5.Ұйықтататын дәрілер.Химиялық құрылысы.Барбитураттармен жедел улану.Көмек көрсету.Ұйықтататын дәрілердің жіктелуі: Барбитур қышқылының туындылары. Фенобарбитал (люминал), этаминал-натрий (нембутал) Эстимал (амитал) Циклобарбитал (фенодорм) Циклобарбитал+диазепам («Реладорм»). Бензодиазепин туындылары. Нитразепам (радедорм, эуноктин, берлидорм). Флунитразепам (рогипнол, сомнубене). Триазолам (хальцион). Мидазолам (дормикум, флормидал). Флуразепам (далмадори) Лоразепам (толид) Темазепам. Басқа да химиялық қосылысты дәрілер. Зопиклон (имован) Золпидем (ивадал) Доксиламин (донормил) Бромизовал Метаквалон Геминейрин (хлометиазол) Хлоралгидрат Натрий оксибутираты Фенибут.Ұйықтататын дәрілермен жедел улану. Абайсызда, әдейі немесе қате артық мөлшерлеуде улануларға алып келеді.Белгілері: ұйқы келуі, апатия, миоз, брадикардия; әрі қарай коматозды жағдай: естүссіздік, рефлекстің және тыныс алудың тежелуі, АҚ-ң төмендеуі, ауырған жерін сезбеу, дене қызуының төмендеуі, қаңқа бұлшық еттерінің босаңсуы, қан айналымының бұзылуы және тыныс алу салдануынан өлімге алып келуі мүмкін.Жәрдем: асқазанды шаю, гемодиализ, гемосорбция және перитонеальды диализ жасау қажет. Барбитураттармен жеңіл уланғанда күре тамырға оның антогонисттері темегрид (0,5% -10мл ерітінді ампулада), флюманезил, оттегімен емдеу, пневманияның алдына алу үшін антибиотиктер; инфузиялық терапия – полиглюкин, витаминдер.Фенобарбитал – Phenobarbitalum (Б):0,05 және 0,1 таб шығарылып, 1,2 таб.тағайындалады. Әсері 6-8сағ созылады. Фенобарбитал тырысуға қарсы және эпилепсияға қарсы қолданылады.Этаминал – натрий: ұнтақ; ұйықтардан 0,1-0,2 таб 30 мин алдын қабылдау қажет. Әсері 4-6 сағатқа созылады. 5% 5-10мл еріт к/т енгізіледі.Эстимал – Aesthimalum (Б) -0,1-0,2 таб ұйықтардан 15-30мин алдын қабылдайды. әсері 6-8 сағ созылады.Циклобарбитал – 0,1-0,2 таб, («Реладорм» таб) – этаминал – натрийге ұқсас.
6.Паркинсонизмге қарсы қолданылатын дәрілер. Әсерлерінің механизмі бойынша жіктелуі.Жағымсыз әсерлеріПаркинсонизмге қарсы әсер ететін дәрілік заттар.Пракинсон дерті қозғалуы, адамның қозғалысы тырысулар арқылы жүреді, тершең келеді, тез ашуланшақ болады.Бұл дәрілерді Паркинсон ауруын емдегенде қолданады. Паркинсон ауруы созылмалы келеді, өйткені экстрапирамидтік жүйенің ядролары бұзылады. Бұл аурудың белгілері: бұлшық еттің қысымы жоғарылап, тоқтамай дірілдейді, қимылы баяулайды. Себептері белгісіз. Зерттеулерге қарағанда базальды ядроларда, қара субстанцияда, дофаминнің құрамы төмендейді. Дофаминнің жетіспеушілігі қозғалыстың бұзылуына себеп болады. Оны толықтыру үшін L-Дофа – дофаминнің туындысын береді. Ол денеде (левадопа) гематоэнцефалдық тосқауылдан өтіп, Дофа-декарбоксилаза ферментінің қатысуымен дофаминге айналады. Дофаминергиялық жүйенің белсенділігін арттыру үшін -Левадопа (Levodopa), қара субстанцияның нейронымен дофаминді ұстауын тежеу үшін дофаминнің рецепторларын қоздырушы – Бромокриптин (Bromocriptine), моноаминоксидаза-В ферменті тежейтін – Селегилин (Selegiline). Глутаматергиялық жүйені тежейтін, соның арқасында дофаминергиялық әсердің белсенділігін арттырушы – Мидантан (Midantanum). Холинергиялық жүйені тежейтін, сондықтан дофаминергиялық және холинергиялық жүйелердің тепе-теңдігін сақтау үшін Циклодол (Cyclodolum) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |