Фгз оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп


ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп



бет7/57
Дата09.05.2022
өлшемі335,17 Kb.
#33654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
ФГЗ Оқу –өндірістік тәжірибесідан өтуі туралы күнделік-есеп 

Білім алушы: Жасталапова Әсима

тегі, аты, әкесінің аты ( ол бар болған жағдайда)

 4. 01. 2020.

 


 

 

Р\с№ 



     

    Кәсіптік практиканың бағдарламасына сәйкес әр күн үшін орындалған (оқып болған)жұмыстардың атауы 



  Кәсіптік практикааның бағдарламасына сәйкес, жұмыстарды орындау (оқыту) мерзімдері 

Өндірістен  

 кәсіптік  

 практика жетекшісінің  

қолы 


 

 

     басталуы 

аяқталуы 

 

2. 

Фитотерапияда жиі қолданы латын және емдеу үшін тиімді өсімдіктер ; Құрамында дәрумендері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар.

        9:00                  14:00

 

Құрамында дәрумендері бар дәрілік өсімдіктер мен шикізат тар. Шырғанақ жемістері,  Итошаған шөбі, Қырымызыгүл,  Ақшайыр шөбі Шетен жемістері  

 Шырғанақ жемістері – плод облепихи – Frutus Hippophaes

    Шырғанақ итшомырт – Облепиха крушиновидная Hippophae     

    rhamnoides L.

    Жиделер тұқымдасы – семейство лоховые – Elaeagnaceae

    Сипаттамасы. Биіктігі 2-6 м ағаш немесе бұта. Ағаш қабықтары сары – қоңырқай, қоңырқай-жасыл немесе қара түсті, бұта ұштары қатты тікенді болады. Жапырақтары кезекті орналасқан ұзындықтары 2-8 см жәй жапырақтары, жапырақтарының үстіңгі беті сұрғылт-жасыл, ал астыңғы беті қоңырқай-сұр түсті. Гүлдері қос үйлі, жемістері қызғылт-сары түсті шырынды сүйек. Жемісінің өзіне тән дәмі бар. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді, тамыз-қыркүйек айларында жеміс береді.



Таралуы. Қазақстанда Шығыс Сарыарқада, Зайсан, Балшық, Алакөл, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей Кетпен, Теріскей, Қаратау, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Өзен бойында, аңғарында, көл жағасында, тоғайда бұталар арасында, тау сайлары және беткейлерде, құламалы жыраларда, тастарда, биік тау бөліктерінде өсіп – өнеді.

    Дәрілік шиикізаты. Жемістерін (Frutus Hippophaes) піскен кезінде жинайды. Сүйек жемістері шырынды, домалақ немесе ұзын-эллипс формалы ұзындығы 4-12 мм, жеміс аяғы бар немесе жоқ, түсі сарыдан қою-қызғылт сарыға дейін, бір сүйекті, дәмі қышқылтым-тәттілеу, иісі әлсіз, ананастың иісіне ұқсас. Жемістері оңай жарылады.

     Химиялық құрамы. Жаңа жиналған жеміс етінде майлар 10%, майда еритін дәрумендерден кариотиноидтар 20 мг, токоферол мөлшері 18 мг, К1-дәруменінің шамасы 1,5 мг, сонымен бірге суда еритін дәрумендерден В1, В2, В9, аскорбин қышқылының шамасы 500 мг. Р-белсенді қосылыстардан холин мен бетин 70 мг-ға дейін, органикалық қышқылдар (алма және шарап), никотин, иілік заттар, флавоноидтар (рутин), тамырында көмірсулар, фенолкарбон қышқылы, катехиндер, флавоноидтар, алккалоидтар, жоғарғы майлы қышқылдар, қабығында тритерпеноидтар, алкалоидтар, сабағы мен жапырағында көмірсулар, С, Е дәрумендері, иілік заттар, катихиндер бар.

    Қолданылуы. Ғылыми медицинада спиртті сіріндісі мен «Гиппофаин» препаратының дәнекер ұлпасының қатерлі ісігін және Эрлих ісігіне қарсы қолданылады. Сабағынан және бұталарынан алынатын қайнатпасы шаштың түсуіне қарсы, тұқымынан дайындалған қайнатпасының іш өтуін тоқтататын әсері бар. Жапырақтары, гүлдері, жемістерінен алынған қайнатпасы подагра мен ревматизмді, майлы сіріндісімен бауыр ауруларын емдейді. Халық медицинасында сироп, тұндырма, қайнатпа, тұнба, шырғанақ майы жара жазатын, А,С дәрумендерінің жетіспеуінен болатын асқазан, дизентерия, түрлі ісіктерде гинекологияда кеңінен қолданынылады. Халық арасында шырғанақты терідегі бөрітпе, экзема, тері туберкулезін (волчанка), күйгенді емдейді. Шырғанақ майын ойылуға, үсігенге қарсы ресми медицинада кеңінен қолданылады.



    



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет