 есе артық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда онкологиялық науқасты наркотикалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін емдеу-сауықтыру мекемесінің мөрімен куәландырылған, мекеме басшысының жазбаша түрдегі шешімімен тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәріханада бекітіледі. Созылмалы ауруларға берілетін дәрі-дәрмектерге рецепт жазған кезде, оның ішінде катаракта мен глаукоманы емдеу үшін дәрігер рецептің жарамдылық мерзімін (1 жылдан артық емес) және дәріханадан дәрінің босату мерзімін (апта сайын, ай сайын және т.б.) көрсетіп, жеке мөрі және қолымен куәландырады.
Емдеу-сауықтыру ұйымдарынан ұзақ қашықтықта орналасқан ФАБ-ң меңгерушілері, фельдшерлер дәрігерлік қабылдауымен барлық қажетті дәрі-дәрмектерге (есірткі заттардан басқа), сонымен бірге тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектерге рецепт жазуға құқылы.
Дәрігер, тіс дәрігері, фельдшер, акушер өзінің жазған рецептеріне жеке жауапты болады. Рецепт аталған талаптардың кемінде біреуіне жауап бермесе немесе құрамында сиымсыз дәрілік заттар бар болса, жарамсыз деп саналады. Бұл жағдайда дәріхана қызметкері рецепт жазған дәрігермен немесе басқа қызметкерлермен байланысып, препараттың атын, оның бір реттік мөлшерін, фармакологиялық сиымдылығын анықтап, содан кейін ғана науқасқа дәріні босатуға міндетті. Барлық дұрыс жазылмаған рецепттер дәріханада қалып, «Рецепт жарамсыз» деген штампымен күші жойылады, арнайы журналға тіркеліп, ол туралы ақпарат тиісті емдеу-сауықтыру ұйымының басшысына 3 күн аралығында хабарлануы тиіс.
Құрамында улы және наркотикалық дәрілік заттары бар дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ этил спиртін дәріханадан алуға емдеу-сауықтыру ұйымдарының талабы латын тілінде жазылады.
Емдеу-сауықтыру ұйымдарының улы және наркотикалық дәрі-дәрмектерге, этил спиртіне талаптары ұйым басшысының немесе оның емдеу бөлімі бойынша орынбасарының қолы мен мөрі, штампы бар бөлек бланкіге жазылуы тиіс. Тапсырыста бөлменің немесе бөлімнің атауы, спирттің концентрациясы (егу үшін, сыртқа қолдану үшін, ішке пайдалану үшін, көз тамшылары және т.б.) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет