Экономика - бұл адам өміріне қажет материалдық игіліктерді өндіру және бөлісу жүйесі. Тарихтың әр кезеңінде оның өзіндік ерекшеліктері болды.
Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі.
Барщина – шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.
Оброк – шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.
Феодалдық міндеткерліктер – помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.
Феодализмнің белгілері.
Феодализмнің 1-ші белгісі: Жер – негізгі байлық.
Орта ғасырлар дәуірінде барлық жер феодалдарға тиесілі болды.
Феодализмнің 2-ші белгісі: екі қоғамдық таптың болуы – феодалдар мен оларға басыбайлы шаруалар.
Шаруалардың меншік жері болмады. Олар жерді феодалдан жалға алды. Сондықтан шаруалар феодалдық міндеткерліктер орындауға міндетті болды: алым, барщина, шіркеу ғұшыры.