Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата18.01.2017
өлшемі1,72 Mb.
#2168
1   2   3   4   5   6   7   8

САРЫАҒАШ  АуДАНЫ  –  Оңт.  Қазақстан  обл-

ның  оңт.  бөлігіндегі  әкімш.-аумақтық  бөлініс. 

1928 ж. Келес ауд. болып құрылған. 1939 жылдан 

Сарыағаш ауд. деп аталады. Жерінің аум. 7,7 мың 

км

2

.  Тұрғыны  267,4  мың  адам,  орташа  тығызд.  1 



км

2

-ге  34,7  адамнан  келеді  (2010).  Аудандағы  154 



елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық 

округтерге біріктірілген. Орт. – Сарыағаш қ. Ірі елді 

мекендері:  Сарыағаш  қ.,  Абай  а.,  Дербісек,  Жібек 

жолы,  Ынтымақ,  Қабыланбек,  Ақжар,  Қызылжар, 

Жылға,  Дарбаза,  Ақниет,  Құркелес,  Қошқарата, 

К.Маркс, Ақжол, Таскескен, Көктерек кенті. Аудан 

жері  негізінен  төбелі,  қырқалы  жазық  болып  ке-

леді. Солт-н Белтау жотасы (592 м), батысын Ыза- 

құдық  құмы,  Қауынбаймолда  жотасы,  оңт-н  Шар- 

дара  бөгені  алып  жатыр.  Жер  қойнауынан  мәр-

мәр,  құм,  бентонит  балшығы,  шипалы  минералды 

су  барланған.  Климаты  континенттік,  қысы  жұм-

сақ,  жазы  ыстық,  қуаң.  Ауаның  жылдық  орташа 

темп-расы  қаңтарда  –2  –  3ºС,  шілдеде  24  –  28ºС. 

Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш.  200  –  

тұрғыны  41,7  мың  адам,  орташа  тығызд.  1  км

2

-ге 


шаққанда 4 адамнан келеді (2010). Аудан аумағын-

дағы 38 елді мекен 12 ауылдық, 1 қалалық және 1 

кенттік  округке  біріктірілген.  Ірі  елді  мекендері: 

Сарқант  қ.,  Қойлық,  Алмалы,  Екіаша,  Қарабөгет, 

т.б. Ауданның оңт.-шығыс, шығыс бөлігі таулы кел-

ген,  солт.,  солт.-батысы  мен  батысы  аласа  қырат, 

төбелерден  тұрады.  Басқа  бөлігі  жазық.  Оңт.-шы-

ғысы  Қытаймен  шектеседі.  Жер  қойнауынан  бен-

тонит  кені  (Үлдерсай),  құрылыс  материалдары, 

натрий  сульфаты  бар  Қарашаған  кен  орны  бар-

ланған.  Климаты  континенттік.  Қаңтар  айындағы 

ауаның  орташа  темп-расы  –7  –  10ºС,  шілдеде 

22ºС.  Жылдық  жауын-шашын  мөлш.  тау  етегінде 

450  –  550  мм,  таулы  өңірде  700  –  800  мм.  Лепсі, 

Басқан, Теректі, Сарқан, Ақсу өзендері ағып өтеді. 

Ауданның  жазық  өңірінде  Алтай,  Жасылкөл  көл-

дері бар. Жазық келген солт., солт.-батыс бөлігінің 

топырағы  сұр,  сортаңды  сұр,  құмды,  құмайтты 

сұр,  орт.  өңірінде  қоңыр,  қызғылт  қоңыр  топырақ 

қалыптасқан. Тау бөктері мен аңғарларда қызғылт 

қоңыр, қара топырақ басым. Қазақстанның «Қызыл 

кітабына»  енгізілген  өсімдіктер:  Жоңғар  бәрбісі, 

көктем жаргүлі, қаражемісті итжүзім, марал түбірі, 

Виттрок рауғашы, қызғылт радиолла, ақшыл сиягүл, 

Шренк  қызғалдағы  өседі.  Шөлді,  шөлейтті  өңірде 

қасқыр,  түлкі,  борсық,  қоян,  ақ  бөкен,  елік,  жаба-

йы шошқа, ондатр, таулы бөлігінде қоңыр аю, тау 

ешкісі, арқар, марал, суыр, т.б. кездеседі. Құстардан 

дуадақ, аққу, үйрек, қырғауыл, ұлар, кекілік, бұлды-

рық бар. Тұщы суларында сазан, шармай, алабұға, 

аққайран, патшабалық (форель), таутан балықтары 

кездеседі.  Балқаш,  Алтай  көлінде  бекіре,  ақсерке, 

табан  балық,  жайын,  көксерке  бар.  Қазақстанның 

«Қызыл кітабына» енгізілген аңдардан қызыл қас-

қыр,  Тянь-Шань  қоңыр  аюы,  сусар,  қара  күзен, 

барыс,  шағылқұм  мысығы;  құстардан  –  қызғылт 

бірқазан, көкқұтан, бүркіт, қоқиқаз, аққу, шүрегей, 

тырна, дуадақ, тарғақ, жұртшы, лашын, үкі, т.б. кез-

деседі. А. ш-на пайдаланылатын жарамды жер аум. 

2,4 млн. га, оның ішінде егістік 105 мың га, шабын-

дық 68,9 мың га, жайылым 1,7 млн. га (2008). Аудан 

аумағынан Алматы – Өскемен автомоб. магистралі 

және Түркістан – Сібір т. ж. өтеді. 

САРҚЫРАМА, С а р ы м с а қ т ы  – Есіл алабын-

дағы  өзен.  Ақмола  обл.  Сандықтау  ауд.  жерімен 



Сарыағаш

Аудандағы таулы өңір

Келес өзені


522

Сарыағаш

300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, оңт.-

шығысынан  Келес,  Құркелес,  Ащысай  өз.  ағып 

өтеді.  Жері  сұр  топырақты  және  құмды.  Онда  бе-

теге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қа-

мыс,  бұта  аралас  ағаш  өседі.  Қасқыр,  түлкі,  қоян, 

сарышұнақ,  күзен,  жылан  мен  кесірткенің  түрлері 

кездеседі. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы а-

нда кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шым- 

кент – Термез халықар. автомоб. магистралі, Орын- 

бор – Ташкент т. ж. өтеді. 

САРЫАҒАШ МИНЕРАЛДЫ СуЫ – Оңт. Қазақ- 

стан  обл.  Сарыағаш  ауд.  Сарыағаш  қ-нан  оңт.-ба-

тысқа  қарай  10  км  жерде,  Келес  өз-нің  сол  жаға-

лауындағы  ұңғымалардан  шығатын  су.  Су  орны 

жоғ. бор (сеноман) сулы қабатын бұрғылау кезінде 

ашылған (1948). Бастапқы кезде аса пайдалы, тым 

жылы (47 – 51ºС) су 867 – 1053 м тереңдікте, жер 

бетінен 80 – 100 м биіктікке көтерілген; тәул. өнімд. 

86 – 1725 м

3

 болды. Қазіргі өнімд. 300 – 720 м



3

. Оның 


құрамында көптеген микроэлементтер (мг/л есебі-

мен): йод (0,01 – 0,05), фтор (0,4 – 2,5), бор (1,0 –  

2,6), фосфор (0,05 – 0,1), әртекті металдар Al, Ag, 

Mo, Zn, Pb, Cu, Mn, Tі, Cr, Co, Zr, Nb, т.б. кездеседі. 

Судың  шипалық  қасиетін  (мг/л):  карбонат  (410), 

сульфат (72), хлор (58), натрий (225), кремний қыш-

қылы (14 – 20) құрайды. Минералды судың газдық 

құрамы:  азоттан  (85  –  87%),  оттектен  (13  –  15%), 

аздаған аргон, криптон, ксеноннан тұрады. Бұл су 

қоры шомылуға (ванна, душ) және арнайы салынған 

екі су құю з-тында (Сарыағаш қ. және Қызылту а.) 

құтыға құю үшін пайдаланылады. Курорттың мине-

ралды суының шипалық қасиеті елімізде ғана емес, 

ТМД  көлемінде  белгілі.  С.  м.  с.  әйгілі  Трускавец 

(Украина)  суына  өте  ұқсас;  С.  м.  с-ның  құрамы 

аты дүние жүзіне белгілі «Горячий ключ» (Ресей), 

«Цхалтубо»  (Грузия),  «Қызылтепе»  (Өзбекстан), 

«Янски  Лазне»  (Чехия),  т.б.  курорттарының  суы-

ның  құрамымен  бірдей.  Суы  ас  қорыту,  бүйрек, 

қимыл мүшелерін, т.б. емдеуде өте пайдалы.



«САРЫАҒАШ»  САНАТОРИЙІ  –  бальнеол.  са-

наторий.  Оңт.  Қазақстан  обл.  Сарыағаш  ауд-нда, 

Шымкент қ-нан оңт-ке қарай 145 км жерде, Келес 

өз-нің  сол  жағалауында  орналасқан.  Ташкент  қ-

нан  (Өзбекстан)  20  км  және  Сарыағаш  ст-нан  10 

км  жерде.  Сарыағаш  минералды  суы  алғаш  рет 

1948  ж.  мұнай  іздеу  барысында  бұрғылау  кезінде 

табылып, шипалық қасиеті сол жылы белгілі бол-

ған. 15 орынға арналған алғашқы бальнеол. емдеу 

орны 1950 ж. ашылған. 1953 ж. көлемі ұлғайтылып, 

250  орындық  емдеу  ғимараты  салынды  да,  ол 

обл.  Денсаулық  сақтау  басқармасының,  1960  ж. 

Қазақ  КСР-і  Денсаулық  сақтау  мин-нің  курорттар 

басқармасының  қарамағына  берілді.  1961  жылдан 

емдеу  орны  санаторийге  айналдырылып,  «С.»  с. 

болып  аталды.  Санаторийдің  құрамында  685-тен 

астам орынға арналған 9-дан аса емдік ғимарат бар. 

Жазғы маусым кезінде бұл көрсеткіш 800-ден аса-

ды. Жыл бойы жұмыс істейді. Климаты – қоңыржай-

континенттік  (қысы  –  жұмсақ,  жылы;  жазы  –  ыс- 

тық,  құрғақ).  Жауын-шашынның  жылдық  орташа 

мөлш. 350 мм-дей. Санаторийде жыл бойына ашық 

күндер көп болады. Сондықтан мұндай климаттың 

көптеген  ауруларды  емдеудегі  маңызы  зор.  Мыс., 

бүйрек  қабынуының  созылмалы  түрі,  т.б.  Негізгі  

емі  –  азотты,  натрийлі,  аз  минералданған  гидро-

карбонатты жылы су (40 – 52ºС), ол шомылу, ішу, 

ауырған  жерді  жуып-шаю  үшін  пайдаланылады. 

Сондай-ақ ыдысқа құйылған асханалық «Сарыағаш» 

минералды  суы  шығарылады.  Физиотерапия, 

тағаммен  емдеу,  емдік  дене  шынықтыру  әдіс-

тері  қолданылады,  массаж  жасалады.  Санаторий 

ас  қорыту  органдарының,  бүйрек,  қуық  аурула-

рын,  зат  алмасудағы  және  эндокриндік  жүйедегі 

ауытқуларды, сондай-ақ ауыр металдармен улануды 

емдеуге арналған. 



САРЫАДЫР  –  Сарыарқаның  батыс  бөлігіндегі 

адырлы  қырқа.  Сарыөзен  және  Мойылды  өзенде- 

рінің суайрығы саналады. Абс. биікт. 317 м. Батыс- 

тан шығысқа қарай 75 – 80 км-ге созылып жатыр. 

Іргесі жоғ. палеозойдың интрузивтік гранит, квар-

цит,  гранодиориттерінен  түзілген.  Беткейлері  сай-

жыралармен қатты тілімденген. Топырағы шөлейтті 

сұр,  қиыршықты  сортаң  сорлар  кездеседі.  Өзен 

және жылға-сайларын бойлай бұта, итмұрын, тал, 

бидайық, қырқалар беткейінде жусан, бетеге өседі.



САРЫАНДЫЗ  (Lіgularіa)  –  күрделігүлділер  тұ- 

қымдасына  жататын  көп  жылдық  шөптесін  өсім- 

дік.  Қазақстанда  ылғалы  мол  шалғындарда,  бат-

пақты жерлерде, өзендер мен жылғалардың жағала-

уында, альпі және субальпі тау белдеулерінің тасты 

беткейлерінде, егістіктерде арамшөп ретінде өсетін 

16 түрі бар. Олардың арасында биікт. 10 см-ден 1,5 м-

ге дейін жететін түрлері де кездеседі. Жапырақтары 

жүрек,  бүйрек,  ұзынша  жұмыртқа  тәрізді  немесе 

жиегі ойықша тілімденген (сирек бүтін жиекті) бо-

лады.  Бес  тісті  күлтесінің  кеңіген  бөлігі  қоңырау 

тәрізді не түтікті-қоңыраулы, тозаңқаптарының түп 

жағы үшкірленіп келеді. Сары түсті гүлдері қос жы-

нысты,  себет  гүлшоғырына  топталған.  Себеттері 

гетерогамды, гүлтабаны тегіс, сырты жалаңаш ке-

леді. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, маусым –  

қыркүйекте  жеміс  салады.  Тұқымшалары  ұзынша 

немесе цилиндр тәрізді, оның ақ кейде күрең түсті 

ұзын  айдаршасы  болады.  С-дың  3  түрі:  Карелин  

С-ы  (L.Karelіnіana),  Шишкин  С-ы  (L.  Schіschkіnі) 

және Павлов С-ы (L.Pavlovіі) – эндемиктер. Соңғы- 

сы өте сирек кездесетін (Қаратауда ғана) өсімдік ре-

тінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

САРЫАРҚА, А р қ а  – Қазақстанның бүкіл орта-

лық бөлігін алып жатқан аймақ. Солт-те Солтүстік 

Қазақ  жазығынан  оңт-те  Бетпақдала  мен  Балқаш 

көліне дейінгі аралықта орналасқан. Батыста Торғай 

үстіртіне  тіреледі.  Шығыстағы  шекарасы  Балқаш 

көлінің  солт.-шығыс  шетінен  Тарбағатайдың  ете-

гіне, одан әрі Зайсан қазаншұңқырының шетін ала 

Қалба  жотасына  дейін  жетеді.  Батыстан  шығысқа 

қарай  1200  км-ге  созылып  жатыр.  Ені  батысын-

да 900 км, шығысында 400 км. Ауд. 1 млн. км

2

-ге 


жуық. Қарағанды, Ақмола облыстарын толығынан, 

Шығыс  Қазақстан  обл-ның  басым  бөлігін,  Павло- 

дар, Қостанай облыстарының біраз жерін қамтиды. 

Биік  денудац.  жазықтардың  үстінде  шашырап  та-

раған  аласа  оқшау  таулар,  сансыз  көп  төбелер, 

қырқалар мен шоқылардан тұрады. Жер беті жан-

жағынан  қоршаған  ойпаңдарға  бірте-бірте  аласа-

рып барып, ұласып кетеді. Балқаш көлінің жартас-

ты солт. жағасына жарқабақтанып, тік түседі. 

Жер  бетінің  ерекшеліктеріне  қарай  С.  батыс  және 



523

Сарыарқа

шығыс  бөліктерге  бөлінеді.  Батыс  бөлігі  бірша-

ма аласа және азырақ тілімденген (орт. абс. биікт. 

300  –  350  м).  Бұл  бөлігінде  биік  жазықтар  және 

кең  аумақты  ойпаңдар  мен  қазаншұңқырлар  ба-

сым,  қалдық  тау  массивтері  мен  шоқылар  аз  та-

ралған. Орта тұсын кең аумақты Теңіз-Қорғалжын 

қазаншұңқыры  алып  жатыр.  Маңындағы  жазық- 

тармен  қоса  С-ның  батыс  бөлігін  солт.  және  оңт. 

аудандарға бөледі. Солт. ауданды аласа таулы, ұсақ 

шоқылы Көкшетау қыраты қамтиды (Көкше тауы, 

947 м). Оңт. ауданның жер беті көбінесе, төбелі биік 

жазық болып келеді. Батыс бөлігінде биік жазықтар 

мен қыраттардың ортасында солт-тен оңт-ке қарай 

неғұрлым ірі тау массиві – Ұлытау (1134 м) созы-

лып жатыр. Оның оңт.-шығысында Сарысу өз. ала-

бындағы төбелі биік жазығының батыстан шығысқа 

қарай созылатын шығыс бөлігі көтеріңкі (орт. абс.  

биікт.  500  –  1000  м)  және  көбірек  тілімденген. 

С-ның  солт.,  солт.-шығысы  оңт-ке  қарай  ағатын 

өзендердің  суайрығын  құрайтын  орта  тұсы  тұта-

сып  жатқан  таулы  қыраттан  және  көптеген  оқшау 

тау  массивтерінен  тұрады.  Ірілері:  Қызыларай  [С-

ның ең биік тауы (1565 м) орналасқан], Қарқаралы  

(1377  м),  Кент  (1361  м),  қиыр  шығысында  Шың- 

ғыстау  массиві  (Қособа  тауы,  1305  м)  оқшау  кө-

теріліп  тұр.  Осылармен  қатар,  айтарлықтай  тау 

массивтерінің қатарына әр жерде шашырап тараған 

Баянаула (1026 м), Қоянды (922 м), Желтау (909 м), 

Ерейментау (892 м), Нияз (830), т.б. таулар жатады. 

Осы  орт.  тау  түйінін  жан-жағынан  кең  жайылған 

биік  жазықтар  қоршайды.  Олардың  үстінде  ұсақ 

шоқылар  түзетін  қырқалар  мен  төбелер  көтері-

ліп  тұрады.  Биік  жазықтар  солт-те  Сілеті,  Өлеңті, 

Шідерті  және  Ащысу  өзендерінің  алабына  кіреді, 

оңт-нде  Солт.  Балқаш  маңын,  батыста  Ұлытау 

мен  Теңіз  ойпатына  іргелес  аудандарды  қамтиды. 

Аласа  таулы  және  төбелі  Балқаш  –  Ертіс  (1000  –  

1559 м), Сарысу – Теңіз (1134 м) және Есіл – Ертіс 

(600  –  1358  м)  басты  суайрықтары  көтерілген.  С. 

негізінен  кембрийге  дейінгі  және  палеозойлық 

метаморфтық тақтатас, кварцит, құмтас және әктас-

тардан түзілген. Олардың арасында гранит, диорит, 

габбро  интрузивтері  мен  эффузивтер  кең  тарал-

ған.  Гранит  интрузивтермен  қара  және  түсті  ме-

талл кен орындары байланысты. Тас көмір құм-саз 

түзелімдеріне жоғары сапалы тас көмір қабаттары 

жиналған. Палеозой жыныстарының үстіндегі юра 

түзілімдерінде аса бай қоңыр көмір кен орындары 

шоғырланған. Тау жыныстарының сипатымен және 

жату өзгешеліктерімен жер бедерінің түрлі денудац. 

пішіндері байланысты. Гранит жартасты, өркешті, 

шар  тәрізді  және  сандықтас  тәріздес  пішіндер 

құрайды.  Ұзынша  созылған  құмтас,  әктас  және 

тақтатас  тізбектеріне  қырқалар  мен  жалдар,  квар-

циттерге шоқылар сипатты. Аккумулятты тау жы-

ныстарының бетінде суффоз. ойпаңдар және дефляц. 

қазаншұңқырлар  кең  тараған.  Құрлықтың  терең 

түкпірлік орнына байланысты С-ның климаты тым 

континенттік, қысы қатаң, жазы ыстық. Қаңтардың 

орт. жылдық темп-расы –14 – 18ºС. Абсолют мини-

мум –46 – 52ºС. Шілденің орт. жылдық темп-расы  

19 – 24ºС, абс. максимум 40ºС-тан асады. Жылдық 

жауын-шашын  мөлшері  солт-нде  300  мм,  оңт-нде 

150  мм-ге  дейін  жетеді.  Таулардың  барлығында 

жауын-шашын  маңындағы  жазықтардан  50  мм-ге 

артық (Көкшетауда 400 мм, Ұлытауда 350 мм) түседі. 

Буланушылық  дәрежесі  түсетін  жауын-шашыннан 

2 – 4 есе көп. Жазда қуаңшылық жиі қайталанады. 

Өзендері  түгелдей  дерлік  қар  суымен  толығатын 

типке  жатады  (жылдық  ағынның  80%-дан  аста-

мын еріген қар суы құрайды). Ең ірі өзені – Есіл. 

Оның  суы  өнеркәсіп  орындарын,  елді  мекендерді 

сумен  жабдықтауға  жұмсалады.  Суайрық  жоннан 

басталып, солт. және оңт-ке қарай ағатын өзендерде 

(Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Аягөз, т.б.) көктемгі 

су тасу кезінде (2 – 3 аптада) жылдық ағынның 70 –  

90%-ы өтеді. С. арқылы үш табиғат белдемі ендік 

бағытта өтеді. Олар: дала, шөлейт және шөлдік бел-

демдер. Солт. бөлігінде және оңт. қара топырақты 

аймақта  әр  түрлі  жусанды  селеулі  дала  өсімдігі 

өседі. Шоқылардың қиыршық топырағында өсімдік 

сирек.  Шоқыаралық  аңғарларда  қайың,  көк  терек 

шоқтары, бұта кездеседі. Аласа таулы массивтердің 

теріскей  беткейлерінде  қайың  мен  қарағай  өседі. 

Көкшетау,  Нияз  және  граниттен  тұратын  басқа  да 

аласа тауларды қайыңды-қарағайлы орман белдемі 

қамтыған. С-ның Теңіз-Қорғалжын ойысынан және 

одан шығыста Түндік өз-нің алабына дейінгі бөлі-

гіндегі жазықтар мен ұсақ шоқыларда қышқыл қо-

ңыр-қызғылт топырақ қалыптасқан. Оларды бете-

ге-селеулі дала алып жатыр. Баянаула, Қарқаралы 

аласа  тауларының  беткейлерінде  қайың,  қара-

ғай  шоқ  ормандары  өседі.  Батыста  Сарысу  ала-

бынан  шығыста  Аягөз  өз.  алабына  дейін  нағыз 

қиыршықты,  тасты  шөлейт  дала  созылып  жатыр. 

Жазық  өңірінің  сортаң,  қызғылт  қоңыр  топыра-

ғында  астық  тұқымдас  жусанды  өсімдік  басым. 

Шоқылардың солт. беткейлерінде селеулі-бетегелі 

дала, оңт-нде сирек жусанды өсімдік, шатқалдарда 

бұта өсімдігі қалыптасқан. Тау шатқалдарында қа-

йың, итмұрын, мойыл, долана, тобылғы өседі. Тау 

бастарында қарағай мен арша кездеседі. Шөл бел-

демінің қоңыр және сұрғылт қоңыр топырағында 

ақ  жусан,  бұйырғын,  сұр  жусан  және  баялыш 

өседі.  С-ның  дала  белдемінде  кемірушілерден: 

аламан, суыр, сарышұнақ, қосаяқ, алақоржын, да- 

ла  шақылдағы,  жыртқыштардан  қасқыр,  түлкі, 

қарсақ,  дала  күзені  кездеседі.  Құстардан  бозтор- 

ғайдың  бірнеше  түрі  (далалық,  айдарлы,  ақ  қа-

натты, қара), ірі құстардан тырна, құтан, әупілдек, 

су  құстарынан  үйрек,  сұр  қаз,  аққудың  бірнеше 

түрлері мекендейді. Ерекше қорғалатын құс – қо- 

Қазақтың ұсақ шоқысы



524

Тұмсығы ойма немесе қос қалақты. Тұқымдары бір 

қатарда орналасқан. С-тердің мал азықтық маңызы 

бар,  әсемдік  үшін  де  өсіреді.  Жұлдызшешек  (лев-

кой)  С.  (E.  cheіranthoіdes),  шашыңқы  С.  (E.  dіffu- 

sum)  –  дәрілік  өсімдіктер,  олардың  жүрекке  әсер 

ететін,  несеп  жүргізетін  және  қақырық  түсіретін 

қасиеті бар. Жирен С. (E croceum) өте сирек кезде-

сетін  эндемик  түр  ретінде  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына» енгізілген. 



САРЫБАуЫР  ҚАРАШҰБАР  ЖЫЛАН  (Coluber 

caspіus)  –  қабыршақтылар  отряды,  су  жыландар 

тұқымдасына жататын бауырымен жорғалаушы. С. 

қ.  ж.  далалық  аймақтардағы  ашық  жерлерде,  шө- 

лейттерде, тау баурайларындағы жарлар мен өзен-

дердің  жағалауларында  кездеседі.  Тауларда  те-

ңіз  деңгейінен  1500  –  1600  м-ге  дейінгі  биіктікке 

көтеріле  алады.  Күн  жақсы  қыздыратын  тасты 

жерлерді  паналап,  қорегін  аулайды.  Сондай-ақ 

кемірушілердің індері мен жердің әр түрлі жарық- 

шақтарына жасырынады. Ірі жылан, ұз. 2 м-ге жуық. 

Жас жыландарда бойлай созылған бір-екі қатар қо-

ңыр дақтар біртіндеп құйрығына қарай жоғалады. 

Ересек жыландарда қоңыр дақтар жоғалып, қызыл, 

сарғыш,  тіпті  қара  түске  ауысады.  Шапшаң  жыл-

жиды,  ағашқа  жақсы  өрмелейді  және  жыралардан 

секіріп  өте  алады.  Өзіне  қауіп  төнсе,  ысылдаған 

дыбыс  шығарып,  қарсыласына  қарай  атылады. 

Ересек жыландардың адамды шағуы қауіпті емес, 

себебі олар – усыз жыландар. Сәуірдің ортасынан 

мамырдың  ортасына  дейін  шағылысады.  Маусым 

айында  аналығы  7  –  11  жұмыртқа  салады.  Күндіз 

белсенді.  Кесіртке,  кемірушілер,  қосмекенділер, 

құстар мен олардың жұмыртқаларымен және жән-

діктермен  қоректенеді.  С.  қ.  ж-ның  тіршілігі  аз 

зерттелген, сирек кездеседі.  Қазақстанның «Қызыл 

кітабына» енгізілген.

САРЫБЕЛ  –  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауының  оңт. 

жоталар  тобына  кіретін  жайлау.  Алматы  обл. 

Панфилов ауд. жерінде, Тышқантау, Шақпақтастау 

және  Алмалы  тауының  оңт.-батыс  етегінде,  Тыш- 

қан  өз.  бойында,  теңіз  деңгейінен  1367  м  биіктік- 

те  орналасқан.  Оңт-ке  қарай  аласара  түсетін  са-

тылы  тауалды  аңғары  1736  м-ден  1367  м-ге  де-

йін  төмендейді.  Палеозой  дәуірінің  герцин  тау 

жасалу  кезеңінде  пайда  болған.  Беті  саздақтан, 

шақпақтастардан,  құмнан  тұратын  төрттік  шөгін-

ділермен  көмкерілген.  Жайлауды  солт-тен  оңт-ке 

қарай бірнеше өзен кесіп өтеді. Климаты қоңыржай 

белдеудің  тұран  континенттік  аймағына  жатады. 

Қаңтардың орташа темп-расы –12 – 16ºС, шілдеде 

20 – 24ºС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 500 – 700 

мм. Жайлаудың өсімдік жамылғысын негізінен аль-

пілік шалғындар мен жемісті бұталар құрайды. 

САРЫБӨРІК – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт. 

жоталары  тобына  жататын  асу.  Көкжота  тауынан 

оңт.-батысқа  қарай,  Қызылтентек  және  Шақырты 

өз-нің шатқалдары айрығында, Алматы обл. Алакөл 

ауд.  және  Қытаймен  шекарада  орналасқан.  Биікт. 

4107 м. Асудың солт. жағы мен беткейлері өте тік. 

Өзендері ірілі-ұсақты сарқырамаларға бай. Жылдық 

жауын-шашын  мөлш.  800  –  1000  мм.  Топырағы 

таулық-шалғындық.  Шатқалдарында  шырша,  са-

мырсын,  ақ  терек,  көк  терек  аралас  орман  өседі. 

Жануарлар  дүниесінде  таулық  ортаазиялық  энде-

қиқаздың  саны  соңғы  кезде  күрт  азайып  кеткен. 

Шөлейт және шөл белдемдерінде кемірушілер мен 

жорғалаушылардың түрлері көп. Аласа таулардағы 

қарағай  және  қарағайлы-қайыңды  ормандарда 

орман  жануарлары  бұлан,  елік,  т.б.  құстар  кезде-

седі. Ерейментау, Қарқаралы, Қызыларай, Ұлытау 

тауларында  арқар  сақталған.  С-да  табиғат  қор-

ғау  мақсатында  Баянаула,  Көкшетау,  Қарқаралы 

ұлттық  табиғи  саябақтары,  Қорғалжын  қорығы 

және  бірнеше  қорықшалар  ұйымдастырылған.  

С.  –  отын-энергетика,  қара  және  түсті  металлур- 

гияны  дамытуға  қажетті  минералдық  шикізат 

өнімдеріне  бай  өлке.  Кен  байлықтары  орында- 

рының көбі бірнеше кен қосындысынан тұратын- 

дықтан,  оларды  кешенді  игеру  қолайлы.  Оның 

үстіне көптеген кен байлықтары жер бетіне жақын 

жатыр.  Дала  белдемі  түгелдей  дерлік  егіншілік-

ке  игерілген.  Тың  жерлерді  игергеннен  кейін  аса 

қуатты  астық  өндірісі  қалыптасты.  Шөлейт  және 

шөл белдемдерінің аса кең алқаптары мал жайы-

лымы ретінде пайдаланылады.



САРЫБАЙ ТЕМІР КЕНІ – Қостанай қ-нан оңт.-

батысқа қарай 45 км жерде орналасқан. Кен орнын 

1949  ж.  ұшқыш  М.Г.Сургутанов  ашқан.  1949  –  

56  ж.  геол.-геофизик.  жағынан  барланып,  1965  ж. 

қорының  шамасы  бекітілді.  1961  жылдан  пайда-

ланылып  келеді.  Кен  орны  Валерьян  синклино-

рийіндегі  Соколов-Сарыбай  антиклинінің  батыс 

қанатын құрайтын визеилік шөгінді-жанартаутекті 

түзілімдерінде  орналасқан.  Кен  денелері  төм.  тас 

көмірдің  жанартаутекті  шөгінді  тау  жыныстарын-

да шоғырланған. С. т. к. пласт тәрізді үш кен шо- 

ғырына бөлінеді: Батыс (созылымы 1900 м, қалыңд. 

170 – 185 м), Шығыс және Оңт.-шығыс (созылымы 

1000 м). Жалпы қоры 527 млн. т, ондағы темірдің 

мөлш. 42,14%. Кен ашық әдіспен өндіріледі. Басты 

минералдары  магнетит,  пирит,  пирротин,  мар-

тит,  т.б.  қоспалар.  Кентастың  бастапқы  магнетит-

ті,  бастапқы  сульфидті,  тотыққан  мартитті,  шала 

мартитті,  т.б.  түрлері  бар.  Құрамындағы  темірдің 

мөлшеріне  байланысты  магнетит  кентастары  бай 

(Fe>50%), орташа (Fe – 30 – 50%), кедей (Fe – 20 –  

30%) болып бөлінеді. Пайдалы құраушыларына ко-

бальт, мыс, қорғасын, мырыш, никель, күміс, кад-

мий жатады. Темір алу кезінде кентасты магн. сепа-

рациядан өткізіп, агломерациялау әдісімен байыта-

ды. Концентраттағы темір шығымы 60 – 63%. С. т. 

к. қоры жөнінен ірі кен орнына жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет