Ферменттер — ағзадағы химиялық реакциялардың жылдамдығын жүздеген және мындаған есе өзгерте алатын белокты заттар, атап айтқанда жекелеген қосындылардың синтезі мен ыдырауын, зат алмасу процестерін және тағы сол сияқтыларды шапшаңдататын заттар.
Биохимияның даму тарихына үңілсек, бұл едәуір дәрежедегі ферменттерді зерттеу тарихы деп білуіміз тиіс. Ферменттер туралы ілімнің дамуы көне заманға барып тіреледі. Мыңдаған жылдар бойы адам баласы шарап ашыту, ірімшік жасау, нан пісіру, тері илеу, сыра қайнатушылық кәсіппен шұғылданғаны белгілі. Бірақ, бұл процестерге ферменттердің тікелей қатысының барлығын адамдар білмеген еді, себебі сол кезде ғылым, оның ішінде биология ғылымы өз дамуының ең төменгі сатысында тұрған болатын. Кейіннен табиғаттану ғылымдары саласында ашылған жаңалықтар мен қол жеткен табыстарға байланысты, бұл ілім саласы да біртіндеп дами бастады.
Қолданылған әдебиеттер
Аубакиров Х. Ə. «Биотехнология»: Оқулық. Алматы 2011.
Әлмағамбетов Қ.Х «Биотехнология негіздері»: Оқулық. Астана 2006
Әлмағамбетов Қ.Х. Микроорганизмдер биотехнологиясы. Астана 2008
http://biotechnolog.ru/
Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.
Сейтембетова А.Ж., Лиходий С.С. Биологиялық химия. –Алматы:«Білім», 1994.
Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.