Фармакологияның даму тарихы. Атақты фармакологтар. Фармокология және фармакопея комитеттері, олардың қызметі. Жаңа дәрілер табу жолдарының принциптері


Үлкен эпилепсияға қолданылатын дәрілер. Әәсерінің механизмі



бет17/35
Дата17.06.2023
өлшемі90,57 Kb.
#101939
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Farm 2 kurs

7. Үлкен эпилепсияға қолданылатын дәрілер. Әәсерінің механизмі.Эпилепсиның үлкен тырысу ұстамаларының алдын-алу үшін қолданылатын негізгі дәрілер-карбамазепин, дифенин,натрий вальпроаты, феноборбитал.Үлкен ұстамаларды емдеуде көмекші заттар ретінде гексамидин, хлоракон қолданылады.Феноборбитал (люминал) айқын ұйықтататын әсер көрсетеді. Феноборбиталдың әсер ету механизмі ГАМҚ-ергиялық жүйені белсендендіруіне байланысты.макромолекуларлы ГАМҚ-рецепторлық кешеннің барбитураттары рецепторына ықпал ету арқлы ГАМҚ-ның әсерін жоғарылатады.Дифенин-ол натрий өзектерін тежеп, олардың инактивациялану уақытын ұзартады, сондай-ақ жоғары сапалы разрядтардың таралуына (генерациясына) және жайылуына кедергі жасайды.


8. Кіші эпилепсияда және психомоторлы эквиваленттерде қолданылатын дәрілер.Психомоторлық ұстамаларда дифенин, гексамидин, хлоракон, сондай-ақ феноборбитал қолданылады. Соңғы жылдарда эпилепсияның осы түрінде тиімді кең таралған препарат карбамазепин (стазепин, тегретол, финлепсин)психомоторлық ұстамаларды емдеу үшін ГАМҚ-ның жаңа аналогы-габапептин (нейронтин) ұсынылады. Оның әсер ету механизмі белгісіз. Препаратқа анксиолитикалық және ауыру сезімін басатын белсенділіктер тән.Эпилепсияның кіші ұстамаларын алдын-алуда негізінен этосуксимид, натрий ваальпроаты, сонымен қатар клоназепам, ламотриджин және тирметин қолданылады.
9.Фармакологиялық топтарды дәрілік препараттармен сәйкестендіріңіз:

Дәрілік препараттар

Фармакрологиялық топтар

1.Бромокриптин.
2.Зопиклон.
3.Доксиламин.
4.Ламотриджин

А. Ұйықтататын дәрілер
Б. Эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілік заттар
В. Паркинсон ауруға қарсы қолданылатын дәрілік заттар

1-В, 2- А, 3-А, 4-Б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет