Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп



бет48/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57
Байланысты:
кунделик 2021-2022 фгнозия практика УПП (1) (3)

ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп 

Білім алушы: Жасталапова Әсима Ғаділжанқызы

тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)

 12. 01. 2021.

 


 

 

Р\с№ 



     

  Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)жұмыстардың атауы 



  Кәсіптік практикааның бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері 

Өндірістен  

 кәсіптік  

 практика жетекшісінің  

қолы 


 

 

     басталуы 

аяқталуы 

 

10.

Фитотерапияда жиі қолданы латын және емдеу үшін тиімді өсімдіктер.Құрамында алкалоид тар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар. Ациклды алкалоидтар

        9:00                  14:00

 

Қылша шөбі –трава эфедры – Herba Ephedrae

Қырықбуын қылша – Эфедра хвощевая - Ephedra equisentina Bunge.

Қылшалар тұқымдасы – семейство эфедровые - Ephedraceae

Cипаттамасы. Биіктігі 1-1,5 м ксерофитті бұтадан өсімдік, өркендерінің даму кезеңі әр түрлі болады, бірінші кезектегі өркендері ішінен тік көтереліп өседі, олардан екінші кезектегі өркендер дамиды. 1-2 жылдық өркендері жасыл күйінде болады да біртіндеп олар ағаштанып барып сыртын сұрғылт түсті тоз қабаты жабады. Өркендері мүшелі, жас өркендер жасыл түсті болады. Эфедра қосүйлі өсімдік.

Таралуы. Қырықбуын қылша өсімдігі негізінен Орта Азия мен Қазақстаанның таулы аймақтарында ( Жоңғар Алатауында Іле Алатауында, Орталық және Батыс Тянь – Шаньде, Памир-Алтайда ) кездеседі. Тау етектерінде, шатқалды жерлерде өседі. Алматы және Жамбыл облыстарында өндірісте дайындалады. Егістіктері бірнеше жүз ектарларды алып жатады.

Дәрілік шикізаты. Негізгі өнірістік шикізаты қырықбуын қылшаның шөбі (Herba Ephedrae). Өндірісте псевдоэфедринді эфедринге изомерлеу мүмкін болғандықтан өндірістік шикізат ретінде орташа қылшаның шөбін де пайдаланады.

Қырықбуын қышқылының шөбін ерте көктемде немесе жазғы-күзгі кезеңде жинайды. Шикізаты өсімдіктің жоғары ұшының ұзындығы 25 см, сабақ жуандығы 3 мм шөптесін бөлігінен тұрады. Шикізатының түсі ашық-жасыл түсті. Иісі болмайды. Дәмін анықтамайды, өсімдік улы. Алкалоидтар мөлшері 1,6%-дан т-мен емес.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөліктерде алкалоидар L-эфедрин, D-псевдоэфедин және L-N- метилэфедринді кездестіруге болады. Псевдоэфедрин эфедриннің оптикалық изомері болып саналады.Эфедрин фенилалкиламиннің туындылары бола отырып фенилаланиннен түзіледі.

Қолданылуы. Ғылыми медицинада эфедрин препараттары өкпенің жұмсақ бұлшық еттерінің спазмында, өкпе демікпесінде, көк жөтелде қолданылады. Тамырлллллларының таралуына әсер ете отырып ол артериялық қысымды көрсетеді. Соныменбірге, наркотиктермен және ұйқы ақыратын препараттармен уланғанда қолданылады.

Бұрыш жемістері – стручковый перец – Fructus Capsici

Бір жылдық бұрыш - Перец одннолетний - Capsicum annum L.

Алқалар тұқымдасы – семейство пасленовые - Solanaceae

Сипаттамасы. Мәдени түрде биіктігі 60 см біржылдық шөптесін өсімдік. Бұталары қабырға тәрізді жалаңаш немесе түкті. Жапырақтары кезекті, жоғарғылары кейде жұптасып орналасқан ұзын сағақты, жапырақ тақтасының ұзындығы 1 см, жұмыртқа немесе эллипс формалы, үшкір, шеттері тегіс, жалаңаш немесе түкті. Гүлі дара немесе шоқталып орналасқан, жемісінің сөлі аз, көп тұқымды жиде. Маусымда гүлдеп, қарашаға дейін жемісін береді.

Таралуы. ТМД елдерінде Украинаның оңтүстігінде, Молдавада, Кавказда, Орта Азия республикасында бұрышты мәдени түрде кеңінен өсіреді.

Дәрілік шикізаты. Піскен жемістерін (Fructus Capsici) күн астында немесе кептіргіштерде кептіреді. Жемістері қою – қызыл түсті немесе сарғыш-қызыл конус тәрізді, ұзындығы 8-12 см, ені 4 см, сырты жылтыр. Бұрыштың тозаңы жоғары тыныс жолдарының кілегейлі қабаттары қатты тітіркендіреді, сондықтан оны жинағанда кептіру, орамдау, ұсақтау және елегенде сатау шараларын ұстау керек.

Химиялық құрамы. Бұрыштың тітіркендергіш қасиеті мен күйдіргіш (дәмі оның құрамындағы децилен қышқылының ванилиламиді болып табалатын алкалоид капсаицинге (1,5%дейін) байланысты:

Капсаициннен басқа жемістерінде 1,5% эфир майы, майлы майлар, каротиноидтар, аскорбин қышқылы табылған.

Қолданылуы.Тұндырмасын тәбетті ашу үшін және асқорытуды жақсартуға қолданады. Жергілікті дәрмек ретінде бұрыштың күрделі линименті және бұрыштың жабысқақ пластырын кеңінен қолданады. Бұршаққынды бұрыш кулинарияда, арақ-шарап өндірісінде кеңінен қолданып келеді

Жалпақ жапырақты зиягүл шөбі – трава крестовника

плосколистного - Herba Senecionis platyphyllidis

Жалпақ жапырақты зиягүл – Крестовник плосколистный - Senecio

platyphylloides Somm.et.Lev.

Астрагүлділер тұқымдасы – семейство астровые – Asteraceae

Сипаттамасы. Көлденең орналасқан жуан тамырсабағы мен көптеген тамырлардан тұратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағаның биіктігі 150 см дара жоғары бөлігі тармақталған, сыртын қысқа қатты түк басқан. Тамыр және төменгі сабақ жапырақтарының сағағы ұзын. Ортаңғы сабақ жапырақтары формасы жағынан төменгілеріне ұқсас, бірақ олардан аздап кішілеу, қысқа сағақты, түп жағында үлкен құлақшалары бар. Жоғарығы жапырақтары қияқты, жапырағы жалаңаш. Гүл себеттері өте көп, 10-15 гүлі ірі қылқанды гүл шоғырын құрайды.

Таралуы. Жалпақ жапырақтары зиягүл Кавказдың таулы аймақтарына тән өсімдік. Қарағайлы – қайыңды аралас ормандарда бұталар арасында, таулы өзен жағалауларында өседі. Әсіресе, батыс және оңтүстік Закавказьеде үлкен нулар құрып өседі.

Дәрілік шикізаты. Шикізаты Грузияда дайындалады себебі бұл аймақтың өсімдіктерінде алкалоидтар жоғары мөлшерде кездеседі. Жер үсті бөлігін (Herba Senecionis platyphyllidis) 10-15 см етіп кесіп, гүлдеп тұрған кезінде жинайды. Шикізаты жапырақтары мен гүлдері және сабақтарынан тұрады. Иісі әлсіз, дәмі ащылау. Шөбінен алынатын платифилиннің мөлшері 0,2%- дан төмен емес.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөліктерінде аллкалоидтар платифиллин мен сенецифиллиндер табылады. Платифиллин платинецие мен сенеционин қышқылының күрделі эфирі, ал сенецифиллин болса ретронецин және сенецифиллин қышқылының күрделі эфирлері. Екі алкалоидта көп жағдайда N-тотық түрде орналасқан.

Алкалоидтардың жеке шамасы мен олардың қосылыстарының мөлшері олардың өсу аймағында, өсу кезеңдері мен тіршілік жағдайларына байланысты кең арқалықта өзгеріп отырады.

Қолданылуы. Шикізатының платифиллин гидротартрат (Platyphyllini hydrotartras) инъекцияға арналған 0,2% ерітнідісі немесе 0,005 г таблеткасы басқа дәрілік формалар мен бірге дайындалады. А тізімі.

Платифиллиннің холнолитикалық және спазмолитикалық қабілеті бар. Асқазанның жаралы ауыруларында, спастикалық іш қатуларда, холециститте, өкпе демікпесінде, стенокардияда және ми мен перифериялық қан айналулардың спатикалық формаларында қолданылады. Бұдан басқа көздің қарашығын ұлғайтуда ол атропинге қарағанда аз улылық көрсетеді. Кейде платифиллинді қабылдау барысында ауыз құрғап, жүрек қығысы жиелейді.

Итжидек жапырақтары – листья красавки – Folia Belladonnae

Итжидек шөбі – трава красавки – Herba Belladonnae

Итжидек тамырлары – корни красавки – Radices Belladonnae

Кәдімгі итжидек – Красавка (белладонна) обыкновенная – Atropa

belladonna L.

Кавказдық итжидек - Красавка кавказская – Atropa caucasica Kr.

Алқалар тұқымдасы – семейство пасленовые – Solanaceae

Сипаттамасы. Көп басты тамырсабағы және ірі тармқаты тамырлары дамыған көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары жуан, сөлді, шанышқы тармақты, биіктігі 2 м дейін, қабығы күлгін түсті, сабағының жоғарғы жағын қалың түк басқа (А belladonna) немесе жалаңаш көгілдір түсті жұқа қабат жауып тұрады (А. сaucasica).Төменгі жапырақтары кезекті орналасқан, жоғарғылары екіден орналасқан, олардың біреуі екіншісінен 3-4 есе ірілеу. Ірі жапырақтарының формасы эллипс тәрізді, ұзындығы 20 см-ге дейін, ұсақтарының формасы жұмыртқа тәрізді. Гүлдері сабақтар мен жапырақ қуыстарында жеке дар иіле орналасқан. Жемісінде қалған гүл тостағаншасы 5- тісті, гүл тәжі қоңырау тәрізді 5-слалы, ұзындығы 20-30 мм, бурыл-күлгін түсті (А сaucasica түсті күңгірттеу), түп жағы сары-бурыл түсті. Аталығы 5, гүл түйінінің күлгін түсті діңгекшесі бар. Жемісі күлгін – қара түсті, Жылтыр, сөлді шие тәрізді, көптұқымды жиде, ішінде күңгірт-күлгін түсті сөлі бар. Жемістері мен өсімдіктің өн бойы улы.

Таралуы. Қырымның, Кавказдың және Батыс Украинаның таулы аймақтарында, шамшатты ормандарда, тоғай шеттерінде, өзен жағалауларында өседі. Украина мен Краснодар өлкесінде өсіріледі.

Дәрілік шикізаты. Жапырақтарын (Folia belladonnae) гүлдеп тұрған кезде жинайды, сонан соң тұқымдары піскен кезінде өсімдікті түгел орып алады.

Жапырақтары мен шөбін (Herba Вelladonnae) ұсақтап турап, тез арада-40-500 С температурада кептіргіште кептіреді. Тамырларын (Radices Belladonnae) кесіп, жуан тамырларын көлденең бөліктерге бөледі де кептіргіште кептіреді. Жапырақтары бурыл-жасыл түсін жоғалтпауы керек. Кесілген шөптерінде жапықатары мен сабақ бөліктерінен басқа піспеген (жасыл) және піскен (қара) жемістері де кездеседі. Тамырларының кесінділері 10-20 см, ені 0,5-2 см. Сыртынан қарағанда олар сұрғылт-бурыл түсті, ал сынығынан аздап сарғыш түсті болады. Шикізаттың барлық бөліктерінң иісі темекінің иісіне ұқсас, дәмін тексермейді (улы). Алкалоидтар жапырақтар мен шөбінде 0,3% -дан , ал тамырларынан 0,5%- дан кем болмауы керек.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөлігінде алкалоидтар табылған, олардың негізгілеріне гиосциамин жатады. Аздаған мөлшерде скополами және ұшқыш негіздер (N-метилпирролидин, гигрин, кускгигрин және т.б.) табылған. Алкалоидтардың ең көп мөлшері (1,5% дейін) тамырларында, жапырақтарында 0,3-0,75% кездеседі. Алкалогидтарға өсімдіктің сабақтары да бай (0,2-0,6% ) , осыған байланысты өндірісте оның жер үсті бөліктері түгелімен қолданылады.

Қолданылуы. Атропин мен гиосциамин спазмолитикалық әсер көрсетеді, көздің қарашығын үлкейтіп, жұмсақ бұлшық еттерді босаңсытады, ауруды басады, сілекей, асқазан, бронх тері бездерінің бөлінуін тежейді, теңіз және ұшу кезіндегі ауру симптомдарын жеңілдетеді, ОНЖ қоздырады. Он екі елі ішекпен асқазанның жарасында, ішек пен несеп жолдарының түйілуінде (спазм), сілекей асқазан және бронх бездерінің секрециясын тежеу үшін қолданылады.

Атропинді көз аурулары тәжірибесінде иагностикалық мақсатта көздің қарашығын үлкейту үшін және көздің қабынуы мен көздің түрлі зақымдануынан туатын ауруларда қолданылады.

Итжидектің жапырақтары мен шөбінен түрлі препараттардың (таблеткалар мен суппозиторилердің) және комплексті препараттар (бесалол, бекарбон, беллалгин және басқа) құрамына енетін тұндырма, қою және құрғақ экстррактлар дайындайды. Жапырақтарынан алынатын ұнтағы астатолдың құрамына кіреді.

Меңдуана жапырақтары – листья белены - Folia Hyoscyami

Қара меңдуана – Белена черная – Hyoscyamus niger L.

Алқалар тұқымдасы – семейство пасленовые - Solanaceae

Сипаттамасы. Екі жылдық (майда) жұмсақ түкті жабысқақ, ұнамсыз иісті шөптесін өсімдік. Тармақталған сабағының ұзындығы 20-80 см. Төменгі жапырақтары ірі, сағақты, ұзын-жұмыртқа тәріздес ойық қауырсын салалы. Гүлдеу кезеңінде өсімдік сөнеді. Сабақ жапырақтары отырмалы жұмыртқа тәрізді қияқты, ойық – салалы, ал жоғарғы жапырақтары ұсақ, бүтін. Гүлдері отырмалы. Гүл тостағаншаларының ұзындығы 20 см, түтікше қоңырау тәрізді, 5-тісті. Гүл тәжінің ұзындығы 20-30мм, воронка тәрізді күлгін-сарғыш түсті. Жемісі тостағаншасына беріштеніп бекітілген 2-ұялы қорапша, қақпағынан ашылады. Тұқымы бурыл-қара, домалақ, сырты ұсақ ұяшықтардан тұрады майысыңқы, көлденең 1,5 мм-ге дейін жетеді.

Таралуы. ТМД-ның барлық Европалық бөліктерінде және Кавказда тараған. Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Далалы жерлерде, қоқысты, үй маңында, бақтарда өсетін арамшөп.

Дәрілік шикізаты. Сабақ және жапырақтарын (Folia Hyoscyami) екі рет жинап алады. Тамыр жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін болады. Жапырақтарының түсі сұрғылт жасыл түсті және басты жүйкелері жалпақ, ақ түсті негізіне қарай кеңейе түседі. Иісі ұнамсыз, есеңгіртетін әсері бар.

Химиялық құрамы. Өсімдіктің барлық бөліктерінде алкалоидтар кездеседі, оладың негізгілері гиосциамин мен скополамин. Жапырақтарында 0,05-,1%, алкалоидтар, ал тұқымдарында және тамырларында олардың мөлшері аздап жоғары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет