Felіs manul жыртқыштар отряды ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата18.01.2017
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

517

САБАНШЫ (Felіs manul) – жыртқыштар отряды- 

ның мысық тұқымдасына жататын аң. Қазақстанда 

Маңғыстауда,  Үстіртте,  Қаратау,  Мұғалжар  жота- 

ларында, Тянь-Шаньда, Іле, Жетісу (Жоңғар) Ала- 

тауларында, Тарбағатай, Оңт. Алтай, Сарыарқа тау- 

ларында  тараған.  Дене  мөлшері  үй  мысығындай, 

тұрқы  52  –  65  см,  салм.  4  –  5  кг.  Үлпілдек  жүні 

ашық сұр, қоңырқай түсті, арқасында көлденең жі- 

ңішке  6  –  7  қара  жолағы  болады.  Құйрығы  келте, 

арқасындағы  8  қара  жолағы  анық  көрінеді.  Құ- 

лақ  қалқандары  өте  кішкентай,  самайында  шоқ- 

ша  сақалы  бар.  Шөл  далада  тіршілік  етеді.  Інін 

жартас  арасына  салады,  ірі  кеміргіштердің  інде- 

рін де мекендейді. Ақпан – наурыз айларында ма- 

уығып,  сәуір  –  мамырда  мысықтайды  (2  –  8  ара- 

лығында).  Қорегі  –  кемірушілер  (тоқалтістер,  ша- 

қылдақтар), торғайтәрізді құстар. Жемін ымыртта, 

түнде  аулайды.  С-ның  кәсіптік  маңызы  шамалы 

болғанымен ғыл. мәні құнды. Саны өте аз болған- 

дықтан  қорғауға  алынып,  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына» енгізілген.

САБЫНДЫКӨЛ  –  Баянаула  тауларындағы  тұщы 

көл. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Баянауыл а-ның 

шетінде,  теңіз  деңгейінен  452,7  м  биіктікте  ор- 

наласқан. Аум. 7 км

2

, ұз. 4,5 км, ені 2,8 км, жаға- 



лауының ұз. 15 км, тереңд. 9,5 м. Шарасының көл. 

9,9  млн.  м

3

.  Тектоник.  көлдерге  жатады.  С.  кө- 



лін  пішіні  домалақ  гранит  жартастар  қоршаған. 

Оңт.  жағалауында  балалардың  демалу-сауықтыру 

лагерлері орналасқан.

САБЫНКӨК (Scrophularіa) – сабынкөктер тұқым- 

дасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдіктер, 

кейде  бұта,  жартылай  бұта  түрлері  де  кездеседі. 

Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 15 

түрі бар. Соның ішінде көп тараған түрі – б у ы л - 

т ы қ  С. (S.nodosa), ылғалы мол орманда, бұта ара- 

сында,  кейде  егістікте  арамшөп  ретінде  кездеседі. 

Биікт.  120  см,  сабағы  төрт  қырлы,  жапырақтары 

созылыңқы, шеті ара тісті тілімденіп келген. Ұсақ 

гүлдері  қоңыр  жасыл  түсті,  масақ  гүлшоғырына 

топталған. Жемісі – қосұялы қорапша. Буылтық С-

тің құрамында сапонин мен алкалоидтар бар. С-тер 

балды, дәрілік және әсемдік өсімдіктер, араларында 

улы түрлері де кездеседі. Сиыр мен қой жемейді. 2 

түрі: жоңғар С-і және нұрания С-і қорғауға алынып, 

Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.



Сайқын

САҒЫЗ  –  Каспий  алабындағы  өзен.  Ақтөбе  обл.  

Байғанин,  Атырау  обл.  Қызылқоға,  Жылыой  ау- 

дандары жерімен ағады. Ұз. 511 км. Су жиналатын 

алабы 19,4 мың км

2

. Мұғалжар тауының батысынан 



(Байсары тауынан) басталып, Каспий т-не 60 – 70 км 

жетпей Тентексор тұсындағы Бэр төбекшіктерінде 

(Атырау  обл.  Мақат  ауд.)  жерге  сіңіп  кетеді. 

Жоғ.  ағысында  арнасы  тік  жарлы,  тар,  ортаңғы 

ағысында  аңғары  5  –  15  км-ге  дейін  кеңейеді. 

Төм.  ағысындағы  аңғары  енсіз.  Ұзындықтары  10 

км-ден аспайтын 100-ге жуық саласы бар. Ірілері: 

Дауылды,  Ащысай,  Ноғайты,  Топырақшашты, 

Жарлы, Мұқыр, Бұрмасай. Жауын-шашын суымен 

толығады. Жауын-шашын көп жылдары Каспий т-

не дейін жетеді. Наурыз – сәуір айларында тасиды. 

Суы көктемде тұщы, жазда кермек. Ауыз суға жа- 

рамды.  Жылдық  орташа  су  ағымы  Сағыз  т.  ж.  ст. 

тұсында 3,2 м

3

/с.


САЗДАҚШӨП  (Lіmnas)  –  астық  тұқымдасына 

жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда 

Алтайдың (Қатонқарағай, Үшкүнгей сайы, Сарым- 

сақты,  т.б.)  альпілік  шалғындары  мен  биік  тау 

шатқалдарында өсетін 1 түрі – В е р е щ а г и н  С-і 

(L. veresczagіnіі) бар. Оның биікт. 50 см-дей. Қысқа 

тамырлы,  бұтақтары  тарамдалып  өсетін  өсімдік. 

Жапырақтары  ұзын,  жалпақ  не  сәл  бұратылған, 

тегіс, кейде бұдырлы келеді. Гүлдері (ұз. 3 – 9 см) 

шашақбас гүлшоғырына топталған. Масағы бозғылт 

сары түсті, жылтыр. Тұқымынан көбейеді. Маусым 

– шілде айларында гүлдейді. Верещагин С-і – өте 

сирек  кездесетін,  эндемик  өсімдік.  Қазақстанның 

«Қызыл кітабына» енгізілген.



САЙҒАҚ ЖЕЛІ, қ. Құралай желі.

САЙҚЫН  ЖЕЛІ,  Қ ұ б ы л а   ж е л і   –  жоғ.  қы- 

сымды аймақтан соғатын дауылды, суық жел; Сібір 

антициклонының  Алакөл  ойысы  арқылы  солт.-

батыстан  оңт.-шығысқа  (Жоңғар  қақпасын  басып 

Орт.  Азияға)  қарай  өтетін  тармағы.  Солт.-батыс 

бағыттан соғатын С. ж. Алакөл ойысына суық ауа 

массаларын  алып  келеді  (темп-ра  –30  –  37ºС-қа 

дейін  төмендейді).  Қатты  соққан  уақытта  (күзде) 

Алакөл  жүйесіне  жататын  көлдердің  (Алакөл, 

Сасықкөл,  Ұялы,  Жалаңашкөл)  су  деңгейі  1  м-ге 

жуық  көтеріледі.  С.  ж.  күніне  бірнеше  рет  соғып, 

кейде 2 – 3 тәулікке созылуы мүмкін. Қыс айларында 

оңт.-шығыс  бағыттан  өзіне  қарсы  соғатын  жылы 

Ебі  желімен  түйісіп,  көп  жағдайда  үстем  болады. 

Топырақ бетіндегі қар жамылғысын ұшырып кетіп, 

Сағыз өзені



518

жатқан  тауетектік  жазық;  кей  жері  төбелі,  сайлы-

жыралы  келеді.  Климаты  континенттік,  қысы 

біршама  жылы,  жазы  ыстық,  қуаң,  аңызақты. 

Ауаның  орташа  темп-расы  қаңтарда  3  –  4ºС, 

шілдеде  24  –  26ºС.  Жауын-шашынның  жылдық 

орташа мөлш. 250 – 350 мм. Аудан жерімен Арыс, 

Ақсу, Сайрамсу, Бадам өзендері ағып өтеді. Аудан 

аумағында құрылысқа қажетті материалдардың кен 

орны бар. Жерінің басым бөлігі жыртылған, сұр, сұр  

қоңыр  топырақты.  Табиғи  өсімдік  сай-жыралар- 

дың  беткейлерінде  ғана  сақталған,  жусан,  жан- 

тақ,  жыңғыл,  өзен  бойында  құрақ  өседі.  Жануар- 

лардан  қасқыр,  түлкі,  қоян,  борсық,  сарышұнақ, 

қырғауыл,  бөдене,  кекілік  мекендейді.  А.ш-на  

пайдаланылатын  жер  аум.  151,2  мың  га,  жыртыл- 

ған  жер  61  мың  га,  шабындық  18  мың  га,  жайы- 

лым  45  мың  га  (2010).  Аудан  жері  арқылы  Алма- 

ты  –  Шымкент  және  Шымкент  –  Павлодар  –  Пе- 

тропавл т.ж. магистралі өтеді.



САҚАЛТАЙ  (Gypaetus  barbatus)  –  күндізгі  жырт- 

қыштар  отрядының  қаршығатәрізділер  тұқымда- 

сына жататын ірі құс. Кейде С-ды қозықұмай деп те 

атайды. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен 

Тянь-Шаньда, Алтайда кездеседі. Теңіз деңгейінен 

2000 – 4000 м биіктіктегі шың-құздарды мекендейді. 

Дене тұрқы 1 м-ден асады, қанатының ұз. 72 – 93 

см, салм. 5 – 7 кг. Басқа жыртқыштардан ерекшелі- 

гі – тұмсығының екі жағында танау тесіктерін жа- 

уып тұратын қыл тәрізді қауырсын – «сақалының» 

болуы.  Шәулісі  мен  ұябасарын  сырттай  бір-бірі- 

нен  ажырату  қиын.  Арқа  тұсы  қауырсындарының 

түсі  ұзына  бойы  ақ  теңбілдері  бар  қара  сұр,  басы 

мен  құрсақ  жағындағы  қауырсындарының  түсі  –  

ақсары  не  жирен.  С-лар  жеңіл,  қалықтап  ұшады. 

С.  –  отырықшы  құс,  ұясын  қуыстарға,  үңгірлерге 

салады. Құстардың шағылысуы қазан айында бас- 

талып, ақпан – наурызда ұяда 1 – 2 жұмыртқа пай- 

да  болады.  Жұмыртқаларын  аталығы  мен  аналы- 

ғы 2 айға жуық кезектесіп басады, балапаны 3 ай- 

дан кейін қанаттанады. Қазіргі кезде С-лардың Ақ- 

су-Жабағылы  қорығында  5,  Алматы  қорығында  3 

жұбы  тұрақты  ұялайды.  С.  Қазақстанның  «Қызыл 

кітабына» енгізілген.



САЛҚЫНКӨЛ – Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов 

ауд-ндағы  ағынсыз  тұзды  көл.  Теңіз  деңгейінен  

289,9 м биіктікте орналасқан. Аум. 20,6 км

2

, ұз. 6 км, 



Сайқын

ылғалдылықтың  кемуіне  себеп  болады.  Жел  а.  ш-

на, жол қатынасына үлкен зиянын тигізеді.

САЙҚЫН  ЖОТАСЫ  –  Жетісу  (Жоңғар)  Алата- 

уының солт.-шығыс сілемінде орналасқан. Алматы 

обл.  Алакөл  ауд.  жерінде.  Ендік  бағытта  30  км-ге 

созылып  жатыр,  ені  6  км  шамасында.  Абс.  биікт. 

2342 м. Палеозой жыныстарынан түзілген. Жотаның 

оңт.  беткейі  тік  құлама,  солт.  көлбеу,  жайпақ. 

Солт.  баурайынан  бірнеше  кішігірім  өзендер 

басталады. Тау беткейлерінде бетеге, боз, айрауық, 

тобылғы  өседі.  Оңт.  беткейі  жақпартасты,  өсімдік 

жамылғысы аз. Климаты қоңыржай белдеудің Тұран 

континенттік  белдеуіне  жатады.  Топырағы  кәдімгі 

сұр  топырақ.  С.  ж-нда  жылан,  кесіртке,  тышқан, 

қоян, тасбақа, түлкі, т.б. кездеседі.

САЙҚЫРҚҰМ,  С е ң г і р қ ұ м   –  Маңғыстау 

үстіртінің  солт-ндегі  Бостанқұм  мен  Ақпан  соры 

аралығында жатқан төбешікті құм. Маңғыстау обл. 

Маңғыстау ауд. жерінде. Абс. биікт. солт.-батысында 

119 м. Ұз. 33 км, ені 10 км-ге жетеді. Ауд. 200 км

2



Құм  төбешіктер  (биікт.  1  –  6  м)  өсімдіктермен 

жақсы  бекіген.  Оңт.  беткейі  кемерленіп  келген. 

Бұл  өңірінде  Жабайұшқан  қонысы  жатыр.  Солт.-

батысында Тереңорпа құдығы бар. Жүзгін, жусан, 

еркек  шөп,  ақселеу  өседі.  Тұзды  грунт  суы  25  м 

тереңдікте кездеседі. Беткейі қысқы жайылым.



САЙРАМ, С а й р а м с у  – Арыс алабындағы өзен. 

Оңт.  Қазақстан  обл.  Төле  би,  Сайрам  аудандары 

жерімен ағады. Ұз. 76 км, су жиналатын алабы 1060 

км

2



.  Өгем  жотасындағы  мұздықтардан  басталады. 

Мәртөбе а. тұсында өзеннен Қызылсу суғару жүйесі, 

каналдар  тартылған.  Бөріжар  саласы  Бадам  өз-не 

құяды. Арнасы тік жарлы. Жауын-шашын, жер асты 

суымен толығады. Алабы – жайылым. Суы егін, мал 

суаруға  пайдаланылады.  Өзен  бойында  Қасқасу, 

Тасарық, Көксәйек а-дары орналасқан.

САЙРАМ  АуДАНЫ  –  Оңт.  Қазақстан  обл-ның 

оңт.-шығысында орналасқан әкімш.-аумақтық бөлі- 

ніс.  1928  ж.  құрылған.  Жер  аум.  1,7  мың  км

2

  (об- 



лыс  жерінің  1,4%-ын  қамтиды).  Тұрғыны  262,7 

мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 154,5 адамнан 



келеді (2010). Аудан аумағындағы 73 елді мекен 17 

ауылдық  округке  біріктірілген.  Орт.  –  Ақсу  а.  Ірі 

елді  мекендері:  Ақсу,  Қарабұлақ,  Сайрам,  Қарасу, 

Базарқақпа,  Көлкент,  Қаратөбе,  Қожақорған,  т.б. 

Аудан жері негізінен оңт-тен солт-ке қарай көлбеу 

Сайқын жотасы

Аудандағы Ақсу өзені


519

жапырақтары таспа пішіндес, ұз. 4 см-дей. Аналық 

тұқым  бүрі  жасыл  не  қызыл  түсті,  аталық  гүлі 

масақты,  алдыңғы  жылғы  бұтақтарының  ұшында 

орналасады.  Жетілген  тұқым  бүрлері  цилиндр  тә-

різді, қошқыл не қоңыр түсті, бірінші жылы піседі. 

Тұқымы төңкерілген жұмыртқа тәрізді, ұз. 8 – 10, 

ені 8 мм-дей, қанаты болады. С. 200 жылдай өмір 

сүреді.  С-ның  діңі  жұмсақ,  жеңіл,  ол  целлюлоза 

өндірісінде, құрылыста қолданылады. Тұқымының 

құрамында  лак,  бояу  өндіру  үшін  қолданылатын 

май  болады.  Қабығынан  шайыр  алынады,  сағызы 

(живица)  желім  ретінде,  қылқаны  медицина-

да  майқарағай  майын  алу  үшін  пайдаланылады.  

С-дар – аязға төзімді ағаштар, бірақ мәдени түрде 

өсіру үшін ылғалды және салқын климат керек. 



САНДЫҚТАу АуДАНЫ – Ақмола обл-ның солт.-

батыс бөлігіндегі әкімш.-аумақтық бөлініс. 1928 ж. 

Петропавл  округінің  құрамында  құрылған.  1939 

жылдан  Ақмола  обл-ның  құрамында.  1957  жылға 

дейін  Молотов,  1997  жылға  дейін  Балкашин  ауд. 

деп аталып келді. Жер аум. 6,4 мың км

2

. Тұрғыны 



22,3 мың адам, орташа тығызд. 1 км

2

-ге 3,4 адамнан 



келеді (2010). Аудандағы 47 елді мекен 12 ауылдық 

округке біріктірілген. Аудан орт. – Балкашино а. Ірі 

елді  мекендері:  Балкашино,  Каменка,  Сандықтау, 

Максимовка,  Веселое  а-дары.  С.  а.  Сарыарқадағы 

Көкшетау  қыратының  абс.  биікт.  300  –  500  м  бо-

латын ұсақ шоқылы, төбелі-белесті оңт.-батыс бө- 

лігінде  орналасқан.  Солт-н  Сандықтау  (626  м), 

Жақсытүкті  (596  м)  таулары,  оңт.  бөлігін  Атбасар 

енді жері 4,2 км, жағалау бойының ұз. 16,3 км. Көлге 

көбіне  тартылып  қалатын  Қарасу  өз.  құяды.  Жер 

асты,  қар  суларымен  толығады.  Балықтан  мөңке, 

шортан,  алабұға,  т.б.  тіршілік  етеді.  Алабының 

80%-ы жыртылған.

САЛПЫС  (Morіna)  –  салпыстар  тұқымдасына 

жататын  көп  жылдық  өсімдіктер.  Қазақстанда  2 

түрі  бар,  жиі  кездесетіні  –  ұсақгүлді  С.  (M.  par- 

vіflora).  Ол  Жетісу  (Жоңғар)  Алатауында,  Те- 

ріскей  Алатауы  мен  Кетпен  тауының  биік 

белдеулеріндегі жартастарда (биікт. 3000 – 4000 м)  

және  шабындық  жерлерде  өседі.  Биікт.  20  –  80 

(90)  см,  сабағы  дара,  сирек  жағдайларда  екеу 

болады.  Қанат  тәрізді  тілімденген  не  ойматікен 

тісті  (кейде  бүтін  пішінді)  жапырақтары  шоқтана 

орналасқан.  Қос  жынысты,  сағағы  қысқа,  гүлдері 

жоғ.  жапырақ  қолтығынан  жетіледі.  Тостағанша 

жапырақшаларының  төм.  бөлігі  кең  қоңырауша 

тәрізді, ал жоғ. жағында алға қарай шығып тұратын 

екі  жапырақ  тәрізді  орамасы  бар.  Күлтесінің  ұз.  

3,5 – 5 см, ұзын түтікті, қос ерінді имекшелі, күңгірт 

қызыл  түсті  болады.  Аталығы  –  5,  аналығы  төм. 

жатынды.  Шілде  –  тамыз  айларында  гүлдеп,  та- 

мыз – қыркүйекте жеміс салады. Жемісі – бұдырлы 

тұқымша.  С-тың  Қазақстанда  кездесетін  екінші 

түрі – қоқан С-ы (M. kokanіca) өте сирек кездесетін 

реликт  өсімдік,  Қазақстанның  «Қызыл  кітабына» 

енгізілген.

САМАРҚАН  БӨГЕНІ,  Т е м і р т а у   б ө г е н і , 

Н ұ р а   б ө г е н і   –  Нұра  өз.  аңғарында,  Қара- 

ғанды обл. Осакаров ауд. жерінде. 1941 ж. іске қо-

сылған. Шарасының ауд. 84 км

2

, ұз. 20 км, ені 7 км, 



орташа тереңд. 3,25 м (ең терең жері 17 м), суының 

мөлш.  260  млн.  м

3

.  Бөгеннің  су  жиналатын  алабы 



11500  км

2

.  Шарасы  қалың  құмды-малтатасты  шө-



гінділерден, саз және саздақтан түзілген. Түбі тегіс, 

батыс жағына қарай еңкіштеу келеді. Солт-нің көк 

желекті жағасы (ені 200 – 300 м) демалыс орнына 

айналдырылған.  Батыс  жағалауы  Теміртау  қ-ның 

шетіне  тиіп  жатыр.  Солт.  жағалауында  Сарымсақ, 

Қарабұйрат  қоныстары  жайласқан.  Бөгенге  Ер- 

тіс  –  Қарағанды  каналының  суы  Нұра  өз.  арқылы 

ауық-ауық  қосылып  отырады.  Бөген  деңгейінің 

жылдық өзгерісі 2 м шамасында. Суы мөлдір, ми-

нералд. 0,7 – 1 г/л. Бөген суын Қарағанды, Теміртау 

қ-ларының өндірістік кәсіпорындары пайдаланады. 

САМ ҚҰМЫ – Үстірттің солт-ндегі құмды алқап; 

Маңғыстау  обл.  Бейнеу  ауд.  жерінде.  Абс.  биікт.  

70  –  100  м.  Солт.-шығыс  бағытта  100  км-ге  созы-

лып жатыр, енді жері 35 км-ге жетеді. Аум. 2,1 мың 

км

2

. Төбешікті, қырқалы болып келеді. Төңірегімен 



салыстырмалы  орташа  биікт.  8  м.  Көпшілік  жері-

нің грунт суы тұщы, жер бетіне жақын (0,5 – 10 м). 

Еркек шөп, жусан, т.б. өседі. 

САМЫРСЫН  (Abіes),  м а й қ а р а ғ а й   –  қа-

рағай  тұқымдасына  жататын  көп  жылдық  мәңгі 

жасыл  ағаш.  40-тан  астам  түрі  белгілі,  негізі- 

нен,  Солт.  жарты  шарда  өседі.  Қазақстанда  Ал- 

тай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар) және Талас Ала- 

тауларында,  Батыс  Тянь-Шаньда  теңіз  деңгейі-

нен  2000  м-ге  дейінгі  биіктік  белдеулерде  өсе-

тін  2  түрі:  С і б і р   С-ы  (A.  sіbіrіca)  және  а қ  

қ а р а ғ а й  (А. semenovіі) бар. Олардың биікт. 35 

м-ге, діңінің жуанд. 55 см-ге дейін жетеді. Қылқан 



Сандықтау

Самырсын


Сандықтау тауының етегі

520

жазығы  (өңірі)  алып  жатыр.  Кен  байлықтарынан 

уран, вольфрам, молибден, апатит кентастары кезде-

седі. Климаты тым континенттік. Қысы ұзақ, суық, 

қары аз (30 см). Қаңтардың орташа темп-расы 18ºС. 

Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа темп-расы 

–19ºС.  Жауын-шашынның  жылдық  орташа  мөлш. 

350 – 400 мм. Аудан жерінен Жабай өз. және оның 

салалары  –  Жыланды,  Сарқырама  өзендері  ағады. 

Үлкен  көлдері  –  Жақсы  Жалғызтау,  Құмдыкөл. 

Солт-нде негізінен қалыпты қара топырақ, оңт. бө-

лігінде карбонатты қара топырақ, тауларында шым-

ды-күлгін  және  орманның  сұр  топырағы,  өзендер 

бойында  жайылманың  шалғындық  топырағы  та-

раған.  Солт.  әр  түрлі  шөптесін  өсімдіктерге  бай,  

тауларында  қарағай,  қайың,  терек,  долана,  арша,  

т.б.  өседі.  Оңт-нде  сұлыбас,  селеу  басым  тараған. 

Жабай өз-нің жайылмасында бидайық, арпабас, ай-

рауық т.б., кей жерінде ақтікен, жусан, сораң өсім- 

діктері өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қарсақ, 

борсық, суыр, қоян, аламан, көртышқан, сарышұнақ, 

қосаяқ, бұлан, марал, елік, тиін, сілеусін; құстардан 

аққұр, құр, шіл, тоқылдақ, бөдене, суқоймаларында 

қаз, үйрек, т.б. мекендейді, алабұға, таутан, мөңке, 

шортан, аққайран, т.б. балықтар кездеседі. А. ш-на 

пайдаланылатын  жері  546,3  мың  га,  оның  ішінде 

егістігі 338,7 мың га, шабындығы 8,3 мың га, жайы-

лымы 153,4 мың га, орманы 76 мың га. 



САРАЛЖЫНДЫ  –  Шығыс  Каспий  алабындағы 

өзен. Ақтөбе обл-ның Байғанин ауд. жерімен ағады. 

Ұз. 92 км, су жиналатын алабы 1670 км

2

. Бастауын 



Әлитау мен Шошқакөл бұйраты баурайындағы бұ-

лақтардан  алып,  Маныссай  өз-не  құяды.  Арнасы 

тар, тік жарлы, жайылмасы кей жерінде 100 – 200 

м-ге  жетеді.  Қар,  жер  асты  суларымен  толығады. 

Ағыны жылына 40 – 60 күндей ғана болады, жазда 

қарасуларға  бөлініп  қалады.  Алабы  жайылым  ре-

тінде пайдаланылады. 

САРҒАЛДАҚ (Ranunculus) – сарғалдақтар тұқым-

дасына  жататын  бір  не  көп  жылдық  өсімдіктер, 

суда  өсетін  түрлері  де  бар.  Қазақстанның  барлық 

өңірінде кездеседі. Өзен, жылға жағалауларындағы 

ылғалды  жерлерде,  батпақты  ағынсыз  шалшық 

суда,  құрғақ  және  батпақты  шалғында  өсетін  55 

түрі белгілі. Бұлардың биікт. 5 – 150 см аралығында 

болады.  Сабағы  тықыр  не  түкті.  Жапырағының 

жиектері  бүтін  не  қауырсын  тәрізді  тілімденген. 

Гүлі  ақ  (суда  өсетіндерінде)  және  сары  (құрлықта 

өсетіндерінде)  түсті,  бір-бірден,  кейде  топталып 

орналасады.  Жәндіктермен,  сондай-ақ  өздігінен 

де тозаңданады, жемісі – көп жаңғақша. С-тардың 

көптеген  түрлерінің  құрамында  протоанемонин 

және ранункулин глюкозиді болғандықтан улы, бі-

рақ кептіргенде уыттылығы жойылады. Жатаған С. 

(R. repens) – дәрілік өсімдік. С-тардың әсемдік үшін 

өсірілетін түрлері де бар.



САРҚАН – Балқаш көлі алабындағы өзен. Алматы 

обл-ның  Сарқант  ауд.  жерімен  ағады.  Ұз.  90  км. 

Су жиналатын алабы 704 км

2

. Жетісу Алатауының 



солт.  беткейіндегі  биікт.  3400  м  мұздықтан  бас-

талып,  Көкжайдақ  а.  тұсында  Ақсу  өз-не  құяды. 

Аңғарының  ені  300  –  500,  кейде  1500  м-ге  дейін 

жетеді.  Арнасы  қиыршықтасты,  жиегі  түйетайлы, 

биікт. 3,5 – 4 м. Мұздық (35 – 40%), жауын-шашын 

(10 – 45%), жер асты (45 – 50%) суларымен толыса-



Саралжынды

ды. Мамыр айында тасып, су деңгейі 2 м-ге дейін 

көтеріледі. Өзен бойында Сарқант қ-нан төмен 10 

канал салынған. Өзен суы егін суғаруға, шаруашы-

лық мұқтаждықтарына пайдаланылады.

САРҚАН – Жетісу (Жоңғар) Алатауының солт-нде-

гі Күңгіроба тауының шығысындағы жота. Алматы 

обл.  Сарқант  және  Ақсу  аудандары  жерінде.  Абс. 

биікт.  4622  м.  Тау  жоталары  терең  шатқалдармен 

тілімденген. Палеозой дәуірінің герцин тау жасалу 

кезеңінде  пайда  болған.  Геол.  жыныстары  крис-

талдық тақтатас, саздақ, құмдауыттар, төрттік шө-

гінділерден  тұрады.  Климаты  тым  континенттік, 

биік таулық, қаңтардың орташа темп-расы –10 –  

14ºС,  шілдеде  16ºС  шамасында.  Жылдық  жа-

уын-шашын  мөлш.  750  –  1000  мм.  Жота  басында 

бірнеше  мұздықтар  бар  (Бесбақан,  Сарқан,  т.б.).  

2500 м биіктікке дейін қызғылт қоңыр және қордалы 

қара топырақ қалыптасқан. 2500 – 3200 м-ге дейінгі 

биіктікте  таулы-орманды  қызғылт  қоңыр  топы-

рақта шыршалы-самырсынды орман өскен. 3200 м- 

ден  жоғарыда  альпілік  және  субальпілік  шалғын, 

4000  м  биіктікте  тас  қорымдармен  шектелген  қар 

жамылғысы басталады. Жануарлардан арқар, тауте-

ке, суыр; құстардан ұлар, тазқара, альпі сауысқаны, 

т.б.  кездеседі.  Тау  беткейлері  мал  жайылымы  ре-

тінде пайдаланылады. 



САРҚАНТ  АуДАНЫ  –  Алматы  обл-ның  солт.-

шығысында  орналасқан  әкімш.-аумақтық  бөлініс.  

1928  ж.  құрылған.  Алғашында  аудан  орт.  «Леп- 

синск»  (Шұбарағаш)  деп  аталды.  1935  ж.  аудан 

орт.  Сарқантқа  көшірілді.  Жер  аум.  10,4  мың  км

2



Сарқан жотасы

Сарқан өзені



521

ағады.  Ұз.  79  км,  су  жиналатын  алабы  1500  км

2



Үлкен Түкті тауларынан басталып, Спасское а-нан 



6 км төменде Жабай өз-не құяды. С-ның Көкшетау 

қыратынан басталатын жоғ. бөлігі таулық сипатты, 

аңғары кең (1,5 – 2,0 км). Жайылмасы төм. бөлігінде 

1 – 2 км, арнасы тік жарлы (6 м) Жылдық орташа су 

ағымы Каменка а. тұсында 1,09 м

2

/с. С-ның бойын-



да бірнеше бөгет бар.

САРСАЗАН (Halocnemum) – алабұталар тұқымда-

сына жататын бұта. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, 

Ақтөбе,  Қызылорда,  Оңт.  Қазақстан  облыстарын-

дағы  өзен  аңғарларында,  сортаң  топырақты  ыл-

ғалды  жерлерде,  тұзды  көлдердің  жағалауларында 

өсетін 1 түрі – т ө м п е к  С. (H. strobіlactum) бар. 

Кейде  оны  тентек  сораң  не  мырза  сораң  деп  те 

атайды. Оның биікт. 5 – 40 см, сабағы көп бұтақты, 

төм. бөлігі ағаш тәрізді сүректенген. Жас өркендері 

шырынды, бунақты келеді. Жапырақтары жетілме-

ген  қабыршақ  тәрізді,  қарама-қарсы  орналасқан. 

Гүлдері қос жынысты, бір-біріне үш-үштен (кейде 

екіден) тығыз орналасқан масақ гүлшоғырына топ-

талған.  Тамыз  –  қыркүйек  айларында  гүлдеп,  же-

міс береді. Жемісі – тұқымша, ұз. 0,5 – 0,75 мм, екі 

бүйірінен  қысыңқы,  қоңыр  түсті.  С.  өсімдік  зиян-

кестері үшін улы өсімдік. Оны әсіресе түйе сүйсініп 

жейді, кейде отын үшін де пайдаланылады. 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет