Термиялық анализ
•
Əртүрлі жүйелердің күй диаграммаларын
физикалық-химиялық анализдің бір түрі
термиялық анализ əдісімен анықтайды.
•
Термиялық анализ деп жүйенің суынуы кезіндегі
өзгерістерді температураның уақытқа байланысты
өзгеру сипатына қарай анықтайтын əдісті айтады.
Термиялық анализ негізінде балқытылған таза
заттар мен олардың қоспаларының суыну
жылдамдығын зерттеп, Т-уақыт координатасында
суыну қисықтарын салу жатыр.
Фазалық диаграммалардың
фармациядағы маңызы
•
Күй диаграммаларын қолданып, «физикалық
үйлесімсіздікті» (ұнтақтардың), эмульсиялардың
(бұзылуын) жəне химиялық үйлесімсіздікті
(компоненттердің əрекеттесіп, жаңа химиялық
қосылыс түзуін) алдын-ала болжауға болады.
Физикалық үйлесім-сіздіктің эвтектикалық қоспа
түзілуіне байланысты екені анықталған.
Эвтектикалық қоспаларды анестезин мен резор-
цин, антипирин мен фенацетин, ацетилсалицил
қышқылы мен амидопирин т.б. түзеді.
•
Эвтектикалық қоспаның түзілуі дəрілік заттың
сапасының артуына да əкеледі. Мысалы, тимол
мен ментолдың присыпкасын дайындағанда қоспа
өте майда бөлшектерден тұрады. Бұл дəрілік
форма компоненттерінің біркелкі таралуына
əкеледі.
•
Эвтектикалық қоспадағы бөлшектердің өлшемдері
кішірейген сайын аз еритін дəрілік заттардың
биологиялық қасиеті артады.
•
Күй диаграммасы дəрілік түрді дайындауға
көмектеседі. Мысалы, суппозиторийлерді (емдеу
балауыздарын) дайындау кезінде. Майлы негізгі
зат 35-360C-та балқып (адам денесінің t0С),
320С-тан төмен температурада ерімеу керек. Күй
диаграммасы бойынша бұл талаптарды 40%
саломас жəне 60% метилстеарат, 80% парафин
жəне 20% метилстеараттан тұратын қоспалар
қанағаттандырады.