Инсулиннің депо-препараттары т/а, кейде б/е, енгізілетін суспензия болып табылады.
Әсері орташа инсулиндер (инсулинның суспензиялары) – әсері 30 мин. – 3 сағ. басталып, 14-24 сағ. созылады. Оларға: инсуман Базал, протафан НМ, исофан ХМ, хумулин Н НПХ жатады. Әсері ұзақ инсулиндер (кристаллды цинк-инсулиннің суспензиялары) әсері 3-4 сағ. басталып, 24-28 сағ. созылады. Оларға: ультратард НМ, ультратарл ЧМ, хумулин У ультраленте жатады. Инсулиндердің жанама әсеріаллергиялық реакциялар, мөлшерін асырғанда гипогликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері төмендеуі) байқалуы мүмкін. Егер қант диабетін емдемеген жағдайда гипергликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері жоғарлауы) байқалады. Екі жағдайда өте қауіпті болып саналады.
Ауыз қуысы арқылы енгізілетін диабетке қарсы дәрілер 35-40 жастан асқан науқастарда II типтегі қант диабетінде (инсулинге тәуелсіз) ауыз қуысы арқылы енгізілетін препараттар белгіленеді.
Сульфонилмочевина туындыларыұйқы безі жасушаларындағы, эндогенді инсулиннің синтезін және босап шығуын күшейтеді.
Butamidum- бутамид (орабет) (Б): 0,25 және 0,5 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігінде 1-3 рет 1 сағ. тамақтан алдын қабылдау қажет.
Glibenclamidum (манинил)- глибенкламид(Б): 0,005 таб. шығарылып, ½-1 таб. тәулігіне 1-2 рет аш қарынға және тамақтан 2 сағ. соң белгіленеді.
Букарбан, толазамид, хлорпропамид, глипизид (глюренорм), гликлазид (диабетон, предиан). Бигуанидтер ұйқы безінен тыс әсер етеді, яғни инсулинге тәуелсіз глюкозаның ұлпаларға сіңірілуін күшейтеді. Липолизді күшейтіп, АІЖ-да глюкозаның сіңірілуін азайтады.
Glibutidum – глибутид (адебит) (Б): 0,05 таб. тамақ үстінде қабылдау қажет.
Глиформин, фенформин, метформин, (сиофор), акарбоза (глюкобай). 5.Бүйрек үсті безінің қыртысының гормондарының препараттары Бүйрек үсті безінің қыртысының қабатынан минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар және жыныс гормондары деп аталатын өмір сүруге маңызды 40-қа жуық гормондар өндіріледі.
Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар кортикостероидтарға жатады. Ағзада холостериннен немесе ацетилкоэнзимнен синтезделеді. Бұл процесс гипофиздің АКТГ-мен реттелініп отырады. Кортикостероидтар синтетикалық жолмен алынады.