Фармакология


Дәрілік заттардың фармакодинамикасы



бет39/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Дәрілік заттардың фармакодинамикасы
Фармакологиялық әсер ағзаға дәрілік заттардың әсер етуі нәтижесінен болатын мүшелер мен жүйелер қызметіндегі өзгерістер: жүрек жиырылуының өзгеруі, бронхтың кеңеюі, артериялық қысымның (АҚ) көтерілуі немесе төмендеуі, ауырсынуды сездірмеу, дене қызуының төмендеуі және т.б. өзгерулер.
Әсер ету механизмі деп дәрілік заттің фармакологиялық әсер тудыруын айтамыз. Кейбір препараттар арнайы рецепторлармен өзара әрекеттесіп, химиялық қосылыстарға түседі. Кейбіреулері жасуша мембранасының өткізгіштігін өзгертеді және т.б.


Дәрілік заттардың әсерінің түрлері
Басты (негізгі) әсер деп – препараттың керекті ем үшін қолданылуы.
Жанама әсер асқынуға алып келетін дәрілік заттың қажет емес әсері. Заттың қолданған жерде пайда болған әсерін жергілікті әсер дейміз. Мысалы, бүркеуші заттар шырышты қабықты бүркеп, афферентті жүйкелердің қозуын азайтады. Заттың сіңіріліп жалпы қан айналымға, одан кейін ұлпаларға түскеннен кейін басталған әсерін резорбтивті әсер деп аталады. Жергілікті және резорбтивті дәрілік заттардың әсері тікелей немесе рефлекторлы болуы мүмкін. Тікелей әсер заттардың ұлпалармен қосылған жерінде пайда болады. Рефлекторлы әсерде заттар экстеро-немесе интерорецепторларға әсер етіп, сол арқылы мүше қызметін өзгертеді. Мысалы, лобелин гидрохлориді коротидті шумақтағы орналасқан хеморецепторларды қоздыру нәтижесінде рефлекторлы түрде тыныс алу орталығын қуаттандырады, тыныстың көлемін және жиілігін жоғарылатады. Қосымша әсер бір мүшеге әсер ете отырып келесі мүшенің қызметін өзгертуі. Зат әсерлесетін субстраттардың белсенді макромолекула топшаларын рецептор дейміз.


Дәрілік терапияның түрлері
Этиотропты терапия – аурудың себептерін жоюға бағытталған. Патогенетикалық терапия – ауру процесін қысқартуға және асқынуларды болдырмауға бағытталған. Мысалы, артериялық гипертензияда антигипертензивті дәрілер, жүрек жеткіліксіздігінде жүрек гликозидтері, ревматизмде қабынуға қарсы дәрілер белгіленеді. Симптоматикалық терапия – аурудың жеке белгілерін жоюға бағытталған. Орын басу терапиясы ағзаға гормондар, ферменттер жетіспеушілігінен туатын ауруларға қарсы қолданылатын терапия. Ол кезде гормондар, оның аналогтары және ферменттік препараттар қолданылады. Профилактикалық терапия алдын алу мақсатына бағытталған. Мысалы, антисептиктер, дезинфекциялық және вирусқа қарсы дәрілер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет