Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі1,32 Mb.
#129259
  1   2   3

БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ИЕРАРХИЯСЫ

Орындаған: Умиржанова Н

Бенджамин Сэмюэл Блум (1913-1999ж.ж)

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.

Таксономия түсінігі

  • Таксономия (грекше. táxis -орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos -заң).
  • Таксономия – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.
  • Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген. Білімді игеруге бағытталған 6 қадам

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам
Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.

1. БІЛІМ

Бұл категория оқу материалын есте сақтау мен қайталауды білдіреді.

Оқу материалы деп әр түрлі мазмұндағы ақпаратты (нақты фактілерден бүтін теорияларға дейін) атауға болады. Бұл категорияның негізгі сипаты – қажетті мәліметтерді есте сақтау.

Мұғалім әрекеті

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

  • Тыңдайды, жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.

2. ТҮСІНУ

Оқу материалын түсінгендіктің көрсеткіші ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

  • Трансляция – яғни оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мәселен математикалық формуланы сөзбен айтып беру немесе, керісінше, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету);
  • Интерпретация – оқу материалын “өз сөзімен” түсіндіру, қысқаша баяндау;
  • Жорамалдау - оқу материалы бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.
  • Мәлiметтердi басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендiру; есте сақталған мағлұматты басқаларға жеткiзу жолдарын айқындау. Ұқсастықтарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтиженi суреттеу.

Түсiндiрме (интерпретация)
Аударма (трансформация)
Мысалдар
Анықтамалар
Түсіну


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет