Фармакология


Дәрілік заттардың ағзада таралуы



бет38/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Дәрілік заттардың ағзада таралуы. Дәрілер қанға сіңірілгеннен кейін немесе тікелей қанға енгізілгеннен кейін ағзаның сулы фазасында – қанда, жасуша сыртындағы және жасуша ішіндегі (дене салмағының 70%) суда таралады. Ересектерге қарағанда балаларда судың ағзада көп болуынан кейбір дәрілердің таралу көлемі артады, оларға: Жүрек гликозиді-дигоксин, холиноблокаторлар – атропин, антибиотиктер – аминогликозидтер, сондықтан оларды үлкендердің дозасымен салыстырғанда 1 кг салмаққа артық мөлшерде белгіленеді. Ағза сусызданған жағдайда дәрілердің таралу көлемі азаяды және олардың концентрациялары өседі, фармакологиялық әсері күшейеді.
Күре тамырға енгізгенде дәрілердің басым концентрациясы қанмен жақсы жабдықталған мүшелерде – бас миында, жүректе, бауырда, бүйректе, өкпеде, эндокринді безде пайда болады. 6-10 минут өткеннен соң дәрілер қанмен жабдықталуы аз мүшелер – қаңқа бұлшық еттерінде, май ұлпаларында таралады. Ішке, бұлшық етке және тері астына енгізгенде сіңірілуі мен таралуы қатар жүреді.
Дәрілердің таралуына биологиялық кедергілер тосқауыл болуы мүмкін. Ол: капилляр қабырғасы, жасуша мембраналары, гематоэнцефальды және нематоофтальмалдық кедергілер. Капиллярлар – дәрілер үшін оңай өткізгіш. Липидте еритін заттар эндотелий және базальды мембраналар арқылы диффузияланады, ал суда еритін заттар капилляр қабырғаның 0,2% беткейін алып тұратын кең саңылаулар арқылы диффузияланады.
Дәрілік заттардың биотрансформациясы – тотығу-тотықсыздану, гидролиз және конъюгация жолымен жүреді. Биотрансформация процесі бауырдың микросомальды ферменттерінің әсерінен өзгереді. Кейбір препараттар (фенобарбитал, рифампицин, гризеофульвин) бауыр ферменттерінің белсенділігін жоғарылатады, ол басқа препараттардың әсерінің әлсіруіне алып келеді. Кейбір препараттар (фуразолидон, метронидазол) бауыр ферменттерінің белсенділігін төмендетеді, ол басқа бірге қолданылған препараттардың әсерінің күшеуіне алып келеді.
Шығарылу жолдары. Дәрілік заттар ағзадан бүйрек, бездер арқылы, ал ұшқыш заттар - өкпе арқылы шығарылады. Газ тәрізді және ұшқыш заттар (Мысалы, ингаляциялық наркозга арналған дәрілер) өкпемен шығарылады.
Кейбір препараттар сілекей бездерімен (йодидтер), асқазан бездерімен (хинин, никотин), ішек бездерімен (органикалық қышқылдар) және жас бездерімен (рафампицин) шығарылады. Кейбір заттар (ұйықтататын дәрілер, анальгетиктер, этил спирті, никотин) лактация кезінде сүт бездерімен шығарылып, сүтпен бала ағзасына түсіп, оған жағымсыз әсер көрсету мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет