Ғылым жаршысы = Вестник науки



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі180,37 Kb.
#5877

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ғылым жаршысы = 

Вестник науки Казахского агротехнического университета им. С. Сейфуллина. – 2015. - 

№4 (87). – Б.39-45 



ҚАРА-АЛА ЖӘНЕ ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫ СҮТІНІҢ 

САПАСЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ МАУСЫМҒА 

БАЙЛАНЫСТЫ ӨЗГЕРІСІ 

 

Бекқожин А.Ж.,Нурманова А.  

 

 



Аннотация 

Бұл  мақалада  Ақмола  облысының  «Родина»  агрофирмасы  ЖШС 

жағдай-ында  ғылыми-шаруашылық  тәжірибенің  кешендік  зерттеулерін 

жүргізу  нәти-жесінде  әкелінген  голштин    тұқымы  сиырлары  мен  жергілікті 

қара-ала  сиырла-рының  сүт  өнімділігі  көрсетілген.  Атап  айтқанда,  екі  топ 

сиырларының төрт жыл мезгілі бойынша сүттің өнімділігі, құрамындағы май, 

ақуыз,  құрғақ  зат  пен  лактоза  мөлшерлеріне,  сүттің  органолептикалық 

көрсеткіштеріне  сипаттама  берілген.  Қара-ала  және  голштин  тұқым 

сиырларының сүтінің сапасы мен химиялық құрамы салыстырылған. 

Кілттік  сөздер:  жыл  мезгілдері,  сүт  өнімділігі,  сүттің  химиялық 

құрамы, майдың массалық үлесі, ақуыздың массалық үлесі.  

 

Кіріспе 

 

Сүт 


өнеркәсібі 

агроөнеркәсіп  кешенінің  ең  негізгі 



бір  бөлігі  болып  табы-лады.  Сүт 

өнеркәсібінің  тиімді  қалыптасуы 

халықтың өмір сүру деңгейінің жо-

ғарылауына және тұтынушылардың 

сүт  өнімімен  қамтамасыз  етілуіне 

мүм-кіндік  береді.  Сүт  өнеркәсібі 

өнімі  -  кәсіпорынның  өндірістік 

қызметіндегі  сүт  өнімі  түріндегі 

пайдалы  нәтижесі.  Қазіргі  уақытта 

мемлекетте 

сүт 

өндірісі 



тұрақтанып,  сүт  және  сүт  өнімдері 

өнеркәсібі дамып келеді [1]. 

 

Осыған 


байланысты, 

сүт 


өндірісі  дүние  жүзінде  соңғы  30 

жыл 


ішінде 

едәуір 


көбейді. 

Сонымен 


бірге 

санитарлық 

сапасына  деген  талап  өсті.  Сүт 

өнім-дерінің 

бәсекелестігін 

жоғарылатуға 

татымдылық 

дәрежесінің  жақсаруы,  тауар-лық 

түрі,  сақтау  кезіндегі  төзімділігінің 

әсері 


зор. 

Сүт 


өнімдерін 

анықтайтын 

негізгі 

факторлар: 

аймақтық  ерекшеліктер,  әр  түрлі 

категориядағы 

халықтық 

тамақтанудың үйлесімді талабы [2]. 

Сүт  -  басқа  ешқандай  азық-

түлік  тең  келмейтін  аса  бағалы 

тағамдық өнім. Өйткені организмге 

оның  құрамды  бөлігінің  95-98% 

сіңеді.  Сондай-ақ  сүт  -  амин 

қышқылдарының, 

макро 

және 


микроэлементтердің, 

витаминдердің тап-тырмайтын көзі. 

Сүттің тағы бір қасиеті: түрлі азық 

түлікпен  керемет  үндесіп,  адам 

тағамының 

биологиялық 

құндылығын  көтереді.  Өйткені  сүт 


организмге 

түсетін 


қоректік 

заттардың 

көлемін 

арттырып, 

сонымен  бірге  май,  ақуыз,  көмір-

қышқыл,  минералды  тұздары,  т.б. 

бірлесе,  үндесе  отырып,  қоректік 

заттардың  организмге  сіңімділігін 

жақсартады [3]. 

Сүттің 


құрамы 

оның 


биологиялық 

және 


азықтық 

құндылығына байла-нысты және ол 

сүт 

өнімдерінің 



дайындалуына 

және  сапасына  әсер  етеді.  Сон-

дықтан  сүттің  химиялық  құрамына 

әсер  ететін  факторларды  анықтау 

өте  маңызды.  Сүттің  химиялық 

құрамы 


өте 

күрделі. 

Оның 

құрамына  мыналар  кіре-ді:  87,5% 



су,  12,5%    құрғақ  зат,  3,7%    май, 

3,3%  ақуыз,  қант  4,8%  және  0,7% 

минералды заттар.  

Сонымен 


қатар 

сүттің 


құрамы  мен  сапасы  мал  түріне, 

яғни мал тұқымы, лактация сатысы, 

жасы,  денсаулық  жағдайы,  жыл 

мезгілі 


сияқты 

сыртқы 


фак-

торларға байланысты [4]. 

Сүт  көлеміне  әсер  ететін 

негізгі  сыртқы  факторларға  сауын 

маусым  кезеңі  мен  азықтандыру 

рационы  әсер  етеді.  Зерттеулер 

көрсеткендей,  жаз  бен  күзде 

бұзаулаған  сиырлардың  сүт  көлемі 

ең  жоғары  және  ең  аз  сүт  мөлшері 

қыс пен көктемде  алынған [5]. 

Ал  бірінші  мен  екінші  сауын 

маусым  кезеңдерін  салыстырғанда, 

екінші  сауын  маусым  кезінде  сүт 

өнімділігі, құрғақ зат көлемі, ақуыз 

бен  лактоза  мөлшері  жоғары 

болды.  Бірақ  екі  сауын  маусым 

бойынша 

сүттің 


майлылығы 

қалыпты 


болып, 

өзгеріске 

ұшырамаған [6]. 

Сүт  құрамы  мен    сапасы  әр 

маусымда  өзгеретінін  әр  түрлі 

зерттеулер  көр-сеткен.  Солардың 

нәтижелерінде  көлемі  ең  көп  және 

құрамы  жағынан  ең  бай  сүт 

көктемде  сауылғаны  байқалған. 

Май,  ақуыз,  лактоза  және  құрғақ 

заттардың 

көп 


мөлшері 

жаз 


айларында 

жиналған. 

Көлемі 

жағынан  ең  көп  сүт  -  жаз  айла-



рында,  ал  ең  аз  сүт  мөлшері  қыс 

айларында  алынған.  Бірақ  cүт 

өнімділігі 

ең 


көп 

жазда 


алынғанымен,  сол  сүт  құрамында 

май,  ақуыз  және  құрғақ  заттардың 

мөлшері  өте  аз  болғаны  байқалған 

[7]. 


Сүттің  жыл  мезгілі  мен  сауын 

маусым  кезеңдеріне  байланысты 

химиялық 

құрамы 


мен 

термотұрақтылығының 

өзгеруі 

оның  термиялық  өңделуіне  әсерін 

тигізеді.  Сүттің  термотұрақтылығы 

жоғары болған сайын құрамындағы 

ақуыз  бен  минералды  заттар 

жоғары  температурада  қасиетін 

жоғалтпай  өзгеріске  ұшырамайды 

деген  тұжырымдар  да  орын  алған 

[8].  

  Сүт  қышқылдылығы  сауын 



маусым  кезеңінде  өзгереді.  Сиыр 

тұқымы 


әр 

түрлі, 


бірақ 

азықтандыру 

сапасы 

бірдей 


болатын  сиыр  сүттерінің  қышқыл-

дылығы  бірдей.  Қышқылдылық 

балаусылықтың  көрсеткіші  болса 

да, 


оның 

жоғары 


болуы 

азықтандыру 

сапасына 

байланысты. Сүттің тұздық құрамы 

да  жыл  бойына  өзгеріп  отырады. 

Ерігіш  кальций  мөлшері  наурыз 

айынан шілде айына қарай уақытта 

азая  бастайды,  ал  лимон  қышқылы 

керісінше 

өседі. 


Бұл 

сүттің 


термотұрақтылығын арттырады [9].  

Қазіргі 


кезде 

елімізде 

өсірілетін  сүтті  бағыттағы  ірі  қара 


тұқымдарын  негізінен  4  топқа 

топтастырады.  Олар:  ірі  қараның 

қара-ала,  қызыл,  қоңыр,  сары-ала 

тұқымдары.  Оның  ішінде  қара-ала 

тұқымы  ерекше  орын  алады.  1925 

жылы  қара-ала  тұқым  Кеңес 

Одағында  жоспарлы  тұқым  болып 

қабылданды. 

Қазіргі 

кезде 


асылдандыру 

жұмыстары 

мал 

сүттілігін  жоғарлатуға,  сыртқы 



пішінін, 

тұқымдық 

қасиетін 

жақсарта түсуге бағытталған.  

Қазақстанда  голштин  қара-

ала  тұқымы  сиырларын  сүттілігіне 

және  салмағына  қарай  сұрыптау 

жүргізіледі. 

Соның 

қорытындысында  сүті де,  салма-ғы 



да,  сырт  пішіні  де,  желіні  де, 

сиымдылығы  да  өзгеше  қара-ала 

тұқым малы өсірілуде [10]. 

 

Зерттеулер материалы мен әдістемесі 

 

Зерттеулер 



2014-2015 

жылдары 


Ақмола 

облысы 


Целиноград  ауданының  «Родина» 

агрофирмасы ЖШС-да өткізілді.  

«Родина» агрофирмасы ЖШС 

Целиноград  ауданының  солтүстік-

батыс 

бөлігінде 



құрғақ 

дала 


аумағында 

орналасқан. 

Шаруашылық 

1961 


жылдың 

наурызында 

үш 

бөлімшеден 



тұратын  «Новый быт»  колхозының 

негізінде 

құрылған. 

Облыс 


орталығы  Көкшетау  қаласынан  – 

470 шақырым қашықтықта. 

Сиырлардың  сүт  өнімділігі 

тәуліктік және жылдық сүт сауымы 

бойынша,  сүттегі  май  мен  ақуыз 

мөлшері 


бойынша 

бағаланды. 

«Родина» 

агрофирмасында 

сиырлардың 

сүт 


өнімділігінің 

нақты 


есебі 

күнделікті 

сүт 

сауымының  мәлімет-тері  бойынша 



жүргізіледі. 

Зерттеудің  негізгі  объектісі 

болып  шаруашылық  жағдайында 

өсірілген  қара-ала  және  голштин 

тұқым  сиырлары  алынған.  Екі 

тұқым 


сиырлары 

жаста-ры, 

салмақтары, 

өнімділік 

көрсеткіштері  бойынша  екі  топқа 

15  сиырдан  ірікте-лінді.  Бақылау 

тобы  ретінде  қара-ала  тұқым 

сиырлары алынды.   

Жұмыс  барысында  екі  топ 

сиырларының 

жыл 

мезгілдері 



бойынша 

сүт 


сапасы 

және 


өнімділіктері салыстырылды.  

Сүттің  физикалық-химиялық 

көрсеткіштері 

сүттің 


орташа 

тәуліктік 

сына-масы 

бойынша 


Milkoscan  FT+  (Дания)  инфра-

қызыл спектрофотометрді қолда-ну 

арқылы жүргізілді.  

Milkoscan  FT+  инфра-қызыл 

спектрофотометрі 

жоғары 



өнімділікті, 

то-лығымен 

автоматтандырылған  сүт  талдағыш 

аппараты.  Ол  жылдам  және  нақты 

нәтижелер  беріп  қана  қоймай,  бос 

май  қышқылдарының,  несепнәр 

немесе 

казе-иннің 



мөлшерін 

анықтау 


сияқты 

жаңа 


мүмкіндіктерге ие талдағыш болып 

табылады.  

Milkoscan  FT+  ИК  Фурье-

спектроскопии  (FTIR)  талдағышы 

негізінде 

3-10 


мкм 

орташа 


диапазонында жұмыс атқарады.  

Интерферометр  FTIR  бүкіл 

инфра-қызыл  спектрді  сканерлеп, 

құрамы 


біртекті 

емес 


сүт 

өнімдеріндегі  жаңа  көрсеткіштерді 



анықтап,  берілген  мәлімет-терді 

жинақтай алады.   



 

Зерттеу нәтижелері 

 

 «Родина» 

агрофирмасы 

ЖШС  -  бүгінгі  күні  еліміздегі 

бірден-бір  алдың-ғы  қатарлы  сүтті 

бағыттағы 

мал 

шаруашылығы 



кешені. Бұл кешен алғашқылар-дың 

бірі болып шетелден асыл тұқымды 

голштин  қара  ала  тұқымының 

малда-рын  алып  келді.  Қазіргі 

таңда 

«Родина» 



агрофирмасы 

ЖШС  сүтті  бағытындағы  қара-ала 

сиырларының 

саны 


556 

бас, 


голштин  сиырларының  саны  641 

бас. 


Барлық 

жұмыстар 

сүтті 

табынның 



кешенінде 

шаруашылықта 

қалыптас-қан 

жұмыстар 

тәртібі 

бойынша 


жүргізілді. 

«Родина» 

агрофирмасында  сиырлар-дың  сүт 

өнімділігінің нақты есебі күнделікті 

сүт  сауымдарының  деректері  және 

сүттің 


органолептикалық 

және 


сапалық  көрсеткіштері  бойынша  

жүргізілді.  

Сүт  зауытына  келіп  түскен 

сүттің 


органолептикалық 

көрсеткіштері 

зерт-тейді. 

Органолептикалық    көрсеткіштерін 

талдау – бұл иіс-сезім мүшелерінің 

көмегімен  өнімдерді  зерттеу.  Бұл 

әдіспен 

өнімнің 


бұзылуын, 

сонымен 


қатар 

технологиялық 

ақаулықты,  дәмінің  өзгеруін,  бөтен 

иістерді және түсін анық-тайды.  

1  кестеде  сүттің  иісі,  дәмі, 

консистенциясы, 

түсі 

және 


тығызыдылығын, 

яғни 


органолептикалық  көрсеткіштерін 

көруге болады.  

 

1 кесте - Сүттің органолептикалық көрсеткіштері 



 

Көрсеткіштер 

Сипаттамасы 

Иісі және дәмі 

Сүтке тән таза, бөтен иіс және өзге дәмдерсіз 

Консистенция 

Біртекті тұнбасыз және үлпексіз сұйықтық 

Түсі 


Ақшыл 

Тығыздылығы, кг/м

3

 

1027 



 

1  кестеде  көрсетілгендей  екі 

топ 

сиырларының 



сүттері 

органолептикалық 

көрсеткіштері 

жағынан  талаптарға  сай  болып 

келеді.  Консистенциясы  біркелкі, 

сұйық,  сүтте  ешқандай  тұнба 

немесе  бөгде  заттар  байқалмайды. 

Сүтте  бөгде  иістер  жоқ,  иісі 

жағымды, 

таза. 


Түсі 

ақшыл. 


Тығыздылығы 1027 кг/м

3

.  



Сүттің химиялық құрамы мен 

сапалық  көрсеткіштерін  зерттеу 

арқылы  сиыр  ағзасындағы  пайда 

болған  өзгерістерді  дер  кезінде 

анықтаумен 

қатар 


уақытылы 

қабылданған  шаралардан  болатын 

жақсартуларды  айқындауға  көмек 

береді.  2  кестеде  сүттің  сапалық 

көрсеткіштері 

көрсетілген

.  

 


 

2 кесте – Сүттің сапалық көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер 



Қышқылдылығы, 

о

Т 



16-18 

Тазалық тобы, топ 

Бактериямен ластануы, мың/см



3

 

288 



Температурасы, 

о

С  



8-10 

 



кестедегі 

мәліметтер 

бойынша  екі  тұқым  сиырларының 

сүт 


қышқыл-дығы 

16-18


о

Т, 


бактерия  ластануы  288  мың/см

дейін. Яғни голштин және қара-ала 



тұқым  сиырлары  сүтін  жоғары 

сұрыпқа жатқызуға болады. 

Голштин 

тұқымы 


мен 

жергілікті 

 

қара-ала 



тұқымы 

бойынша жоғары бу-ында үлесі бар 

жануарлардан 

алынған 


сүттің 

физикалық-химиялық 

көрсеткіш-

тері  жақсы  болады  және  де 

дайындалатын  сүтке  қойылатын 

талаптар  МЕСТ  нормаларының 

талаптарына  толығымен  жауап 

береді. 


3  кестеде  тәжірибелік  және 

бақылау  тобы  сиырларының  жыл 

мезгілдеріне 

байланысты 

сүт 

өнімділіктері 



және 

сүтінің 


химиялық құрамы көрсетілген. 

 

3  кесте  -  Қара-ала  және  голштин  тұқымы  сиырлары  сүтінің  химиялық 



құ-рамы 

 

Жыл 



мезгілдері 

Орташа 


сүттілігі, кг 

Майлылығы, 

Ақуыз,  


Құрғақ зат, 

Лактоза, 



Голштин тұқым сиырлары 

Күз 

6102 


3,48 

3,50 


14,36 

4,60 


Қыс 

5884 


3,60 

3,60 


14,49 

4,86 


Көктем 

7486 


3,40 

3,40 


12,80 

4,50 


Жаз 

8164 


3,25 

3,30 


13,80 

4,70 


Қара-ала тұқым сиырлары 

Күз 


5386 

3,41 


3,30 

14,33 


4,53 

Қыс 


4160 

3,50 


3,50 

12,39 


4,39 

Көктем 


6047 

3,34 


3,20 

10,80 


4,10 

Жаз 


6827 

3,10 


2,80 

13,10 


4,40 

 

 



3  кестеде  берілген  мәліметтерден 

голштин  тұқым  сиырларының  сүт 

өнім-ділігі,  сүтінің  майлылығы, 

ақуыз  мөлшері,  құрғақ  зат  және 

лактоза  үлесі  бойын-ша  қара-ала 

тұқым 


сиырларына 

қарағанда 

артық болды. Екі топ сиырларының 

өнімділігі  жаз  айларында  жоғары 

көрсеткішке  ие  болды.  Бірақ 

химиялық  құра-мы,  майлылығы 

бойынша  ең  сапалы  сүт  қыс 

айларында өндірілді.   



 

кестеде 



көрсетілген 

тәжірибелік  топ  пен  бақылау 

топтары 

арасындағы 

сүт 

өнімділіктерінің  айырмашылығын 



төмендегі  суретте  салыстырмалы 

түрде келтірілген (1 сурет). 

 

 

 



1 сурет - Қара-ала және голштин тұқым сиырларының сүт өнімділігі 

 

 



Графикте  келтірілген  көрсеткіштер 

бойынша  ең  көп  сүт  жаз,  ал  ең  аз 

сүт 

қыс 


айларында 

алынған. 

Голштин  тұқым  сиырларының  сүт 

өнімділігі 

қара-ала 

тұқым 


сиырларына 

қарағанда 

жаз 

айларында  19,6%,  күзде  13,4%, 



көктемде 23,8%  және қыста 41,4% 

жоғары 


болды. 

 

  



2  сурет  -  Қара-ала  және  голштин  тұқым  сиырлары  сүтінің 

майлылығының өзгеруі 

 

Келтірілген  график  бойынша 



голштин  тұқымы  сиырларының 

майлылығы 

 

қара-ала 



тұқым 

сиырларына 

қарағанда 

жоғары 


болғанын көруге болады. Екі топта 

да  ең  төменгі    майлылығы  жаз 



3,41

3,5

3,34

3,1

3,48

3,6

3,4

3,25

КҮЗ


ҚЫС

КӨКТЕМ


ЖАЗ

голштин


қара-ала 

айларында болған, ал ең жоғарғысы 

қыс 


айларында. 

Голштин 


сиырларының  қыс  мерзіміндегі 

сүтінің  майлылығы  3,60%  болса, 

қара-ала  сиыр  сүтінде  майлылығы 

3,50%.  


3  суретте  бақылау  тобы  мен 

тәжірибелік тобы сиырлары сүтінің 

құрамын-дағы  ақуыздың  мөлшері 

көрсетілген.  

 

3  сурет  -  Қара-ала  және 



голштин тұқым сиырлары сүтіндегі 

ақуыз мөлше-рінің өзгеруі 

3  суретте  2  топ  сиырлары 

сүттерін 

салыстырғанда, 

сиырлардың  ақуыз  мөлшері  жыл 

мезгілдеріне  сай  күз  бен  жазда 

төмендеп,  қыс  пен  көктемде  жоға-

рылайтынын 

көруге 


болады. 

Голштин  сиырларының  сүтінде 

ақуыз  мөлшері  қара-ала  сиырлары 

сүтіне қарағанда жоғары болды. 

 

Тұжырым 

 

Сиырлардың сүт өнімділігінің деңгейі шаруашылықта қолдану мерзімі 

және  қайта  өндіргіш  қабілеттілігі  көбінде  олардың  өнімділік  сапаларына 

тәуел-ді  болатыны  белгілі.  Сондықтан  малдың  өнімділігін  зерттеу 

шаруашылық-тарды  теориялық  және  практикалық  маңызы  жағынан  үлкен 

орын  алады,  сонымен  қатар  тәжірибе  жұмысында  ең  алдымен  тиісті 

сиырлардың өнімділік көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.  

Осыған байланысты біздің жүргізілген тәжірибеміз бойынша мынадай 

мәліметтер  алынды.  Асыл  тұқымды  голштин  сиырларының  сүт  өнімділігі 

жер-гілікті  қара-ала  тұқым  сиырларына  қарағанда  жаз  айларында  19,6%, 

күзде  13,4%,  көктемде  23,8%    және  қыста  41,4%  жоғары  болды.  Яғни  жыл 

бойы төрт мезгілі бойынша голштин тұқым сиырларының өнімділігі жоғары 

деңгейде бол-ды. 

Сондықтан  голштин  сиырларына  тиісті  азықтандыру,  күтіп-бағу  және 

асылдандыру іс шараларын талаптарға сәйкес жүргізуді жалғастыру қажет. 

3,3

3,5

3,2

2,8

3,5

3,6

3,4

3,3

КҮЗ


ҚЫС

КӨКТЕМ


ЖАЗ

голштин


қара-ала 

 

 

 Әдебиеттер тізімі 

 

1  «Қазақстан  Республикасының  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту 



жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» (Агробизнес-2020 ) 

2  Мақажанова  Х.Х.,  Төлемісова  Ж.К.,  Есқалиева  Г.А.,  Адманова  Г.Б. 

Мал кешендерінен бөлініп алынған сүт қышқылы бактериялары және оларды 

сүт өнімдеріне пайдалану // Жаршы. - № 4. – 2003, 45 б.  

3  Садуакасов  М.  Сиыр  сүтінің  химиялық  құрамы,  бактерицидтік  және 

ферментативтік қасиеттері / М. Садуакасов, Г. С. Сейтжаппарова, Ж. Б. Жа-

рылкасын // Молодой ученый. - 2015. - №8.1. - С. 8-10. 

4  Мартынова  Е.Н.,  Ачкасова  Е.В.,  Дултаева  И.Ф.  Влияние  сезона  года 

на  молочную  продуктивность,  химический  состав  и  технологические 

свойства  молока  коров  черно-пестрой  породы  //  Ученые  записки  Казанской 

Государст-венной  Академии  ветеринарной  медицины  им.  Н.Э.  Баумана.-

2014-№ 3.-С. 7-9. 

5 Simona Baul, Ludovic-Toma Cziszter, Stelian Acatincai, Dinu Gavojdian, 

Silvia Erina, Adela Marcu, Genoveva Buzamat, Gabriel George Rаducan. Seasonal 

Influences on Milk Yield and Composition Dynamics during a Normal Lactation in 

Dairy  Cows:  Milk  Yield,  Fat  and  Protein  Precentage  //  Baul  S.  et  al./Scientific 

Papers: Animal Science and Biotechnologies, 2014, 47 (1), p.260-265. 

6 Mahmut Cinar, Ugur Serbester, Ayhan Ceyhan, Murat Gorgulu. Effect of 

somatic cell count on milk yield and composition of first and second lactation dairy 

cows // Italian Journal of Animal Science 2015; volume 14:3646, p. 105-108 

7  Beata  Sitkowska1  ,Dariusz  Piwczyński.  Impact  of  successive  lactation, 

year, season of calving and test milking on cows’ milk performance of the Polish 

Holstein-Friesian  Black-and-Whitebreed  //  Journal  of  Central  European 

Agriculture, 2011, 12 (2), p.283-293. 

8 Берегова И.В. Лето без кислого молока/ Молочная промышленность. 

- №6, 2012. - Б 72. 

9  Шувариков  А.С.  Еще  раз  о  термоустойчивости  молока/  Молочная 

про-мышленность. №5, 2006.- Б 40-42 

10  Каримов  Ж.К,  Даленов  Ш.Д.,  Найманов  Д.Қ.,  Жазылбеков  Н.  Ірі 

қара шаруашылығы // Алматы. Триумф Т. 2001. - 289 б. 

 

Резюме 

В  условиях  ТОО  агрофирма  «Родина»  были  проведены  исследования 

сезонного  изменения  качества  и  количества  молока.    Объектами 

исследования  были  коровы  голштинской  и  черно-пестрой  пород. 

Подопытной  группой  были  выбраны  коровы  голштинсокй  породы. 

Полученные  результаты  исследования  показывают,  что  от  коров 

голштинской породы во все времена года было получено больше молока, по 

сравнению с черно-пестрыми. Качество молока было лучше в зимний период, 

а большее количество молока было получено в летние и весенние месяцы. 

 


Summary 

 

The  article  presents  the  results  of  studies  of  milk  production,  chemical 



composition  of  the  milk  of  cows  of  Holstein  breed  and  black-and-white  breed 

depending  on  the  season.  The  studies  were  conducted  throughout  two  successive 

years (2014-2015) on milk samples collected from the cows of two breeds, i.e. of 

holstein breed and black-and-white breed. The amount of milk  was the lowest of 

the  cows which calved in winter. Highest initial quantity of milk was achieved by 

cows  which  calved  in  summer.  The  percentage  of  fat  in  milk  was  lower  of  those 

cows  which  calved  in  summer  and  spring  and  the  highest  value  of  fat  in  milk  of 

those cows who that calved in winter. 



 

 

 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет