Ферменттер



Pdf көрінісі
Дата03.12.2023
өлшемі382,09 Kb.
#132987
Байланысты:
Ферменттер



Тақырыбы: Ферменттер





Ферменттер
(латынша fermentum-ашу немесе enzym, en-ішкі, zyme-ашытқы) тірі ағзада түрлі 
биохимиялық реакцияларды белсендіруші, биологиялық катализатор.

Ферменттер 
химиялық табиғаты жағынан ақуыз, протеиндер-ақуыз, ақуызды емес простетикалық 
топпен байланысқан жоғары молекулалы қосылыс.
Алғашқы кристалл фермент уреазаны 1926 жылы американдық биохимик Д.Самнер алған.



Ферменттердің химиялық құрамы бойынша

Қарапайым ферменттер дегеніміз-қарапайым белоктар, олар гидролиз кезінде 
амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді.

Оған мыналар жатады: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, 
амилазалар жəне гидролаза.

Күрделі ферменттер дегеніміз-күрделі белоктар. Олар екі бөліктен тұрады: 
белоктық жəне белоктық емес.

Ферменттердің белоктық бөлігі-
апофермент, 
ал белоктық емес бөлігі-
простетикалық топ 
немесе 
кофактор
деп аталады.

Апофермент кофакторсыз активті болмайды. Күрделі ферменттердің 
кофакторларды металл иондары немесе белоктық емес органикалық заттар. 
Мұндағы металл иондары 
активаторлар 
деп аталады.

Кофактор (простетикалық топ) белоктық емес зат болғандықтан 
кофермент
деп
аталады.


Ферменттердің активтілігі, əсер ету механизмдері
Бөліп алынған таза фермент өзінің ферменттік активтілігімен бағаланады. 
Ферменттердің активтілігі өте жоғары болады. Ферменттік активтілік 
дегеніміз- белгілі фермент бөлшегінің көмегімен нақты уақыт ішінде алынған 
субстарт шамасы. Мысалы, амилазаның осындай қасиетін зерттеп білу үшін 
25°С жағдайында жəне 1 минут ішінде 1 мг фермент ыдыратқан крахмал 
мөлшерін анықтау қажет. 
Ферменттер активтілігінің өлшемі жөнінде энзимологияда мынандай 
ұғымдар қабылданған. Ферменттің халықаралық өлшемі Ө бас əріпімен 
белгіленеді.



Ферменттердің əсер ету механизмі 3 сатыдан тұрады.

Фермент-субстрат комплексінің түзілуі. 
Субстрат ферменттің активті орталығымен байланысады. 
Бұл əрекеттесу субстраттың химиялық табиғатына тəуелді: егер субстратта зарядталған топтар 
болса, онда бұл комплекстің түзілуі иондық байланыс есебінен түзіледі. Ал ондай топтар болмаса, 
сутектік байланыс немесе гидрофобтық əрекеттесу есебінен іске асады. 

Фермент-реакция өнімі комплексінің түзілуі. 
Ферменттің активті орталығындағы активті топтар 
субстраттағы байланыстарды əлсірете отырып, оған əсер етеді. Бұл кезде субстраттың 
конфигурациясы өзгеріп, субстрат молекуласының деформациясы, полярлануы жүреді, активтену 
энергиясы төмендеп, субстарт ыдырайды. Бұл саты өте қысқа уақытта өтеді.

Фермент-реакция өнімі комплексінің ыдырауы, бос ферменттің бөлінуі. 
3 сатысы баяу жүреді, 
бүкіл реакция жылдамдығы осы сатыға байланысты.



Ферменттердің 
классификациясы
1.
Оксиредуктаза-электрондардың тасымалын катализдейді, тотығу-тотықсыздану 
реакциялары. Мысалы, каталаза ферменті.
2.
Трансфераза-функционалды топтардың жəне молекулалық қалдықтардың бір 
қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдайды. Мысалы, фосфотрансфераза, 
аминотрансфераза.
3.
Гидролаза-гидролитикалық ыдырау реакция жылдамдығын жылдамтады. 
Мысалы, пепсин, мальтаза, т.б.
4.
Лиазалар-молекулалар арасындағы химиялық байланыстарды гидролиз 
реакциясыз катализдейді, бір өнімнің ішінде қос байланысты түзеді. Субстратты 
ыдыратады жəне жаңа өнімді синтездейді.
5.
Изомеразалар-бір субстрат молекуласының құрылымдық немесе кеңістіктік 
өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар түзіледі.
6.
Лигазалар-синтез реакцияларын жылдамдатады, энергиясына бай 
байланыстарды ыдыратады. Изомеразалар-бір субстарт молекуласының 
құрылымдық немесе кеңістіктік өзгерістерді катализдейді, изомерлі формалар 
түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет