Лиазалар – судың қатысуынсыз субстраттан белгілі бір топтардың (NH3, СО2, альдегид, т.б) бөліну немесе қос байланысқа атом топтарын енгізу реакцияларын катализдейтін ферменттер класы.
Барлық лиазалар – екікомпонентті, жасушалық ферменттер (240 өкілі бар), қандай топты бөліп алуына қарай жіктеледі.
2 тобын қарастырамыз:
Лиазалар Декарбоксилазалар (карбокси-лиазалар) Дегидратазалар (гидро-лиазалар )
Декарбоксилазалар
СООН тобын СО2 түрінде бөліп алу реакцияларын катализдейді. Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары
Амин қышқылдарының декарбоксилазалары
Екікомпонентті,
Ко – тиаминдифосфат
(В1 вит. + 2 Н3РО4)
Екікомпонентті,
Ко – пиридоксальфосфат
(В6 вит. + Н3РО4)
Декарбоксилазалар Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары –екікомпонентті, Ко – тиаминдифосфат (В1 вит. + 2 Н3РО4):
Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары мультиферменттік комплекстің құрамына кіріп, кето қышқылдарының тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді.
Өкілдері: 1.пируватдекарбоксилаза (ПДК) пируватдегидрогеназды мультиферменттік комплекстің құрамына кіріп, ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын катализдейді (№3 лекцияны қараңыз).