Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады



бет5/6
Дата07.12.2022
өлшемі30,87 Kb.
#55585
1   2   3   4   5   6
А)Креатинфосфокиназа (КФК)
Екі суббірліктен тұрады, оның бірлігін М типі(бұлшықет типі), екіншісін В типі (ми типі) деп белгілейді.Мида суббірліктің екеуі де В;қаңқа бұлшық етінде екеуі де М;ал жүрек бұлшық етінде бір М суббірлік, бір В суббірлік болады.КФК изоферменттері электрофорез кезінде анодтан катодқа қарай жылжу реті бойынша, ең тез бастап шифрланатындықтан КФК 1(ВВ), КФК2 (МВ), КФК3 (ММ) болып жазылады.
Түрі Құрамы Кездесетін жері
КФК ВВ ми
КФК МВ жүрек бұлшық еті
КФК ММ қаңқа бұлшық еті
Б) Лактатдегидрогеназа(ЛДГ).
Лактатдегидрогеназа тетрамер фемент болып, екі түрлі ұқсас емес суббірліктен тұрады. Жүрек бұлшық етінде кездесетін суббірлікті Н, ал қаңқа бұлшық етінде кездесетін суббірлікті М деп атайды. Осы екі суббірліктің ұқсас емес мөлшерде бірігуі нәтижесінде 5 түрлі изофермент пайда болады. Оларды жеке-жеке ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5 деп белгілейді.
Түрі Құрамы Кездесетін жері
ЛДГ1 НННН жүрек, эритроцит
ЛДГ2 НННМ жүрек, эритроцит,бүйрек
ЛДГ3 ННММ ми, өкпе
ЛДГ4 НМММ бауыр
ЛДГ5 ММММ бұлшық ет, бауыр
Қан плазмасындағы изоферменттердің активтілігін өлшеу арқылы кейбір ауруларға дер кезінде дұрыс диагноз қоюға болады. Мысалы, жүрек инфаркті пайда болғаннан кейін 6-18 сағат ішінде КФК2-нің қан плазмасындағы мөлшері арта бастайды, 30-48 сағатта ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 3 күннен кейін қалыпты деңгейге қайта түседі. Ал лактатдегидрогеназаның қандағы мөлшері КФК-ден 1-2 күн кешігіп барып арта бастайды. Қалыпты жағдайда ЛДГ2>ЛДГ1 болғанымен, жүрек инфаркті кезінде КФК2- нің деңгейі қалыпты шамаға түсе бастаған кезде ЛДГ1-дің мөлшері ЛДГ2-ден артады. Жүрек инфарктіден кейін ЛДГ-нің 5 изометінің қан плазмасындағы активтілігі уақыт өте өлшегенде ЛДГ2 мен ЛДГ1-дің салыстырмасы шамамен 24 сағаттан кейін артатындығын байқауға болады. Атап айтқанда, КФК2 белсенділігінің артуына сәйкес ЛДГ активтілігі де артса, 100% жүрек инфаркті деп диагноз қоюға болады. Егер ЛДГ5-тің де деңгейі жоғарыласа, онда ол жүрек инфарктінің әсерінен қан айналымының нашарлауына байланысты бауыр конгенциясының пайда болғанын байқатады.
Қарап тұрғанымыздай изоферменттердің медицина саласында алар орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет