Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


Сумах жапырақтары – листья сумаха – Folia Rhus coriariae



бет47/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

Сумах жапырақтары – листья сумаха – Folia Rhus coriariae

Иілік сумах – Сумах дубильный - Rhus coriaria L.

Сумахтар тұқымдасы – семейство сумаховые - Anacadiaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 1-3 м бұта ағаш. Жапырағы тақсалаланған 3-10 жұп жапырақшалардан тұрады, сағақтарының қанаттары бар; жапырақ күлтелері жұмыртқа тәріздес, шеттерінде ірі ара тістері бар. Гүлдері ұсақ жасыл-ақшыл түсті, ірі конус пішіндес сыпыртқыға жиналған. Жемістері ұсақ, қызыл сүйекшелер сыртынан қалың қызыл-бурыл түсті безді түктермен жабылған.

Таралуы. Қырымның, Кавказдың, Туркменияның тауларында өседі. Мәдени түрге енгізілген.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтарын (Folia Rhus coriariae) бүтіндей жұлып алып, ашық ауада кептіреді.

Химиялық құрамы. Құрамында 15-20% танин табылған. Ілеспелі заттарға бос галла қышқылы мен оның метилді эфирі жатады. Жапырақтарында флавоноидтардың едәуір мөлшері табылған. Сумахтың таннин құрамында 6 галлоильді қалыңдықтарының екеуі дигаллоильді және екеуі моногаллоильді болып табылатын кешенді заттардан тұрады.

Қолданылуы. Танин мен оның препататтарынан алу үшін қолданылатын өндірістік шикізат.

Скумпия жапырақтары – листья сукумпии - Folia Cotini coggygriae

Скумпия коггигриясы – Скумпия коггигрия - Cotinus coggygria Scop.

Сумахтар тұқымдасы – семейство сумаховые - Anacadiaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 2-3 м тармақталған бұта немесе ағаш өсімдік. Жапырақтары кезекті орналасқан, жәй жапырақ, домалақ немесе эллипс, шеттері бүтін, жалаңаш, астыңғы беті көгілдір түсті ұзын сағақты. Сағақтары мен негізгі бездері қызыл-күлгін түсті. Гүлдері ұсақ, жасыл-ақшыл түсті, ірі шашақты гүл шоғырына жиналған. Гүлдері қос жынысты немесе тек аталық гүлдерден тұрады. Жеміс беретін гүлдерінің гүл сағақтары өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұзарада да ұзын қызылт-сары түсті жіпке айналады. Маусым-шілдеде гүлдейді; қыркүйек-қазан айларында жемісін береді.

Таралуы. Кавказда жаппай таралған, Қырымда, Украинананың оңтүстігіне таралған. Таралуы шатқалдарда, бұта араларында, сирек орманды жерлерде өседі. Мәдени түрге енгізілген.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтарын (Folia Cotini coggygriae) гүлдеп тұрған және жемісі пісен кезінде жинайды. Ашық ауада кептіреді.

Химиялық құрамы. 23-25% галлотанин және бос галла қышқылдары табылған, флавоноидтардан мирицитрин бар. Жапырақтарында 0,2% эфир майы енгізілген мирцен кездеседі.

Қолданылуы. Танин мен оның препараттарын алу үшін қолданалылатын өндірістік шикізат.

Емен қабағы – кора дуба - Cortex Quercus

Кәдімгі емен – Дуб черешчатый, или обыкновенный - Quercus robur

Шамшаттар тұқымдасы – семейство букавые - Fagaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 40 м жақсы тармақталған ірі тамыры, кең жайылған діңі, бурыл-қоңыр түсті, жарылған тоз қабығы ар ағаш. Гүлдері біржылдық, жапырағы кезекті орналасқан, кері-жұмыртқа тәрізді қауырсын-салалы.

Таралуы. ТМД-ның Европалық бөліктерінде, Кавказда, Сібірде, Батыс Европада және Балканда, Ақтөбе, Алматы облыстарында, Орал өзендерінің жағалауларында кездеседі. Қазақстанның оңтүстік аудандарында мәдени түрде өсіріледі.

Дәрілік шикізаты. Жас бұталарының қабығын (Cortex Quercus) ерте көктемде өсімдік бойында сөл жүретін кезеңінде жинайды. Көлеңкеде, жақсы желдетілен бөлмеде кептіреді.

Химиялық құрамы. Жас ағаштарының қабығында катехиндердің тотығу полимеризациясының нәтижесінде пайда болатын 7-12% иілік заттар табылған. Төменде емен қабығындаа иілік заттар пайда болуының алғашқы сатысының бір тізбегі катехин димерінің формуласы келтірілген. Бұдан басқа галла және эллага қышқылы, флавоноидтар – кварцетин, кварцитрин, левмин, дәрумендер В1, В2, С, РР, В6, пантотен қышқылы, стероидтар, үштерпеноидтар, 13-14% пентоздар 6% пектинді заттар, шайырлар, флобафен, крахмал табылған. Жаңғағында 40%, крахмал, 5-8% иілік заттар, 5% майлы майлар, қанттар және ақуыз заттар бар.

Қолданылуы. Еменнің қабығынан дайындалған айнатпасын қабынуға қарсы және бырыстырғыш дәрмек ретінде стоматитте, гингивитте, созылмалы тонзиллитте, фарингитте, қорылда, қызыл иектің қабынуында аяқтың тершеңдігі кезінде, күйгенде, тері ауруында, іш өткенде қолданады. Еменнің қабығын қайнатпа мен тұнба күйінде жинақтардың құрамында жүректің бұлшық еттерін нығайтуда қолданады.

Қазтабан тамырсабақтары – корневища ланчатки - Rhizomata

Tormentillae

Түзу қазтабан – Липчатка прямостоячая – Potentilla erecta L.

Rausch.

Раушангүлділер тұқымдасы – семейство рооцаетные - Rosaceae

Сипаттамасы. Биіктігі 30 см. көпжылдық шөптесін өсімдік. Тамырсабағы жуан ағаштанып кеткен, көлденең өседі, қызыл түсті, ішкі жағы сарғыш-ақ түсті. Сабағы жіңішке жоғары қарай көтеріле өскен, тармақты. Жапырағы үш салалы, кезекті, отырмалы. Мамырдың аяғынан қазанға дейін гүлдейді.

Таралуы. Өсімдік ТМД-ның Европалық бөліктірінде, Кавказда, Батыс Сібірде, кездеседі. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан мен Алтайдың орман шеттерінде өседі. Ылғалды шалғындарда, сирек ормандарда, орман алаңқайларында, бұта араларында өседі.

Дәрілік шикізаты. Тамырсабақтарын (Rhizomata Tormentillae) жаздың аяғына қарай жинайды, жанама ұсақ тамырлардан тазартып, жуып, кептіреді. Тамырсабақтарының формасы әртүрлі: бұрыс-цилиндр тәрізді, түйнек тәрізді. Сыртынан қарағанда күңгірт-бурыл түсті, сынығынан қарағанда қызыл-бурыл түсті, жаңадан қазылған тамырсабақтары ішкі жағынан ашық-қызғылт, кептіргеннен иілік заттар тотығы. Дәмі өте бырыстырғыш, иісі жоқ.

Химиялық құрамы. Тамырсабақтарында (15-30%) иілік заттар, бос эллага қышқылы бар. Тамырсабақтарында үштерпенді сапониндер: 1) торментозид сапогенин торментол С30 Н48 О6 және глюкозаның 2 молекуласына ыдырайды; 2) хин қышқылының сапогенині екі негізді үштерпенді қышқыл –хиновин, ал қант – хиновоздың метилпентозасы. Ілеспелі заттардан крахма, камедті және шырышты заттар кездеседі.

Қолданылуы. Қайнатпасын ауыз қуысының қабынуы кезінді шаюға, энтеритте, энтероколитте және диспепсияда, күйгенде пайдаланады. Бырыстырғыш жинақтың құрамына енеді.

Білім алушының қолы _______ Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы

2021ж."11"қаңтар ________________________________________________________________

(кәсіптік практиканың тікелей жетекшісі) Кабулов.Б

2021ж. "11"қаңтар

2. Білім алушы мадақтамалары мен жазалары __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қорытындылары

__________________________________________________________________

Кәсіпорыннан (ұйымнан) кәсіптік практика жетекшісінің қолы

_________________________________________

2021ж. "11"қаңтар

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет