Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Көкшегүл тамырабақтары тамыррларымен – корневища с корниями



бет35/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

Көкшегүл тамырабақтары тамыррларымен – корневища с корниями       

    синюха -  Rhizomata cum radicibus Polemonii

    Көк көкшегүл – Синюха голубая – Polemonium coeruleum L.

    Көкшегүлдер тұқымдасы – семеиство синюховые –Polemoniaceae

   Cипттамасы. Биіктіге 35-120 см көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы қысқа, көптеген ұзын, жіңішке ашық түсті жанама тамырлары жауып тұрады. Бірінші жылы өсімдіктің тамыр жапырақтары өсіп шығады. Екінші даму жылында өсімдік гүлдеп, жемісін береді.  Сабақ жапырақары кезекті орналасқан 7-13 жұп жапырақтары тақ салалы қауырсынды, жапырақтары жұмыртқа-қияқты, ұшы үшкір, шеттері тегіс, жалаңаш.

     Гүлдері сыпырғы тәрізді ірі гүл шоғырын құрайды, гүл тәжі қоңырау тәрізді, терең бес салалы, әдемі көк түсті. Гүл тостағаншасы қоңырау тәрізді, 5-салалы, жемісінде қалып қояды. Жемісі – үш қырлы, домалақ қорапша, ішінде көптеген тұқымдары орналасқан.

    Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінде, Сібірден Енисейге дейін таралған. Бұта араларында, орман шеттеріндегі ашық алаңқайларда, өзен жағалауларында өседі.

   Дәрілік шикізаты. Өсімдіктің тамырсабақтары тамырларымен (Rhizomata cum radicibus Polemonii)плантацияларда екінші жылы күзде жиналған дұрыс, себебі бұл кеде шикізат өнімінің шығымы жоғары болады. Сабақтары кесіп тастап, топырағын жуып, ірі тамырсабақтарын көлденең кесіп, ауада немесе кептіргіштерде кептіреді.

    Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлігінде дәрлік тритерпенді сапониндер табылған. Әсіресе, өсімдіктің тамырлары мен тамырсабақтары олрға өте бай, мұнда 20%-ға дейін сапониндер табылған.Сапониндерден басқа көкшегүлдің жер асты бөліктерінде смолалы заттар (1%), липидтер, органикалық қышқылдар, крахмал кездеседі.

   Қолданылуы. Қайнатпасын қақырық түсіргіш зат ретінде созылмалы бронх дерттерінде пайдаланады. Бұдан басқа тыныштандыратын қабілеті бар. Батпақты ақшайыр шөбімен бірге  асқазанмен ұлтабардың жарасын емдеуге ұсынылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет