Ферменттердің жіктелуі және олардың қасиеттері



бет1/3
Дата20.10.2022
өлшемі1,24 Mb.
#44394
  1   2   3
Байланысты:
Ферменттердің жіктелуі және

Ферменттердің жіктелуі және олардың қасиеттері

Орындағандар: I-топ

Есболатұлы Али

Жаметов Қайрат

Ибраимова Латифа

Қуанышбек Дархан

Тексерген: Токтамысова Айман

Мазмұны

  • Ферменттерге жалпы сипаттама.
  • Ферменттердің жалпы қасиеттері.
  • Ферменттердің классификациясы.
  • Ферменттер катализдейтін химиялық реакциялар.
  • Ферменттердің активті орталығында реакцияласуға қабілет.
  • Қолданылған әдебиеттер.

Ферменттер


Ферменттер (лат. fermentum - «ашу») немесе энзимдер, барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық реакцияларды жеделдетеді.
Ферменттер - жасушаларда синтезделіп, биохимиялық реакцияларға қатысатын ақуыздық табиғаттағы биокатализатор болып табылады. Ферментті 21 ғ. Сұлтанмұрат Рахман Ренатұлы ұсынған, алғашқыда ашыту үдерістерінде анықталған зат. Энзимология, ферментология – ферменттерді зерттейтін ғылым саласы.
Ферментология – басқа да ғылымдармен тығыз байланыста болады:
биология
генетика
фармакология
химия
  • Ферменттердің қызметі туралы алғашқы ғылыми еңбекті Кирхгофф (1814) жариялады. Либих ферменттер жасушалардың өмір сүруіндегі пайда болған өнім, ол жасушада да, олардан бөлек те қызмет атқарады деген қарсы пікір білдірді.
  • Жасушаларда синтезделген ферменттер өзіне тән арнайы қызметтерін организмнің барлық мүшелерінде атқарады. Ферменттік қасиет, негізінен глобулалық құрылымдағы ақуыздарға тән екені белгілі. Бірақ, қазіргі кезде кейбір фибриллалық ақуыздар да (актин, миозин) катализдік белсенділік көрсететіні анықталды.

Ферменттердің қасиеттері


Ферменттер өз әсерін өте аз мөлшерде катализаторға ұқсас жүргізеді. Фермент өзінің әсер етуші заты – субстратпен (S) ферменттік реакция жүргенде фермент-субстраттық кешен (аралық зат) түзеді. Бұл кешеннің қызметі өте күрделі, ол субстрат пен фермент молекулалары конформациясы мен энергиясын және химиялық байланыстарын өзгертеді. Реакция өткен соң фермент-субстраттық кешен жаңа қалыпқа ауысып, фермент-реакция өнімі кешеніне айналады. Содан кейін ол фермент және реакция өніміне (Р) жекеленіп бөлінеді:
S + E → S·E → EP → E + P
Барлық ферменттер глобулярлы нәруыз болып табылады.
Ферменттер жайында ақпарат, басқа да нәруыздар секілді ДНҚ-да сақталған
Фермент қатысатын реакция қайтымды болса, ол реакцияны екі бағытта да жүргізе алады.
Ферменттердің катализдік ерекшелігіне келесі қасиеттері жатқызылады:
Ферменттің активтілігі pH ортаға, температураға және субстрактың концентрациясына байланысты өзгереді.
Ферменттер катализдік реакция энергиясының белсенділігін түсіреді.
Фермент өздігінен жаңа реакция жүргізбейді. Ол тек термодинамикалық мүмкін реакцияны ғана жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет