Шикізатты жинау және алғашқы өндеу
Дәрілік өсімдіуктердің шикізатын жинау ондағы формакологиялық белсенді заттардың ең жоғарғы мөлшері жиналған кезінде жүргізіледі.
Дәрілік өсімдік шикізаттарын жинаудың тиімді әдістері
Дәрілік өсімдік шикізаттарын ондағы формакологиялық белсенді заттардың ең көп мөлшері жиналған вегетация кезеңінде жинайды. Өсімдіктерді онтогенезде зерттеу негізінде олардың жинауға қолайлы кезеңдері анықталады. Өсімдіктерді жинау кезеңі елдің географиялық зоналарына және ауа райына байланысты. Жиі жағдайда шикізатты жинауды күннің белгілі бір мезгіліне белгілейді. Өсімдіктің әр түріне шикізат жинау ережелері бекітілген.
Шөбі. Шөпті жинап немесе орып болған соң оны қоспарлардан тазартады. Қажет болғанда өсімдіктің төменгі ағаштанып кеткен бөліктерін шауып бөліп тастайды. Біржылдық өсімдіктердің тамырлары топырақ бетіне жақын орналасады, оларды тамырмен жұлып алады. Жапырақтарын шіріген бөліктерінен тазалап отырады.
Жапырақтары. Шикізаттың түріне байланысты жапырақтарын қолмен, сағақты және сағақсыз немесе оның бөліктерін теріп жинайды. Кейбір ұсақ жапырақтарды бұташығымен немесе бүтін шөбімен бірге жинайды да, кептіріп болғаннан кейін жапырақтарын жұлып тереді (аюқұлақ). Егер шикізаты тамыржапырақтары болатын болса (мысалы, мендуана жапырақтарында), оларды тамырларына зиян келтірмей кесіп жинайды. Ірі шөптесін өсімдіктерде (мысалы, итжидекте) қос жапырақтардың ірі жақсы дамығандарын жинайды. Бұл кезде өсімдіктің жоғары ұшын кесіп, шөбі ретінде пайдаланады (галенді препараттар өндірісі үшін).
Гүлдері. Гүлді шикізаттарды жинау техникасы гүлдердің өлшеміне, орналасуына (жеке гүлдері немесе гүл шоғыры), гүлшоғырының типіне және т.б. байланысты. Сиыр құйрықтың гүл тәжін оларды гүлінен қолмен жұлып алады, ырғайдың гүлдерін – қалқанша гүл шоғырын кесіп жинаған дұрыс. Дәрілік түймедақтың гүл себеттерін арнайы тарақпен теріп жинайды. Ағаш өсімдіктердің гүдерін (жөке ағашы) сатыны пайдаланып, гүлдеп тұрған жоғары ұшын қайшымен кесіп жинайды. Дермене жусанның гүл қауыздарын машинамен орып алып, кейін оларды бастырып жинайды.
Жемістері мен тұқымдары. Шөптесін өсімдіктердің құқық жемістері мен тұқымдарын шөбінің жер үсті бөліктрін орақпен орап жинайды. Жиделерін жеміс аяқтарымен немесе оларсыз қолмен теріп жинайды. Шырғанақ жемістері мен аршаның жемістерін күзде алғашқы суықтан кейін бұталарды сілкіп жинайды. Ағаш өсімдіктердің сөлді жемістерінің (шетен, мойыл) жеміс серігін сатыны пайдаланып жинайды.
Шатыршагүлділердің жемістерін (феникулум, анис, зере, кориандр) арнайы комбайындарды пайдаланып жинайды.
Тамырлары, тамырсабақтары, тамыр түйнектері. Жер асты бөліктерін күрекпен, кетпен шоттармен және айырмен қазып жинайды. Топырақ ерекшелігіне, жиналатын өсімдіктің өсу жағдайына байланысты құралды таңдап отырады. Мысалы, иірдің тамырсабақтарын топырақтан тек айырдың көмегімен, ал зиягүлдің тамырсабақтарын таудың тасты топырағанан тек сүйменмен және мықты шоттың күшімен ғана босатып жинай алады. Кейбір тамырларды жұлу үшін жинаушылар тек қатты құрыштан жасалынған күректерді пайдаланады. Өзеннің жағасындағы жайылмалардағы мия тамырларын тракторлардың терең қазатын соқаларын пайдаланып жинайды. Ол үшін алдымен жер үсті бөліктерін орып алады.
Қабығы. Ағаштарда сөл жүру кезеңінде қабығы өзектен оңай ажыратылатын кезде жинайды. Бақша пышағымен діңгек пен бұталардың қабығына 20-25 см арақашықтықта сақина тәрізді көлденең кесінділер жүргізеді. Және үстіңгі кесіндіден төмен қарай 2-3 тік кесінділер жасайды. Осылай біраз уақытқа солдыру үшін қалдырады да, содан кейін қабығын сыдырады.
Бүрлері. Түрлі әдістермен жинайды: қарағай бүрлерін түбімен кесіп алып жинайды; қайың түрлерін алдымен бұтақтарымен кесіп алып, кейіннен бүрлерін теріп алады; терек бүрлерін жоғарыдан төмен қарай басып, бұталарына жәймен жұлып жинайды.
Достарыңызбен бөлісу: |