Дәрілердің фармакодинамикасы.Мысал келтіріңіз.Дәрілердің фармакодинамикасы-(грек тілінен pharmacon - дәрілік зат, dinamis – күш,мүмкіндік, қабілет) дәрілік заттың орналасуын, әсер ету механизмін, фармакологиялық әсерлерін оқытатын фармакологияның бір бөлігі.
Фармакодинамиканың негізгі мазмұны - бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, сонымен қатар олардың әсер ету орны, механизмі.Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерілесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялық белсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттерін арнайы қарастырып қоймай, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі қарастырылады.
Сонымен қатар, фармакотерапияның аса маңызды түрлері, дәрілік заттардың жанама және уытты әсерлерінің жалпы заңдылықтары да талқыланады. Мысалы, норадреналин арқылы α-адренорецепторларды қоздырғанда ол көз қарашығын кеңейтеді және тамырларды тарылтады.
Организмдегі дәрілердің метоболизм жолдары. Бауыр микросомальды ферменттерінің дәрілер биотрансформациясына қатысуының маңызы.Биотрансформация-дәрілік заттардың метаболиттік алмасуы. Көптеген серпілістерде метаболиттер түзіледі. Полярлы метаболиттер майда нашар ериді, бірақ бүйрек өзекшелерінде реабсорбцияға және энтерогепатикалық айналуға (яғни, өт пен ішекке бөлінуі және қанға қайта сіңірілуі) аз ұшырайды.Метаболиздік тасымалдау реакциясы. Бауырдың эндоплазмалық ретикулымында НАДФ-н және НАД-Н тәуелді тыныс ферменттер тізбегі болады.НАДФ-Н бағынышты жүйесінде электрлердің тасымалдаушысы молекуласы және редуктаза молекуласының ара қатынасы 10/1. Адамның ерекшелігі антагенезді дәрілік заттардың метаболизмін қамтамасыз ететін ферментті жүйелердің салыстырмалы ерте пайда болуы. Бауырдың ферменттер жүйесі гестациялық кезеңде (6-8 даму аптасы) де өз қызметтерін бастайды. Биотрансформацияны қағанақ та жүзеге асырады. Туылған кезде бауырда көптеген химиялық қосылыстар тотығады. Бірақ жаңа туған сәбилердің биотрансформация ферменттерінің белсенділігі үлкендердікінің 20-80%-ын құрайды