Фигуралардың ауданы
8-9 сынып оқушыларына арналған элективті курс
(аптасына 1 сағат,барлығы 34 сағат)
Орындаған:Рыспаева А
Қабылдаған:Егембергенова М
Шымкент 2022
«Фигуралардың ауданы» эллективтік курсының бағдарламасы Түсінік хат Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек, математика- оқушының дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.Жаратылыстану-математикалық бағыттағы математика курсы қоршаған әлемнің заңдылықтарын оқып – үйренуге математика негізгі аппарат және өзіндік құрал ретінде роль атқаратын іс-әрекет салаларын таңдаған оқушылараға арналған. Осы курстың шеңберінде дәстүрлі «Геометрия» пәні оқылады. Оларды оқып үйренуге жалпы орта білім беретін курстарға қарағанда барынша жоғары деңгейдегі міндеттер жүзеге асырылады.
Мектепте математикалық білім берудің маңызды проблемаларының бірі – оқушыны есепті шешудің әдіс – тәсілдерімен қаруландыру және есептің шешімін өздігінен іздеп, таба білуге үйрету.Ұсынылып отырған курс жоғарғы сынып оқушыларының дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 34 сағаттқа есептеліп , 9 сынып оқушыларына арналған. Бұл курс геометрияға бейімі бар оқушының қызығушылығын , сұранысын есептерді шешу әдістерін қолдану барысында танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Осы курстың енгізілу мақсаты – мектеп оқушысына жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік беру мен бірге практикалық сабақтар арқылы болашақта білімге деген қөзқарасы тұрғысынан өзіне баға бере білуіне көмектеседі. Қолданбалы курс жоғары сынып оқушыларының ой - өрістерін мазмұнын дамытады, жаратылыстану – математикалық бағытына жататын пәндердің оқу мазмұнының маңыздылығын арттыра түседі. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар , зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп , нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. Берілген курста «Фигуралардың аудандары» бойынша теориялық және практикалық білім , білік негіздері жүйеленіп қарастырылды.
Кіріспе сөз «Фигуралардың аудандары» элективті курсы оқушылардың геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері, геометриялық фигуралардың аудандары туралы білімдерін тереңдетіп, кеңейтуге көмектеседі. Жоғары сыныптарда қарастырылатын есептерді шешуге үйретеді.
Математикада әртүрлі геометриялық фигуралардың аудандарын есептеу геометрия курсының қомақты бөлігін құрайды. Себебі ауданға байланысты есептер математиканың түрлі салаларында және маңызды қолданбалы есептерді шығаруда кең қолданыс табады. Аудан ұғымы қаншалықты кең болса, олардың есептеу әдістері де соншалықты көп. Мысалы: үшбұрыштың ауданын есептеуде көптеген формулалар қолданылады: қабырғасы мен биіктігі арқылы, екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш бойынша, үш қабырғасы бойынша, перпендикуляр медианалары бойынша, іштей және сырттай сызылған шеңбер радиустар арқылы және т.б.